Екінші кітап Есте қалғандар


Ойсыл қара, жылқынікі —  Қамбар



Pdf көрінісі
бет12/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы

Ойсыл қара,
жылқынікі — 
Қамбар
Апш
,
сиырдікі — 
Зәңгі Баба,
қойдікі — 
Ш
опан Ат
а
болған. Ал
Ю — 544
105


ешкі байғұсқа мұндай құрмет бұйырмапты. Ол сорлыны бұрын 
қораның аузына байлап қойып, малын бастап қызмет ететініне 
қарамастан текесін де, серкесін де, өзін де бойындағы «жын- 
шайтанын» қуып шығарам деп қазекең әрі-бері өтіп жүріп, бір- 
де қамшылап, бірде таяқтап, бақырта сабап кете беретін болған. 
Малшылар арасында текені түнде иірулі жатқан немесе қораға 
қамалған қойға қасқыр шабады-ау деген жағында ұстаушылық 
та осы қатыгез, тағы әдеттің жалғасы болса керек.
Ескі қазақ ауылында бұрын мал терісін өз атымен емес, 
бүркемелеп «көл» деп атап келген. Ел арасында кеңінен тараған 
бір аңызда қүдалыққа жүріп кеткен кемпір келініне:
— Қарағым, мен келгенше көлді айналып қой, келісімен 
екеуміз бірге отырып, тазалап тастармыз — деген екен.
Кемпір кешке қарай аулына оралғанда, түске дейін үйдің 
қасындағы көлді он рет айналып, әбден қалжырап, шаршаған 
келінін көріп, бүрқан-тарқаны шығып ашуланады да:
— О, шүнақ қар, сен ақпақүлаққа мен суды айнала бер де- 
генім ж оқ қой, анада сойылған малдың тұздалған терісінің айна- 
ласына үн сеуіп, сүруге дайындап қой дегенім еді. Соны үқпай- 
тындай, әке-шешең сені қалай тәрбиелеген?!— десе керек.
Ж ерош ақтан аттауға, ондағы шоқты су құйып өшіруге тиым 
салатын, ауруды сумен үшықтап емдейтін ескі салт та оған 
бүрыннан, отқа табынған ескі заманнан бастап киелі мән бер- 
геннің көрінісі, тіпті айналадағы әлеуметтік ортаны эстетикалық 
тұрғыдан игерудің жалғасы іспетті.
Өмірге бірегей көзқарас қалыптастыратын ата-баба дәстүрі 
әдеттің (адат) ғасырлар бойы діни наным-таныммен қатар жүріп, 
бірін-бірі толықтырып келгені белгілі. Десек те, мүның әлеумет- 
тік, қоғамдық мәнінен көрі қауымдастықты орнықтыруға қыз- 
мет еткен жағы басымырақ болып, олардың әрқилы сыйпаттағы 
бірлігі дүрыс түсініле бермегендіктен, қазақтағы наным-таным 
жүйесіндегі ескі түйсік-түсініктермен шырмалған қүбылыстарға 
сын көзімен қараған жөн. Әйтсе де, түрі мен түсі ұқсас келе 
бермейтін шаруаның ж араса жымдасуы тегіннен-тегін болмаса 
керек. Мәселен, әуездегі адам үні мен ырғағынан әуен құрала- 
тыны өлеңнің мәтініндегі әр түрлі дыбыстардан сөз қүралатыны 
сияқты аталмыш қалыпта бір түсті бояудың болуын біркелкі 
талап ету орынсыздық болар еді. Қазақтың наным-танымына әр 
түрлі әлеуметтік топтар қосқан элементтердің өзара диалектика- 
лык, бірлігін сақтап, бір бірімен етене жақындасып кеткендіктен 
ортақ өмір сүріп келгендерін дұрыс үғына білген мақүл.
Алайда күнделікті өмірде қайсыбір үйлеспеушіліктермен үнемі 
ұшырасып отырсақ та, шілеңгер шәкірттерінің бәрі бірдей да- 
рынды болса деп армандайды, қайсыбір журналист газет алқа- 
сының қоржынына түскен кез келген автордың мақаладын өз


түсінігімен түзетіп бастыруға әуес, тек менің айтқанымдай бол- 
сын деп талап ететін басшылар да ж оқ емес.
Өмірлік құбылысты, кез келген пәлсафалық қағиданы өз 
түйсігінің ғана қалыбымен өлшеу — көргенсіздік. Нағыз адам- 
ның көргенсіздік ж асай қоймайтынын, ж үрттың адамдық қаси- 
еттері «мен мүндалап», түратын тәрбиелі, пайымды азаматтар- 
ға қүрметпен қарайтынын олармен теңесуге үмтылатынын көріп 
жүрміз.
Мәдениетті деген қасиетті үғымға білімпаздығы мен парасат- 
тылығынан басқа, өзгелермен тіл табыса білетін, көршілерімен 
тату-тәтті түра алатын адамды жатқызуға болады. Бүған көп 
нәрсенің қажеті де шамалы. Кішіпейілділік, өзгені құрметтей 
білу, бөгде пікірмен санаса білу, өз қылығына сын көзімен қарау, 
басқалардан да сондай қатынасты күту ғана. Тегі үлты басқа- 
ларға, олардьщ әдет-ғұрыпына, дәстүрлеріне қатысты орынсыз 
пікір айту, немқүрайдылық көрсету мәдениеттіліктің нышаны 
болған емес.
Бір жолы Талдықорған мектептерінің бірінде аяқ астынані 
өрбіген пікірталасыныц куәсі болған едік. Ол мектеп оқушыла- 
рының өз деңгейінде көп мәселелерді ересектерге қарағанда 
дұрысырақ түсінетінін, аса күрделі мәселенің өзін оңайырақ 
шеше алатынын көрсеткен еді. Әңгіме бір қазақ қызыныц ше- 
тел тілдерінің, тіпті ана тілінің сапасыз оқытылатынын айтқаны- 
нан басталып кеткен болатын. Екінші бір орыс қызы оған қар- 
сы шығып, тіл үйрену әркімніц өз ынтасына байланысты деген- 
ді айтқан. Бірақ одан сен өзің, мәселен, қазақ тілін білесің бе? 
деп сүрағанда, ол білмеймін деп жауап қайырған. Үйренгім 
келмегендіктен емес, араласатын ортаның жоқтығынан үйрене) 
алмадым. Бізде қазақ балалары өте аз, олар әдетте өз тілінде', 
сөйлемейді. Ал біздіц үйде, шешемніц неміс, әкемнің орыс еке-/ 
ніне 
қарамастан, қазақ тілін қүрмет түтады. Әкем қызмет 
бабымен мал жайылымдарында жиі болып, малшылармен көп } 
араласады дегенді айтқан.
Сонымен, не керек, пікір таластың аяғы тағы бір жоғары 
класс оқушысының (бүл жолы да қазақ қызы): егер біреулер 
қазақ тілін білгісі келмесе білмей-ақ қойсын, зорлаудың қажеті 
жоқ, оларға қ азақ халқы туралы, оның үлттық дәстүрлері, 
мәдениеті мен өнері, түрмысы жайында сыр шерте білу керек 
деген түжырым айтқан. Меніңше деген, әлгі қыз, ең бастысы 
халықтың рухани байлыгын қүрметт е й білгёғГЖөн. гГілді үйрену 
к^стгЕ лІгГ сонд аезй Т е
іі
өзі-ақ і іа йда боладыТ~~
’ 
Йнтернацибііалнзмпіғі сөз жүзінде емес, іс жүзіндегі көрінісі 
осындай-ақ болар. Бұл да наным-танымнан, от басындағы әулеттік 
тәрбиеден өрбіген құбылыс болып табылады.
Біз халқымыздың басқалардан толып жатқан өзгешеліктері-


мен ерекшеленетінін жақсы білеміз. Өзгелердің де ұлт болып 
қалыптасуына әдетте тектестік, мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік 
жәйттер эсер еткен. Бірақ, олардьщ ерекшеліктерің де бөтенһ 
бөгде тұрғыдан қарауға болмайды. Айталық, көзінің түсіне, мүрны- 
ның сырқына, жанарларының орналасуына, тағамының түріне ■

немесе салған әнінің ырғағына қарай баға берудің қисыны жоқ.о 
Қазіргі жағдай бірсарындылықты, жаттандылықты көтере 
бермейді. Бірақ осы мәселе дәл бүгін туып, өрбіп жатқан үрдіс 
емес. Мысалға алсақ, балаларымыздың әсіресе қалада туып, 
өскендерінің ата, ана тілін біле бермейтіні көптен белгілі. Ата 
тілі деп бөліп айтып отьірганым, осындай бір тіркес Мағжанда 
.б а р ек ен . Тіл білмегеннен кеиін жастар салихалы әуезге әуёс- 
теніп,~Хэзақша билеп, ән сала қоймайды. Олардың бар білетіні 
қазіргі заманғы мәдениет дегеннің ырғақ, жарық, дыбыс шеңбе- 
рінде ғана. Солай бола тұра, осындай өзекті мәселеге ата-ана- 
сының көңіл бөле бермейтінін қалай түсінеміз. Бүл президенттің 
жарлығымен немесе үкіметтш қарарымен орнына келе қоятин 
шаруа емес. ӘрЩ гата^анаТ^там болмаса, өз от басында азамат- 
гтьіқ көрсетіп, бала-шағасының қамын ойласаГ жеткйііиіж АрТ 
МҰНДДЙжаАге жібере бермеген болар едік. 
'
Мектептен алатын тәлім-тәрбиенің де жүйелілігі шамалы. 
Мүғалімдер жетіспейтіндіктен (олардың көбі күн көрудіц тауқы- 
метімен арпалысып жүр), күнделікті сабақ өте бермейтін жерде 
қандай оқу болсын. Мектеп пен балабақшалар көптеп жабылып 
жатыр. Бүл үрдіс әзірге тоқталатын түрі жоқ.
Бір сөзбен айтқанда, халқымыздың болмысына тереңірек үңіле- 
тін болеақ, жетісе бермейтін жақтары молшылық. Оны шын мәніндегі 
г)
қазіргі заманғы үлт деңгейіне көтеру үшін нақтылы шаралар бел- ■
гіленіп, іске асырыла басгамаса, өзгелерді қайдам, біздің халық өзінің 
рухани мүмкіндіктерін іске қоса алмай қалуы ықгимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет