Екінші болма



Pdf көрінісі
бет44/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127
Біліктілік  иллюзиясы.  Кез  келген  үдерістің  сəтті  жүруіне  кедергі
болатын  күштер  бар.  Үйренуді  үйренудің  ең  үлкен  кедергісі  –  біліктілік
иллюзиясы.  Өзгеше  айтқанда,  «мен  білемін»  деп  ойлау.  Күнделікті  өмірде
байқалмағанымен,  жаһандану  салдары  ретінде  ақпарат  жылдамдығының
артуынан  көбіміз  осы  біліктілік  иллюзиясында  жүрміз.  Көбіміздің
компьютерімізде,  телефонымызда  не  өзге  электронды  құрылғыларымызда
жəне бұлтта кемінде бір-екі кітап сақтап қойғанбыз. «Мынау керек болады»
деген  оймен  талай  тренингтің  слайдтарын  немесе  кітаптардың  мұқабасын
фотоға  түсіріп  те  алдық.  Сол  электронды  нұсқаға  ауысқан  ақпарат  пен
ертеңінде  қолданыс  тапқан  ақпараттың  арасында  конверсия  (байланыс)
қаншалықты екен…
Кітап  оқып  отырған  кезде  де  ішінде  ұнаған  бөлігін  арнайы  маркер,
қарындаш  не  өзге  құралмен  белгілеп  қоямыз.  Түрлi-түсті  стикерлер  де
жапсырамыз.  Бұл  əрекеттер  осы  ақпарат  мен  үшін  маңызды  жəне  оны
есімде  сақтап  алдым  деген  жалған  сезім  сыйлайды.  Соның  себебінен  де
ертең ол қолданысқа түспейді. Сол күйі қалады. Өкінішке қарай, байқамай
өзімізді  өзіміз  осылай  алдап  жібереміз.  Ертең  қажет  болғанда  сол
ақпараттың  ешқайсысын  еске  түсіре  алмаймыз.  «Миымнан  шығып»  кетті
дейміз.
Теориялық  тұрғыда,  миымызға  кірген  кез  келген  ақпарат  ешқайда
кетпейді.  Ол  сол  жерде  қалады.  Тек  біз  оған  барар  «жолды»  таба  алмай
қаламыз.  Ұмыту  дегеніміз  –  ақпараттың  мидан  шығып  кетуі  емес,  ұзақ
мерзімді жадтың бір қуысында қалып қоюы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет