Екінші болма



Pdf көрінісі
бет40/127
Дата17.05.2022
өлшемі2,78 Mb.
#34727
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127
Үшіншіден, саған не ұнайтынын білу үшін алдымен істің дəмін татып
көру  керек  «Баунтидің»  жарнамасын  көріп  өстік,  сонда  теңіз  жағасында,
аппақ  құмның  үстіне  биік  пальмадан  үлкен  кокос  жаңғағы  құлап,
жарылатын.  Ішінен  сүттей  аппақ  сусын  төгіліп,  оны  сұлу  қыз  аузынан
ағызып  тұрып  ішетін.  Қарап  отырып  қызығасың.  Анау  кокос  жаңғағынан
ағытылған  сусын  сондай  тəтті  болып  елестейді:  құмарың  қанып,  тəбетің
тартады да тұрады.
Түркияда  оқып  жүргенімде  сол  кокос  сүтін  арнайы  алып  iштiм.  Дəмі
бір  түрлі.  Ұнамады.  Бірақ  ойладым,  кокостың  «кінəсі»  жоқ,  түріктер
тасымалдау кезінде бірдеңені бүлдірген ғой деп. Дубайға барғанда онда да
кокос сүтін көрдім. Шынында да, маған мүлде ұнамайтынын түсіндім. Сол
сияқты, кез келген істің де дəмін көрмей жатып ұнайды, ұнамайды деп айта
алмайсың.  Алманың  дəмі  жегенде  ғана  білінетіні  сияқты,  бір  нəрсенің
қолыннан келетінін, саған ұнайтынын тек жасап көргенде ғана білесің. Осы
этапта  əр  нəрсемен  шұғылдана  беруіміз,  əр  нəрсенің  басын  түрте  беруміз
керек.  Өйткені  басқаша  қолымыздан  не  келетінін,  бізге  не  ұнайтынын
білмейміз.  Сондықтан  бізге  жүктелген  міндет  –  іздену.  Егер  сені
қызықтыратын  сала  болса,  сол  бойынша  «HeadHunter»-ге  кіріп,  вакансия


іздеу,  айлығы  аз  болса  да  немесе  тегін  болса  да,  ол  жұмысты  істеп  көру.
Саған ұнайтын саланың майталмандарын тауып алып, оларға көмекші болу.
Ол  саланың  басын  түртіп  көре  салу  емес,  оның  сенің  қолыңнан
қаншалықты  келетінін  көру,  өзіңді  сынау.  Саған  нағыз  лайық,  сен  іздеген
ісің болса, осы салада қаласың, əрі қарай пісіп-жетілесің, ал сенікі болмаса,
салаңды ауыстырасың. Ұмытпа, бұл этаптағы сенің міндетің – іздену.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет