Екінші болма



Pdf көрінісі
бет116/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127
алдында тұр.
Дегенмен,  бəрінен  бұрын,  саған  адамның  еркі  əлемдегі  ең  құдіретті
күш  екенін  айтқым  келді.  Лашықта  туған  шығарсың.  Бірақ  мəңгі  бақи
лашықта өтуің шарт емес. Қазір білімің шамалы болуы мүмкін. Бірақ өмір
бойы  сауатсыз  болып  өту  шарт  емес.  Мінезің  нашар  шығар.  Өмір  бойы
сондай «жексұрын» болып қалу маңдайға жазылмаған. Қазір денсаулығың
нашар  шығар.  Ешбір  диагноз  еңсерімсіз  емес.  Қаншалықты,  ауқатты,
білімді  тартымды,  табысты,  сау  боламын  деп  шешсең,  соншалықты
деңгейде көрінесің.


Мақсатты  бəрінен  бұрын  айтқан  себебім  –  мақсатсыз  адамның
бағдары  жоқ.  Мақсаты  жоқ  адамдар,  мақсаты  бар  адамдарға  қызмет
етеді.  Өз  арманыңды  орында.  Болмаса  өзгелердің  арманын  орындайсың.
Сен қызметші емес, қожайынсың. Əзірге банкте есепшотың, қарамағыңда
қызметкерлерің,  тіпті  жеке  баспанаң  мен  көлігің,  я  тіпті  дипломың
болмауы  мүмкін.  Бірақ  сенің  иелігіңде  бүкіл  дүниені  бағындыра  алатын
күш бар, ол – өзіңсің жəне сенің тағдырың. Өз тағдырыңның, өз өміріңнің
қожайыны  екенін  шын  мəнінде  сезінген  сəтте  саған  қанат  бітеді.
Кедергілердің бəрі оңай еңсеріледі.
Түсінемін,  адамдар  құлаудан  қорқуы  мүмкін.  Сол  үшін  де  қанатын
қомдап  ұшпайды.  Өзінің  межелерін  төмендетеді.  Мен  онымен  келісе
алмаймын.  Амбициялы  болу  керек.  Ашқарақ  болу  керек.  Көбірек  көруге,
көбірек
білуге,
дүниеден
көбірек
алуға.
Президент,
бизнесмен,
медиажұлдыз...  Нені  қаласаң  да,  қолыңнан  келеді.  Ешқандай  кедергі  жоқ.
«Жолым ашық» деп ойлаған адамның жолы расында ашылады.
Ұлы
істерге
лайық
сəтті
күтіп
жүр
ме
едің?
Ендеше
құттықтаймын.  Дəл  осы  сəт  –  сол  сəт.  Қазір  сен  жеңіске  жеткізетін
құрал-саймандардың бəрін қоржыныңа салдың. Енді тек қана алға жылжу
қалды.  Егер  өсуге,  білім  алуға  дайын  болсаң,  дүниедегі  ең  мінсіз
жаратылыссың.  Ең  биік  армандарға  жетесің.  Бəлкім,  күндердің  бір  күні
келіп,  маған  дəріс  оқып  кетерсің.  Сонда  өзімді  бақытты  сезінер  едім.
«Бөліс» дейтін философиямның жеміс бергенін көргенім үшін.
Бір  нəрсе  анық  болса,  ол  –  кемшіліктердің,  кедергінің  бəрін  жеңуге
болатыны.  Негізгі  мақсатым  –  сені  проблемаларға  шұқшиту  емес,
қайталанбас
қабілеттеріңмен,
болмысыңмен,
мінезіңмен
ерекше
жаратылыс, қазына екеніңе сендіру. Бірінші болуға лайық екеңіне сендіру.
Сондықтан... иə, екінші болма!».
Бұл  кітапты  оқып  шығып,  маған  алтын  уақытыңның  бір  бөлігін
арнағаның  үшін  үлкен  алғысымды  білдіремін.  Бəлкім,  болашақта
жолдарымыз  тоғысып  жатса,  осы  кітапты  маған  көрсетуді  ұмытпассың.
Қажетті жері сызылған, керек парағы қайырылған болса, мен тек қуанамын.
Себебі,  кітаптың  оқырман  кəдесіне  жарағаны,  ойға  алған  мақсатымның
ақталғаны, еңбегімнің зая кетпегендігі деп білемін.
Сонымен қатар, күн сайын жанымнан табылып, менімен бірге дамуға
мүдделі  болған,  менің  өзгеруімнің,  нəтижеге  жетуімнің  куəсі  болып  келе
жатқан  жақындарыма,  туыстарыма,  достарым  мен  қызметкерлеріме
шынайы  алғысымды  білдіремін.  Маған  алтын  уақыттарыңды  бөліп,  өз
өмірлеріңнен  орын  бергендерің,  ал  менің  жүрегімде  өздерің  ойып  алар


орын  алғандарың  үшін,  қолдап,  демегендерің  үшін,  сенім  артқандарың
үшін мың алғыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет