VII ТАРАУ
ДАМУДЫҢ
ТЕГІН ЖОЛДАРЫ
170
САПАЛЫ АДАМНАН САПАЛЫ
ӨНІМ ШЫҒАДЫ
Жазган кітабымның да, әр адамның өмір сүруінің
де мақсаты – соңынан із қалдыру. Ол үшін
бәріміздің де сапалы өнім шыгарып, саналы әрекет жа-
сағымыз келеді және бұл дұрыс-ақ. Себебі адам өмірі
сапалы болмаса, ол ешқашан да сапалы өнім шыгара ал-
майды. Жақсы киінбейтін, пайдалы тағам жемейтін,
салауатты өмір салтын ұстанбайтын адам дұрыс өнім
шығармайды. Жақсы тамақ ішкен адам – жақсы жұ-
мыс істейді деп бекер айтпайды ғой. Қазіргі таңда тұр-
мыстық жағдайың жақсы болса, сенің сыртқы әлеммен
бөлісетін энергияң да сондай жақсы.
Біреумен келісімшарт жасасқанда, жұмысқа қабыл-
дағанда, адамның сырт келбетіне, киген киіміне, қолын-
дағы ұялы телефонына назар аударамын. Себебі, өмірін
сапалы қыла алмаған адам, менің жұмысымды жақсы,
жоғары деңгейде жасайтынына сенімді емеспін. Көлігі
кір бола тұра, мейрамханамның ішін таза ұстайтынына
кім кепіл? Адам қандай болса, оның кәсібі де, істеп жүр-
ген жұмысы да дәл сондай.
«Rumi»-ді ашпай тұрып, қарызға белшемнен батып
жүрсем де, сапалы мейрамханаларға барып, дәмді тағам
жейтінмін. Қарызға ақша алып, сол мейрамханада қалды-
рып кетемін. Бірде інім Дархан мырза менің досыммен
мейрамханада отырғанымды көріп қалып: «Қарыздары-
мыз бастан асады, бизнесіміз жүрмей жатыр, сен болсаң
мейрамханада отырсың», – деп ұрысқаны есімде. Бірақ,
сол уақыттағы осындай әрекеттерім мені осы дәрежеге
көтерді ғой.
Адамдарға осыны жеткізгім келеді. Олардың қателі-
гі, өзін емес, жұмысын немесе бизнесін бірінші орынға
қоюы. Бірақ жұмыс істейтін, кәсіпті дамытатын өзі емес
пе? Сол себепті, өзімізге көңіл бөлуіміз керек. Кітаптың
басынан-аяғына дейін жазып, сенімен бөліскен тәжіри-
бем мені осы деңгейге көтерді. Сапалы адам жақсы нәти-
же көрсете алады, жеңіске де жетеді, жақсы ақша да таба-
ды, егер өзін жеңе білсе, оқыса, дамыса, өзін және өзінің
өмірінің сапасын жақсартса ғана.
172
Достарыңызбен бөлісу: |