Екінші болма



Pdf көрінісі
бет113/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127
ТІЗІМНІҢ  «ҚҰДІРЕТІ».  Мысалы,  сен  ақшаны  көп  жұмсайтын
адамсың делік. Онда сатып алған заттарыңның бəрін ерінбей тізіп отыруды
əдетке айналдыр. Бір апта, бір ай, бір жыл бойы жасаған тізімге қарағанда,
қанша  ақшаны  қажет  емес  заттарға  жұмсағаныңды  білетін  боласың.
Болмаса  қанша  тəтті  жегеніңді  тізіп  отыр.  Қанша  калорияны  артық
тұтынып  қойғаныңды,  қанша  қантпен  ағзаңды  улағаныңды  есептеу  оңай
болады. Үздіксіз жалғасқан тізімдердің арқасында адам кішкентай əрекетін
үлкенірек  контексте  көре  алады  жəне  сəйкесінше,  оның  нəтижелерін  де
бағалай алады.
Мысалы, қазір танымал бола бастаған «кроссфит» деген қозғалыс бар.
Белгілі  бір  уақыт  үзігінде  адамдар  қандай  физикалық  жаттығулар
жасағанын тізіп отырады.
Онысы басқаларға да көрініп тұратындықтан, адам өзін-өзі шыңдауға,
кешегісінен  бүгін  артық  болуға  тырысады.  Бұл  –  басқамен  емес,  алдымен
өзіңмен  жарысу.  Əрбір  кішкентай  жеңіс  адамның  бойындағы  эндорфинді
көтеріп  жібереді.  Егер  жиі-жиі  осы  эндорфиннің  көтерілгенін  сезінсең,
оған  бой  үйретіп  қаласың.  Келесі  кішкентай  жеңіске  бейсаналы  түрде
ұмтыласың.
Бұл  жəне  бүгін  ойлап  тапқан  əдіс  емес.  Ежелгі  грек  философтары
«һupomnemata»  деп  аталатын  журнал  жүргізіп  отыратын  болған.  «Бүгін
қандай жамандықтан өзімді сақтадым? Бүгін қандай жақсылық жасадым?»
деп  есеп  берудің  арқасында,  өздері  сіңірген  философиялық  ойлардың
өмірде де пайдаланылып жатқанын қадағалайды екен.
«Как  работать  по  4  часа  в  неделю,  не  торча  в  офисе  от  звонка  до
звонка»  (The  4Hour  WorkWeek)  кітабының  авторы,  америкалық  шешен
жəне  бизнес  кеңесші  Тимоти  Феррис  –  өзін  бақылаудың  сөзсіз  чемпионы.
Ол  өзін  лайфхакер  деп  атайды:  барынша  аз  күш  жұмсап,  дене  салмағын
қалпында  сақтауды  мақсат  етеді.  Он  сегіз  жасынан  өз  нəтижелерін  тіркей
бастайды.  Соның  арқасында  қандай  режимде  ол  жақсырақ  ұйықтайды,
жақсырақ  тынығады,  азырақ  ауырады,  тезірек  жазылады…  соның  бəрін
анықтай  алатын  деңгейге  жетті.  Мұндағы  идея  –  өзіңді  тану  жəне  өзіңді
тану бойынша сарапшыға айналу.
Мүмкін,  сенің  негативке  байланып  қалатын  əдетің  бар  шығар.  Жюль
Еванс  «Өмірге  арналған  философия»  (Philosophy  for  Life  and  other
Dangerous  situations)  деген  кітабында  «Ризалық  күнделігі»  деп  атайтын
күнделік  жүргізуді  ұсынады.  Бұл  өмірдің  қараңғы  жақтарын  көруге  бейім


жандарға  өзін  өзгертуге  тамаша  мүмкіндік  дейді  ол.  Мысалы,  Марк
Аврелий  екі  мың  жыл  бұрын  «Медитация»  деген  кітап  жазды.  Онысы  тек
қана күн сайынғы алғыс еді. Қазіргі смартфондарда көңіл күйіңді, ішімдік
пайдалануыңды,  ұйықтауыңды,  диетаңды,  физикалық  жаттығуларыңды,
шығыстарың мен кірістеріңді, қысқасы өміріңнің кез келген аспектісін тізіп
отыратын  қосымшалар  толып  жатыр.  Өз  əдеттерің  мен  эмоцияларыңды
тізіп  отыру,  өз  өзіңе  есеп  беруге  жəне  өзіңді  тəртіпке  салуға  көмектесетін
жақсы құрал дер едім.
Жəне  əрине,  жеңістерді  де  тізіп  отыру  керек.  Темекі  шекпеуге  шешім
қабылдадың  ба,  оны  атап  өт.  Күн  сайын.  Қанша  уақыт  темекісіз  өмір
сүрсең, соншалықты өзіңе деген бағаң артады. Грек философы Эпиктет кез
келген  жаман  əдеттен  арылу  үшін  отыз  күн  керек  деген.  Тізім,  жасауға
күніне  ұйқыға  кетерде  уақыт  бөл.  Қажет  болса,  телефонға  ескертпе  орнат.
Бірақ  тізім  жасамайынша,  ұйқыға  кетпе.  Сократ  айтқан:  «Қандай  ас  ішіп,
қандай  жаттығу  жасағанын  үнемі  қадағалап  жүретін  адамға  дəргердің
керегі  жоқ».  Қысқасы,  тізім  жасау  өзіңді  жетілдіру  жолында  жүйелі
қадағалаудың құралы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет