160
мейтінін ұмытпайық. Үлкенге де, кішіге де өзің хабарла-
сып отыратын адам болсаң, адамдардың жаңалықтарын
біліп отырасың және қажет
кезде бір-бірімен жалғап,
әлеуметтік байланыстардың орталығында боласың.
Өзіңе қандай да бір қызмет, тауар, не ақпарат керек кезде
кімге қоңырау шалсам деп те қиналмайсың.
Қандай кеңес бере алам? Күніне бес қоңырау жасауды
әдетке айналдыру. Телефонындағы «Контактілер» деген
бөлімшені ашта, күніне бес қоңырау жаса. Ешқандай
себепсіз, ешқандай есепсіз. Ертесіне тағы да бес қоңы-
рау. Солайша, таныстарыңның шеңберін арттырып қана
қоймайсың, оның сапасын да арттырасың. Ал өзгелерге
хабарласу, күнделікті шаруаның бөлігіне айналады.
Көп адаммен байланыста болудың артықшылығын
әлеуметтану ғылымы да дәлелдеген. Роберд Уолдин-
гердің жиырма миллион рет қаралған «Жақсы өмір сүру
үшін не керек?» (What makes a good life? Lessons from
the longest study on happiness) деген дәрісі бар. Сонда
әлеуметтанушы ғажайып қорытындыға келеді. Бірақ
алдымен ол әңгімелейтін зерттеудің өзі туралы.
Америка ғалымдары 75 жыл бойы 724
адамның өмірін
бақылаған екен. Бала күндерінен жыл сайын олардың
жұмысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы, т.б. жайында
ақпар тіркеп отырады. Кедейлеу және ауқаттырақ
аудандардан шыққан 724 адамның ішінде бірнеше
президент,
Нобель сыйлығының иегері, бизнесмен,
Голливуд жұлдызы және басқа да түрлі адамдар бар
екен. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен және ұзақ
әлеуметтік зерттеу десе де орынды. Сонда олардың
жасаған қорытындысы, адамды бақытты қылатын ақша
емес екен. Атақ та емес екен. Билік те емес екен. Адамды
бақытты қылатын – адамдармен қарым-қатынас сапасы.
Әлеуметтік өмірі неғұрлым оңды болса,
сол адамның
денсаулығы мықты келеді және ұзақ жасайды екен. Ал
жалғыздықтан жапа шегетін адамдар ауруға да бейім
келіп, дүниеден ертерек өтеді екен. Ал, осыдан кейін
коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа шығарасың?