Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет79/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

Рухани интеллект. Шамиль Аляутдинов айтқан «ру- 
хани білім» туралы айтуға құқылымын деп ойламаймын. 
Дін туралы қай деңгейде ізденуді әркім өзі шешсін. «Ру- 
хани білім» дегенді мен басқаша түсінемін. Бұл – өзіңнің 
рухыңды, ішкі ойлау жүйеңді басқара алу. Бұл дегенің 
өте көп ұғымды сыйдырады. Ол – позитив ойлау, өз ойы 
мен ісі үшін жауапкершілік ала білу, өзіне және Құдайға 
деген сенім, т.б. 


192
Біртіндеп баяндайын. 
Позитив. Кез келген тұлғаның өзін дамыту тренингі- 
не барсаң, позитивті ойлаудың қажеттілігі туралы айта- 
ды. Өйткені, ең күшті материя – адамның ойы. Ал ойың- 
ды өзің ғана түзей аласың. Демек, сен өзгермей ештеңе 
өзгермейді. Жалғыз проблема – өзіңсің. Жалғыз шешім 
де өзіңсің. Мысалы, «Лада Калинаға» мініп алып, жол 
ережесін сақтамайтын адамдар, өздерінде осындай көлік 
болған соң жолды кесіп өтеді. Олар жолда тәртіп сақта- 
майтындықтан, сондай көлік мінеді. Ең алдымен адам 
ның ойын өзгерту керек. Егер ойлау жүйеңді өзгертсең, 
бәрі өзгереді. Ой тағдырыңызды жасайды. Стивен Кови 
мұны парадигма дейді. Осы парадигма, демек өмірге де- 
ген қатынасың, ішкі мотивің позитив болу керек. 
Хэл Элродтың бестселлерге айналған «Магия утра. 
Как первый час дня определяет ваш успех» (The Miracle 
Morning. The NotSoObvious Secret Guaranteed to Trans- 
form Your Life) деген кітабы бар. Талай адамға ұсындым, 
оқығандардың ішінде ұнамады дегені болған жоқ. Сол 
Элродтың қайталайтын бір қағидасы: «Күнде таңертең 
өзіңізге позитивті көңіл күй белгілеңіз» дейді. «Бүгін 
жоспарымның бәрі орындалады», «Уақытқа баймын». 
Осылай позитивті ұйғарымдарды жиі-жиі қайталай беру 
керек. Бұл бір сектанттардың әрекеті сияқты көрінуі 
мүмкін, бірақ өзін дәлелдеген әдіс. 
Психосоматикалық медицинаның негізін қалаған 
француз психологі Куэнiң жеңісі сол – ол пациенттерін 
күн сайын «Мен күн сайын жақсы болып барамын» деп 
айтуға мәжбүрлейді екен. Нәтижесінде шынында да 
олардың жағдайы жақсарады. Плацебо эффектісі дегенді 
бәріміз білеміз. «Сауығып кетемін» деп сеніп ішкен адам 
іші қуыс «дәріден» де айығып кетеді. Ең басты шарт, 
адамның сол «дәрінің» пайдалы екеніне сенуі ғана. Енді 
мынаған қара. Кейде кәсіби медицина жаза алмаған 
дертті емделушінің өзі сеніп барған балгерлер емдеп 
жібереді. Мұнда да көбіне емдеуші емес, емделушінің 
ойы маңыздырақ. 


Осының бәрі – 1882 жылдан 1910 жылға дейін 
Францияның Труа деген қаласындағы кішкентай 
дәріханада жұмыс істеген Эмиль Куэнiң анықтағаны. Ол 
адамның санасы, дәлірегі, бейсанасының қаншалықты 
ықпалды екенін шегелеп кетті. «Мен жетемін!» деп 
қайталаған адамның дегеніне жетпеген жерін көргем 
жоқ» дейді ол. «Қай істі бастағанда да қолыңыздан 
келетініне сеніңіз, сонда жартылай дегеніме жеттім деп 
есептей берсеңіз болады». АҚШ-тың 32-президент 
Теодор Рузвельттің сөзі . 
Брайан Трейси айтады: «Өмірдің ең маңызды саба- 
ғы – ол сіздің қаламайтын дүниеңіз туралы айтпау және 
ойламау». Тек қана саған керек, өзің қалайтын дүниені 
айт. Мүмкін, қазір ауылда шығарсың, бірақ Астанада 
тұрғың келетін шығар. «Астанада тұрамын» де. «Ауылда 
тұрмаймын» деме. «Болмай қалса...» емес, «болып кетсе» 
дегенге дайын бол. Нейромаркетинг данышпандары 
«болымсыз шақта сөйлеуге тыйым салады. Темекі 
шекпеңіз», «Дәретхана қағазын тастамаңыз» деген 
ескертпелерге қарашы. Кішкентай балаға «балшықты 
баспа» деген сайын басады емес пе? Сондықтан 
да «Rumi»-дің дәретханаларына «Бұл дәретхананы 
кішкентай балалар да пайдаланады» деген жазу қойдық. 
Меніңше, бұл «Не курить, не сорить» дегеннен гөрі жақ- 
сырақ әсер етеді. «Ма», «ме» болымсыз жалғауымен 
берілген тапсырманың ешқашан орындалмайтынын та- 
рих та, психология да көрсетіп отыр. Яғни, тілекті де бо- 
лымсыз жалғаумен айтудан тартын. 
Позитивті сөйле, өмірдің өзі позитивті нәтижелерді 
көбірек ұсынады. Мұны Американың ең ауқатты бес 
жүз адамының өмірбаянын сараптаған Наполеон Хилл
64
да дәлелдеді. Бернард Шоу: «Адамдардың көпшілігі 
жан-жағына қарайды да, «неге?» деп сұрайды. Мен жан- 
жағыма қараймын да, «неге болмасқа?» деймін. Бұл 
дүние мүмкіндіктерге толы. Әр минутта жаңа мүмкіндік 
сен тосып тұр, әр қадам жаңа мүмкіндіктерді ашады. 
____________ 
64
Наполеон Хилл – америкалык жазушы, журналист, психолог. 


194
Заманауи әлеуметтік зерттеушілердің бірі, композитор 
Бенджамин Зандер Тед лекциясын бергенде (The transfor- 
mative power of classical music) мынадай нәрсе айтады. 
XX ғасырдың басында Британиянын аяқ киім шығарушы 
екі компаниясының өкілі Африкаға барыпты. Нарықты 
кеңейткісі келіп, экспортқа шығара алатын жаңа аландар 
іздеген ғой. Бір аптадан кейін бірінші саудагер Манчес- 
терге телеграмма жолдайды, «Келгенім бекер болыпты. 
Мұнда аяқ киім сата алмаймыз, Африкада адамдар мүлде 
аяқ киім кимейді екен» дейді. Дәл соның ізін ала, екін- 
ші өкілі жеделхат жіберіпті: «Ғажай! Шексіз мүмкіндік- 
тер! Африкада екiм әлі аяқ киім кимейді екен!». Қарап 
отырсаңыз, екеуінікі де дұрыс. Мүмкіндікті көргісі кел- 
ген адам оны көреді, ал көргісі келмеген адам кедергіні 
көреді. 
Осы (QR кодты сканерлеп, композитор Бенджамин 
Зандер Тед лекциясын көре аласың 
 
Экономист, XX ғасырдағы ең әйгілі менеджмент тео- 
ретигінің бірі Питер Друкер айтады: «Эффективті адам 
проблемаларды ойламайды, ол мүмкіндіктерді ойлайды. 
Олар мүмкіндіктерін суарып, проблемаларды шөлдетіп 
ұстайды. Мүмкіндіктерге зейін қойғанда проблемалар 
өздері-ақ қанша жөнеледі. Өйткені проблемалар мүмкін- 
діктерден қорқады». 
Өзінді өзгелер сыйлайтын, құлақ, асатын, пікірін баға- 
лайтын адаммын деп есептесең, уақыт өте келе шынында, 
да сондай адамға айналасың. Мүмкін, бәрі сен қалаған- 
дай емес, кедергілер көп шығар. Мүмкін, бүкіл дүние 
саған қарсы шыққандай сезімде болатын шығарсың. 


Бірақ өзіңді алда. Бәрі жақсы сияқты кейіп таныт. Сон- 
да бәрі жақсара түседі. Өмірді театр деп те, спорт деп те 
қарауға болады. Бірақ спорттан айырмашылығы – сенің 
жаттықтырушың өзің ғана. Сырттан біреу келіп көңіл 
күйіңді көтеріп бермейді. Өзіңе деген сенімді де өсірмей- 
ді. Өзің ғана осының бәріне жауаптысың. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет