166
етеді. Оларды қолға алу үшін бастамашыл, проактив
болу керек. Тасбақаның сауытынан шығу керек.
Маңызды істер кейде жедел болмауы мүмкін, бірақ
бұл олардың маңыздылығын жоймайды. Мысалы,
өмір-
лік миссияны анықтау, ұзақ мерзімді жоспар құру,
адамдармен қарым-қатынасымызды түзеу... Бұл жедел
болып көрінбегендіктен, көп адамдар олар туралы ұмы-
тып кетеді де, соның зардабын тартады.
Құрбандыққа дайын болу. Әрине,
баланс ұстағанға
не жетсін! Жеке өмірің мен карьеранды, той-думан мен
интеллектуалдық жетілуіңді, т.с.с. қатар алып жүруге ты-
рысу керек. Өйткені бәрі маңызды. Құрбыларыңмен кофе
ішу, достарыңмен көңіл көтеру – ол да маңызды.
Өйткені
адам бақытының 85 пайызы оның өзгелермен қарым-қа-
тынасының сапасына байланысты. Достық та адам үшін
маңызды. Достықты сақтап тұру үшін де күш керек,
уақыт керек, жауапкершілік керек.
Бірақ маңызды нәрсе мен ең маңызды нәрсенің ара-
сында да айырмашылық бар. Егер сенің өмірлік мис-
сияңа жетелейтін жол мен достарыңмен кездесу тұрса,
біріншісін таңдаған орынды.
Приоритет болуы керек,
приоритеттің шекарасынан шығатын нәрселердің бәрі-
не сыпайы, батыл түрде, жымиып тұрып «жоқ» деп айта
білу керек.
Мысалы, Мұхтар Мағауин – жазушы. Ол өзінің өмір-
лік миссиясын қазақ халқына қызмет ету деп санайды.
Ол осы жолда белгілі құрбандықтарға да әзір. Ол өзі жа-
затындай, тойларға бармайды, құда-жекжат «бір
шәугім
шайға» келгенде кабинетінен шықпай жұмыс істейді, ба-
лаларды шулатқызбайды... Қазақ үшін бұл қаншалықты
қиын болуы мүмкін? «Бір түрлі» дейтін шығарсыз? Ал
осының бәрі болмағанда, біз «Аласапарынды» білмес
едік, «Шақан Шері» мен «Сары қазақты», «Шыңғыс хан-
ды» сүйсіне оқымас едік. Бүкіл халықтың ұлттық таны-
мын кеңейтіп, ұлттық мақтанышын оятатын шығармалар
маңызды ма, жазушының құдағиының көңілі маңызды
ма? Айналасының бәрі біледі, ол – ерекше адам. Және
оның ережелерімен санасады. Өзінің уақытын,
өзгенің
уақытын бағалайтын қоғам, осындай адамдар көп болған-
да қалыптасады.
Бірақ Мағауин ғана емес, сен де ерекше адамсың.
Мейлі, сенде ондай жазушылық талант жоқ. Бірақ сенде
басқа қабілет бар ғой. Сенің де өмірлік миссияң бар. Неге
ол өзгелердің жай ғана бос уақытын өткізу үшін құрбан
болып кетуі керек?
Достарыңызбен бөлісу: