мейтінін түсіндім. Бұл менің энергиямды соратын еді.
Ал сен айтарлықтай бірдеңе жасағың келгенде, күшті
үнемдеу керек. Үлкен спортқа қара. Бірінші болу үшін әр
қимыл маңызды. Рационалды,
нәтижеге жұмыс істейтін
кәсіпкермін. Мақсатыма жету үшін өзіме ұнамайтын нәр-
селерді істеуге, тіпті жақсы көріп кетуге көндіретінмін.
Алайда қазір түсіндім. Менің бизнесім үшін бұл деңгей-
де басқа, жақсырақ шешім бар».
Приоритет қоя білу. Брайан Трейси «Оставьте брезг-
ливость, съешьте лягушку!» деген кітабында эффективті
жұмыс істеудің заңдылығын бүге-шігесіне дейін баян-
дады. Кітаптың сығындысы мынау: ұсақ-түйекке алдан-
ба,
ең қиыны, ең қорқыныштысы болса да, ең маңызды
істі бірінші бітір. Ол ең күрделі, ұнамсыз болуы мүмкін,
бірақ егер
оған бірінші кіріспесең, ешқашан кіріспейсің.
«Құрбақаны» желкесінен алмасаң, күнделікті күйбеңге
алданып өмірің өтіп кетуі де ықтимал. Біздің алдымызда
өте көп мақсаттар бар, істейтін жұмысымыз да көп. Бірақ
приоритет деген болу керек.
Қайсысы сенің болашағыңа,
арғы, түпкі мақсатқа неғұрлым жақындатады? Содан
баста. Ұсақ-түйекке алтын уақытты қор қылма.
Достарыңызбен бөлісу: