Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет80/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

Oйды басқару. Виктор Франкл, концлагерьден өткен 
әйгілі психиатр, былай дейді: «Адамнан бәрін тартып 
алуға болады, оның еркінен басқа». Адамды түрмеге қа- 
мап қоюға болады. Бірақ түрмедегі өмірді қалай қабыл- 
дайтынын басқара алмайсыз. Оны өлтіруге де болады. 
Бірақ өлімге қатысты пікірімен ұстанымын тартып ала 
алмайсыз. Кез келген жағдайда оны қалай қабылдауды 
таңдай аламыз. Және бұл – түпкі еркіндік. Әлем сіздің 
ғана қарым-қатынасыңызбен өлшенеді. 
Бұл шындығында тым жаңа түсінік емес. Сократ пен 
оның ізбасарлары қалаған философиялық мектеп, «адам 
өзін тани алады, өзінің сенімдері мен құндылықтарын 
өлшей алады» дейді. Және «адам өзін өзгерте алады, 
өзінің сенімдерін өзгерте алады, демек эмоцияларын 
да өзгерте алады. Өйткені біздің эмоцияларымыз біздің 
сенімдерімізден туады». Тағы бір қағидасы: «адамдар са- 
налы түрде ойлау, сезіну мен әрекет етудің жаңа жолда- 
рын әдетке енгізе алады». Бұл адамды құдіретті болмаса 
да, қуатты жаратылысқа айналдырады. 
Ануар Садат, Мысырдың бұрынғы президенті, көп 
жылдар түрмеде отырды. Қол қусырып отырған жоқ, 
ойланды, кітап оқыды, рухани, психологиялық тұрғыда 
өзін қанаттандырды. Сонда ол мына ойға келіп тіреледі: 
«Өзінің ойлау жүйесін өзгерте алмаған адам, басқа еш 
нәрсені өзгерте алмайды, демек, прогреске ешқашан жет- 
пейді». Осы ойды түсініп, түйгеннен кейін, ол түрмеден 
шықты да, біраз жылдан кейін президент болды. Мысыр 
дың саясатын өзгертті. 
Екі адамның қайсысы көбірек жеңіске жетеді? Көбірек 
талаптанған адам. Көбірек жеңіс туралы ойлап, көбірек 
соны қалаған адам оған көбірек күш жұмсайтыны да 
анық. Бәрі ойдан басталады. 


196
Сен қазір кімсің? Оған өзің ғана жауаптысың. Егер 
анау бір кітапты оқымасаң, ана бір адамға анау бір сөзді 
айтпасаң, анау жерде анау күні болмасаң, сен осы адам 
болмас едің. Салдар әр түрлі болуы мүмкін, себеп – өзің 
ғана. Өзіңді, өз қарым-қатынасыңды өзгертсең, болашақ 
басқа бір салдарға әкелуі мүмкін. Мүмкін ғана емес, 
әкелетіні анық та. Осы жерде өте маңызды концепцияға 
келіп тоқтаймыз. Ол – жауапкершілік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет