Екінші кітап Есте қалғандар


«КӨРЕ-КӨРЕ КӨСЕМ БОААРСЫҢ...»



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата17.10.2023
өлшемі7,92 Mb.
#116988
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Өзбекәлі Жәнібеков Тағдыр тағылымы

«КӨРЕ-КӨРЕ КӨСЕМ БОААРСЫҢ...»

олғау)
егі «Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ше- 
шен боларсың» деп бүрынғылар босқа айтпаған. Екі 
жыл бойы1, сырлас дос болдық, талай-талай сәті түскен 
мезетті бастан кештік. Несін жасырайын, өзіңмен сыр- 
ласқанда жеңілдеп, желпініп қалатыным рас. Сүхба- 
тымыздың соцында айтар сөзімді, оқырман қауым, өзіңе жолда- 
ғым келіп отыр. Өйткені бастан кешкенді, азаматтық парыз бен 
жаңа заман айшықтарына қатысты ой-толғамын іште сақтамай, 
қимас достарыңмен бөлісіп пікір алмасқанға не жетсін. Айта- 
рым көгі еді, оның ұштығынан шықтым ба, жоқ па, әділ қазым 
өзің болдың, оқушым! Соңғы әңгімеміз де қүрғақ ғибараттылық- 
тан аулақ болуға тиіс. Бүғағі күмәнданбасаң да болады.
Өмір болған соң әр түрлі жәйттер бола береді. Бірақ кімге 
де болса адаміершілік, имандылық, әдептілік, ізеттілік қағидат- 
тарын таптап кете беруге жол жоқ. Менің бұрын үлкен құрлыс 
мекемесін басқарған, қазір бизнеспен айналысып байыған бір 
досым бар. Бұрын қолымда лауазымым барда айналшақтап, 
соңымнан қалмай жүргендіктен «бауырмалдық» сезіміне шын 
пейіліммен сеғііп, қасыма ерткен едім. Көп ұзамай ағалы-інілі 
дегендей болып та кеттік. Бірақ мен зейнетке шыққаннан кейін 
арамыз суына бастады. Бұрынғыдай бір бірімізге етене бола 
бермейтіндей қалге жетіп, бірте-бірте алшақтай бердік. Сөйтіп
'Әңгіме «Тағдыр тағылымының» екі жыл мерзімде жазылғаны және жекелеген 
бөлімдерінін мерзімді баспасөзде жарияланғаны болып отыр (ред.).


жүргенде оның жалғыз үлы (ол да бизнеспен айналыса бастаған 
еді) мерт болды. Адамның күні адаммен ғой, досымның басына 
түскен қайғы-қасірет екеумізді қайтадан жақындастыра баста- 
ды. Әйтсе де көп ұзамай баяғы суысқан қалпымызға қайтадан 
келдік. Науқастанып, ауруханада үзағырақ жатып қалған түста, 
келіп қал-жағдайымды сүрауға да жарамады. Іштей қапа бол- 
сам да сыр біддірмеген болып мен де жата бердім. Солай бола 
түра, дәтім шыдамай бірде шақырып алып жүздесуге тура келді. 
Көптен көрмегендіктен көңілім босап, туган інімдей болып кеткен 
досымның алдында әлсіздік те көрсетіп алыппын. Ол әрине оған 
түратындай адам емес екен, бекер болғанын соңынан түсіндім.
Менің осы бір келеңсіз мысалды алдыңа тартып отырғаным, 
оқушым, адамның күні адаммен десек те, рухани, адамдық қа- 
сиетімізді олай-бүлай шаша беруге қақымыз ж оқ демек едім.
Бүрынғы түрмыс салтының аса қарапайымдылығынан біздің 
қазақ өзіне тән ұтқыр ойды, көрегендікті, білуге деген құштар- 
лықты өзін қоршаған табиғи ж әне әлеуметтік ортадан алғанын 
қазір біреу білсе де, біреу мүндай «ұсақ-түйекке» көңіл аудара 
бермейді. Қазақтың қанағатшылдығының өзі сырт қарағанда ке- 
жегесін кейін тартып тұратын сияқты болып көрінуі мүмкін. 
Шүкір, қазір бүрыңғы бастауларымызға қайтып орала бастаған 
сияқтымыз. Бірақ бүған асқан пайымдылық керек-ақ. Біздің қоғам 
байлық жағынан жіктеліп бітті десек те болатындай. Бір жағын- 
да әбден байыған азғантай ғана топ, екінші жағында қайткен 
күнде де «шықпа жаным шықпа» деп отырған қалың көпшілік. 
Көпшілікті неге егін салмайсың, неге мал үстамайсың деп үрсуыңа 
да, сөгуіңе де болады. Ол үнсіз, оның пікірін естіп-білгісі ке- 
летіндер шамалы. Егін егейін десе су жоқ, мал үстайын десе 
қаражаты жоқ дегендей. Ол байғұс өмірінде бірінші рет мұндайға 
тап болғандықтан осындай үлкен мәселені қалай шешсін. Оның 
қарап отырғысы келмейді. Бүкіл үжымдасқан шаруалар болып 
бір сутартқышты моторымен, жанар-жағар майымен қоса үстап 
түратындай қауқары ж оқ болғандықтан Сырдың суын өз дең- 
гейімен бүрынғы ескі арықтар желісі арқылы жағаға шығарып, 
таратып әкетуге қам жасап жүргендер де табылатынға үқсайды. 
Мүның арты немен бітетінін кім білсін, Сырдария бүрыңғыдай 
буырқанып таси бермейді. Оның үстіне саға жағында өзенді 
бірнеше жерден тас қып буып алған тәуелсіз мемлекеттер бар. 
Тіптен су жіберген күнде де көп жылғы лай-балшықпен, қүм- 
топырақпен бітеліп қалған өзен арнасы оны түгелдей қабылдай 
алмайды. Земснарядтар қойып, Ш ардарадан Қазалыға дейін 
атқылап, тазалау үшін қыруар қаржы керек. Ондай мүмкіндік 
жекешеленгенімен бірін бірі қолдау үшін кішігірім үжымдық 
қожалықтарға, біріккен диқандардан табыла бермейді. «Былай 
тартсаң арба сынар, олай тартсаң өгіз өлер» деген осындай-ақ


болар. Мұндай қиыншылықтар Қазақстанның барлық аймақта- 
рында кездесе беретін болып алған.
О баста жекешелендіруге кіріспестен бұрын алдын ала орай- 
ластырылмаған niaova казш бои көрсете оасгады. Соңғы кезде 
хальіқ үкіметті, ү іб м і^ х а л ь н ^ ы ^ а ^ с з т г -х гев ге» беретін болып 
жүр. Тегі тірі адам тіршілігін істеу керек қой. Ж үрттың «жерге 
ие болтаны» рас, ал оған су шықпайтын болса ше? Мүндайда 
мемлекет қамқорлығы керек. Бүл мәселе түбегейлі шешімін 
таппаса, орны толмас олқылықтарға апарып сотуы мүмкін. «Коре- 
коре көсем болатын, сөйлей-сөйлей шешен болатын» күн сонда 
туар.
Ал күнделікті өмір сүрудің тауқыметін тартып, таңның аты- 
сынан күннің батысына дейін еңбек етсе де мардымды пайда 
таба алмай, айлығын, зейнетақысын уақтылы ала алмай азап 
шегіп жүрген қаладағылар қайтіп күн көрмек? Бірде Шымкент- 
тің түбінде түратын бір суретші, керамика шығаратын шілең- 
герден хат алғаным бар-тын. Бес саусатынан өнер таматын ше- 
бер қүмырашы татдырына шатым жасап, ақыл-кеңес сүрапты. 
«Есіңізде ме, былтыр (1995 ж.) — деп жазыпты ол,— сізде болып, 
өте ризашылық сезіммен аттанған едім. Содан бері өмірімді 
дүрыс жолға қойғандаймын. Шәуілдірдегі шеберхана, үйімді 
саттым да, Шымкент маңынан бос ж ер алып, үй салдым да 
соған кіріп алдым. Айтуға оңай, дегенмен қиыншылықтар артта 
қалғандай. Әрине сізді үй-ішілік, майда-шүйдемен мазалай бер- 
мейін деп хат жазбағаным рас. Енді мені толғандырып отырған 
нәрсе — жүмыс мәселесі. Күн кору — қыстан тоңбай шыгу — 
өнермен айналысу. Бірақ менің шығарғандарыма сүраныс бол- 
май түр. Аздап болса да Отырардың қорқапты керамикасымен 
айналысып жатырмын. Әйтеуір өнерді жетімсіреткім келмейді. 
Соған сізден өтінетінім нендей кеңес бересіз? Қазір үйде бір 
қап үн қалды. Ашаршылық дегенді бүрын аталарымның аузы- 
нан естуші едім, енді басыма келді. Не істерімді білмей отыр- 
мын. «Қүл базарға» барып жалдансаң, тек өзіңніи бір күндік 
тамағыңды ғана табасың. Әрі сол күні жеп бітесің. Ж үмыс іс- 
тегің келсе де аштан өле бер дегендей. Інілерім мен бала-шағам- 
ды тұйықтан қалай алып шығарымды білмей отырмын.
Соңғы үмітім сізде ғана. Ж ауап күтем. К. Қ. 09.12.96».
Мен бұған не айта қояйын. Қайсы біреулерге телефон со- 
ғып, комек көрсетуін сүрадым. Бірақ нақтылы жауап ала алма- 
дым. Ал енді қалай қарайсың, оқушым, осы бір суретші-шілең- 
герді жұмыс істегің келмейтін жалқаусың, арамтамақсың деп 
айыптауға бола ма? Оның шығарған бүйымтайымын сатып ала 
қоятын туристер де қыс кезінде бола бермейді. Қайткен күнде 
де осындайларды қолдау парызымыз емес пе? Шымкенттегі су- 
ретшілер одағы да комек корсете алмағанға үқсайды.


Ж ұрт байығандарға қызғанышпен қарайтын болып алғалы 
қашан. Расында маңдай терімен қорлана бастаса, оған ешкімнің 
дауы жоқ. Ал елдің есебінен, ұрлық-қарлық арқылы байыса ше? 
Алаяқтар байып жатса мұны қалай түсінуге болады? Президен- 
тіміз мұндайларға жол бермеуге тиіс. Көрші мемлекеттердің 
бірінде Елбасы жиырма жылға дейін баитындар болса ортаға 
шықсын, көріп алайық, қалай байығанын дегенді де айтыпты 
десіп ж үр ғой. Мұндай екіүшты мәселеде айқындық керек-ақ. 
Қайткен күнде де жағдайды «үзын арқан, кең түсауға» жібере 
беруге бола қоймас.
Қоғамның салауаттығы адамгершілік, мораль, имандылық си- 
і яқты қасиеттерден құралатыны мәлім. Ал кейбір мәселелер 
мүндай өлшемдермен үйлесе бермейтін болса ше? Қоғам ғасыр- 
лар бойы от басының тазалығы, шынайлығы, мүлтіксіздігі үшін 
күресіп келген болатын. Адам құқығы, еркектер мен әйелдердің 
теңдігі сияқты мөлшер жылдар бойы алдыңғы шептегі келелі 
мәселелер қатарынан көрініп келді. Ал қазір болса. неке каты- 
ғіастарьшьш_жөнді реттеле қоймағандығынан, анда- м үііда^қсР 
барлап айел алуішдтатГ~көріне (засгаДьі. Өз басым осындай от 
'басында бақыт, ырзық, береке болады дегенге сенбеймін. Он- 
дайды көрген де емеспін. Мұндай жағдайда мемлекетіміз, үкі- 
мет орындары жүртты бір жағына шығатындай тәртіпке келті- 
руі керек қой дегім келеді. Біздің демократиялық, қүқықтық 
қоғам орнату жолына түсе бастағанымыз тағы бар. Өзіміз қол 
қойған халықаралық декларацияларда мүндай қағидаттар бар 
дегенді естіген емеспіз. Мәселеге немқүрайды қарауға болмай- 
тынының тағы бір себебі ж ас үрпақтың дұрыс тәрбие алуымен 
байланысты. Алда-жалда көп әйел алушылықты сондай маңыз- 
ды мәселе деп есептейтін болсақ, оны тиісті заң жолымен үйлес- 
тіріп алған жөн. Бірақ мүның қазаққа бұрын үйреншікті қалып 
болғанымен өркениетті елдерге ж ат қылық болып ПіығатыньР 
даусыз.
ТИздің қоғам гренессащ аик, _сыйпат алып. қайта жаңғыру 
кезеңін басынан кешуде. Бұған ж еткен де бар, жетпеген де 
бар. Мораль, имандылық, ізгілік қасиеттер оның жарық жүлдыз- 
дары іспетті болуға тиіс, жоғары мәдениет те қаж ет ақ. Бірде 
өзінде болған баспасөз конференциясында аңдамай сөйлеген 
бір жоғары лауазымды азамат «соғыс кезіндегідей, кітапхана- 
ларға қол ұшын бере алмай» ж атқаны н айтып, елді мүсірке- 
гендей пиғыл көрсеткен екен. Мүны естіген жазушылардыц 
қүрамында Қалтай Мүхаметжанов, Шерхан Мұртаза, Камал 
Смайылов бар бір тобы «Казахстанская правдаға» ашық хат 
жолдап (24.02.96): «Ау, үкімет кітапханаларға қол үшын бере 
алмай жатса, оның кітапқа да мүршасының ж ете бермегені I 
ғой. Сонда не, нарықтық қатынастың білімсіз-ақ, парасатсыз- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет