Біз көбінде Алланың берген мүмкіндіктерін дұрыс бағаламаймыз. Оның сыйлығының бірі – бізге жіберетін, адамдары болуы мүмкін. Кейбір адамдармен тиісінше қарым-қатынас ұстай алмадық, соның кесірінен, мүкін, қазір қиналып жүрген шығармыз? Құдай бізге өмірімізді өзгертуге мүмкіндік береді. Адамдар арқылы. Сол мүмкіндікті жіберіп алмаудың жалғыз жолы – адамдарға зейін қою. Әр кездескен адам біздің өмірлік
жолдасымыз болмайды. Бірақ бұл кездескен адамды «бір
күндік таныс» деп назарсыз қалдыру керек дегенді біл-
дірмесе керек. Өмір бір кездестірген адаммен жолыңды
тағы да түйістіреді. Сол кезде оған көңіл қойғаның қан-
шалықты дұрыс болғанын түсінесің.
Егер берілген мүмкіндіктерді дұрыс пайдалансаң,
сенің әр танысың керек адамға айналады. «Алты алақан
теориясы» («Теория шести рукопожатий») деген тео-
рияны білетін боларсың. Дүние жүзіндегі әр адам бірі-
мен-бірі таныс болып шығады. Ешқашан мән бермеген
әріптесің, танысың, өміріңді өзгертіп жіберетін адаммен
таныстыруы мүмкін.
Бұл орайда Билл Клинтонның әдісі назар аударар-
лық. Оксфордта студент кезінде ол университетті бітіріп
жатқан Джефри Стэмпспен танысады. «Джеф, мұнда
немен айналысасың?», – деп сұрайды. «Пемброк кол-
леджінде оқимын», «Пемброк» деп жазып қояды. «Қан-
дай мамандықта? Оған дейін не істедің?», – деп сұрақ
үстіне сұрақ жаудырады және жауапты жазып қояды.
«Неге оның бәрін жазып жатырсың?»,
– деп сұраған жаңа
танысына болашақ президент: «Арканзастың губернато-
ры болғалы жүрмін. Сондықтан өзім танысқан адамдар
дың бәрі туралы ақпаратты тізіп жүрмін», – деген екен.
Жүйе деген керемет нәрсе. Өміріңнің барлық саласына
қатысты болмаса да, кейбір саласына қатысты тізімдер
жасап отыру аса маңызды.