білем. Біреулер оның батылдығына, ауызбірлігіне, бауырмалды-
ғына, достыққа деген шын ықыласына ризашылығын білдіріп
жатса, екінші біреулер оның қатыгездігіне, ымыраға көне бер-
мейтін кекшілдігіне көңіл аударатын қүсайды. Ш ечендердің
ешкімнің алдында бас имегені мәлім. Оның ұлттық мінез-құлқы
осы биік екі құздың арасындағы көк жолақта қалыптасты. Осы
алақандай жерге қыстау түрғызып, егін ектік. Малымызды та-
уға айдап салып күн көрдік. Тарихтың өн бойына біздің азған-
тай ғана «өмірлік кеңістігіміз» біреулерге көп көрінгендей, Да-
риял арқылы бізге арабтар да, парсылар да, гректер де, түріктер
де басып кіріп отырды. Ата-бабамыздың қанымен боялған жер
Шыңғысханды да, Тамерланды да көрді. Геноцидке айналған
орыс отаршылығын да басымыздан кештік. Казактармен де
шайқастық. Әсті қақтығысты көрмей өскен шечен немесе ин
гуш болмаған шығар. Шечендердің (Ингуштер бізге қарағанда
сәл момындау келеді) әсіресе сатқындықты кешіре бермейтіні,
әрдайым «қанға қан» алуға даяр тұратыны, тағы басқа сырт
қарағанда жағымсыз көрінетін қылықтары осы жағрапиялық
фактормен біте қайнасқан болса керек. Біздің әуендеріміз де
жинақы, билеріміз де шапшаң, жігерлі қимылдауды талап етеді.
Ою-өрнегіміз де шартты.
Ал енді сіздің халықты алсақ, менің бір кітаптан оқығаным
бар-тын, ел
шетіне ж ау тисе-ақ, бірлесіп қарсы шығудың орны-
на Алтайдан Атырауға дейін үдере көшіп, қозғалысқа түседі
екен. Қуып жетіп көр, өзіңе түтқиылдан тиісіп, берекеңді кеті-
ріп, өр қайсысы әр ж аққа бытырап шауып кете берсе, оған не
істей қоясың?
Сіздің халықтың мейірмандығын, қайырымдылығын, кіммен
болса да барымен бөлісетінін Қазақстанға қоныс аударғанда
көрдік қой. Шечен халқы мүны ешқашан үмытқан емес, үмыт-
пайды да. Егер қазақтың басына күн туса, шечендер бірінші
болып достық қолын ұсынатынына кәміл сенуге болады. Айт-
пақшы, қазақ әуенінің қүлазыған кең даланы еске салатындай
диапозоны кең, сарнап, бар дауыспен шырқап, айтылатыны,
күйінің ырғағы, билерінің бүрамы
ешкімді де бейғам қалдыра
қоймайтыны тағы бар.
Ж ағрапиялық фактор дегеніміз осындайлардан көрінеді екен
деп Бисұлтан әңгімесін бітірген еді. Кеше ғана біз сол азғантай
шечен халқының Ресейдің бақайына дейін қүрсанған, сан жағы-
нан асып түсетін, көктен де, жерден де соққы беретіндей қау-
қары бар қазіргі заманғы қарулы күштеріне қарсы түра алғаны-
ның куәсі болдық. Ұлттың ұлылығы
оның жалпы санының
азды-көптігінен, немесе жерінің кеңдігінен, тіпті шалқыған бай-
лығынан емес, ең алдымен бостандыққа, тәуелсіздікке деген
еркінен, қиын-қилы заманда тілін,
мәдениетін, ата-дәстүрін,
96
халықтың түрпатын сақтай білгендігінен, ауызбірлігінен, өзара
ынтымақтастығынан көрінетінін осыдан-ақ байқауга болады.
Әрине, шечендердің алақандай жері өзгелерге жағрасаяси
кеңістік болуды көтермейді. Ал біз үшін «жағрасаяси кеңістік»
деген тіркестің «саяси» дегенін алыгі тастасақ та жетіп-артыла-
тын еді. Өйткені жағрапиялық фактордың қазақ тағдырымен
біте қайнасып кеткенін оның үлттық мінез-құлқында, іс-қареке-
тінде, түрмысында қалдырған іздерінен көруге болады. Казак-
тьщ шектен тыс момын, бейғам, аңқаулығы да басынан асып
жататын халық болып қалыптасқаны ең алдымен жағрапиялық
фактормен — үланғайыр кеңістікте еркіғі төстеп өмір сүргені-
мен байланысты еді. Оның осы уақытқа дейін қазіргі заманғы
ұлт ретінде бой
көтере алмай келе ж атқаны , түрмысты қ
мәдениетінің төмендігі, көпшілігініц ауыддық жерлерде түраты-
ны, кәсіпшілік, мамандану жағынан қала өміріне жақындаса
қоймағаны, мамандық тандауда түрпайы күнкөріс қамының бі-
рінші орында түратыны, тағысын тағылар бүған дәлел бола алады.
Көп айтып, аз айтқанда, түбінде қазағымның жерінің кеңдігі
өзіне сор болып жүрмесе болғаны.
Қазір көп мәселенің шешімін табуы енді ғана есін жиып,
тәуелсіздік тізгінін қолына алған қазақ елініц көршілерімен
қарым-қатынаста өзін тепе-тең үстай білуімен байланысты бо-
луы ықтимал. Тепе-тең қатынассыз елдің елдігін сақтап, аймак-
тьщ түтастығын сомдай
түсу мүмкін емес екенін қазақтың
қазақ болғалы басынан кешкені талай рет көрсеткен болатын.
Тарих
өткелдерінің қайсысын, немесе қай кездегісін алсақ та,
олардың азабы мол өкініші де, азын аулақ болса да көңілге ой
салатындай өнегесі де біз үшін өмір мектебі, тәлім-*тәрбие жолы
болды. Ойлап қарасақ, «Қасымханның қасқа жолы», «Есімхан-
ның ескі жолы», «Тәуекелханның тура жолы», Тәукеханғіың
«Ж еті жарғысымен» қоса, күлтөбенің басындағы күнде жиыны,
«Абылай аспағағі асу» деген түсінік, тағысын тағылар осыған
меңзейді екен.
Бізге жанына қатер туса-ақ, қүлазыған сахарада түк көрме-
ген болып, басын жерге көме салатын түйетауықтың бейнесін
еске салатындай саясат ұстануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: