Тәрбие сағатының тақырыбы:«Ғарышқа сапар» Мақсаты: ғарыш туралы білімдерін кеңейту. Міндеті: 1.Ой өрістері мен ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту; 2.Шығармашылық қабілеттерін шыңдау,ғарышты бағындырғандар туралы білу; 3.Патриоттық тәрбие қалыптастыру,елін жерін сүюге тәрбиелеу. Ресурстар:жұлдыздар,арнайы тігілген костюмдар,зымыран макеті;жұлдыздар;глобус. Плакат, маркер,трубочки,тетрапакеттегі шырын,чупа-чупс ғарышкер,ойынға керекті заттар Әдіс:тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап, ойындар,сөзжұмбақ,құрастырмақ; Тәрбие сағатының барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі. -Көңілді музыкамен акт залына кіру. (Балалардың тіккен костюдарын таныстыру,дефиле жасау.) Мұғалім: -Сәлеметсіздерме,қымбатты балалар мен ата-аналар,ұстаздар! Балалар,тәрбиелік іс-шарамызды бастамас бұрын сіздерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/ Ұшқыш емес, бірақ ол Аспанда қалықтап ұшады Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/ Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз «Ғарышқа сапар»деп аталады. Бүгін 12-сәуір Ғарышкерлер күні екені естеріңде болар.Адам баласы осы күні ғарышты бағындырды. Аспан, аспан шайдай ашық, Жұлдыз, жұлдыз қандай қашық. Құс жолы, ғарыш көкке туған жерден Телмірем жандай ғашық. Қолға келіп қонса жұлдыз, Жанға серік болса жұлдыз. Ғарышқа қанат қақты самғап Туған жерден қаншама ұл-қыз,-деп ақын жырлаған