Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып



бет20/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Табиғи энергия қорлары, олардың жіктелуі.
2. Сарқылатын энергия қорлары, оларды тиімді пайдалану.
3. Сарқылмайтын энергия ресурстары қандай?
4. Қазақстандағы энергетика ресурстарын атаңыз.
5. Энергия ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі
Әдебиет
ДӘРІС № 6
Тақырыбы: Табиғатты қорғау және тұрақты даму
Жоспар:
1. Табиғатты қорғау мәселелері.
2. Ерекше қорғалатын территориялар
3. Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар.
4. Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар.
Дәріс мақсаты: Студенттерді табиғатты пайдалану ғылымымен таныстыру, оның мақсаты мен міндеттерін, экологиялық ғылымда алатын орнын анықтау. Студенттерді ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қорықтар, қорғалымдар, ұлттық саябақтар түсінігімен таныстыру, сондай-ақ осы аймақтарда қорғалатын түрлермен таныстыру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

  1. Табиғатты қорғау мәселелері.

Экология ғылымынын негізгі мақсаты биосфера тұрақтылығын сақтау үшін салауаттылығына білім дәрежесіне қарамастан барлық адамдардың экологиялық деңгейі соны ұғынуы мен білім дәрежесінің жоғары болуына ықпал ету.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің дүниежүзілік даму кезеңдеріне келсек, ең алдымен, БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) “Адам мен биосфера” атты бағдарлама қабылданды. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану туралы бағдарлама қабылданып, экологиялық сипат алды.
1972 жылы Стокгольмге “Қоршаған ортаны қорғау” туралы білім беру, 1977 жылы Тбилиси қаласына БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары “Экологиялық білім беру” туралы 40 астам шешімдер қабылданып оның ғаламдық, стратегиялық жоспаралар қабылданды. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982), Беч (1983), Мәскеу (1987), т.б. конференцияларымен жалғасады.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В.Ф.Натали, Н.М.Берзилин, В.М.Корсунский т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен байланыстыра отырып дамытуды ұсынды. Ал, 1947 жылдан бастап көпшілікке экологиялық білім беру КСРО бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Беларуссия мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт- Петербург, т.б.) Биосфера, Экология, табиғат қорғау, т.б.экологиялық курстар оқу жоспарларына еніп оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог - ғалымдар Н. Д. Зверев, С. Д. Дрябь, В. А. Левин, Н. Т. Суравегин, А. Н. Захлебный, т.б. халықтық оқу жүйесінде экологиялық білім берудің сан қырлы теориялық практикалық негіздерін ұсынды.
Экологиялық білім беруде және жоғары білімді эколог мамандарды даярлауда Абай атындағы Алматы педагогикалық университетініңорны ерекше. Университет профессоры А.С.Бейсенованның жетекшілігімен Республика “Жоғары оқу орындарында эколог мамандар дайындау” және “Мектеп оқушьшарына экологиялық білім беру” тұжырымдамасы жасалынды. Ал, 1987 жылы География - экология факультеті ашылып, мамандар даярлай бастады. Қазір Әль- Фараби атындағы университетте (ҚазМҰУ), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Өскемен, Орал, Семей, Қызылорда, Қарағанды Атырау, Түркістан қалаларындағы оқу орындарында химия - экология, география - экология, т.б. мамандықтары бойынша бөлімдер ашылды. Соңғы жылдары Республиканың академиялық ғылыми зерттеу инститтуттары биоресурстар бойынша экологиялық іргелі жұмыстар жүргізсе, жоғары оқу орындары білікті эколог мамандарын даярлауда. Осы бағытта егеменді Республикамыздың парламенті мен үкіметі “Қоршаған табиғи ортаны қорғау” Заңын (1997), “Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі”тұжырымдамасы (1996), экономикалық білім бағдарламасын (1999), Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғаудың ұлттык жоспарын (1996), «Экологиялық кодекс» (2007) т.б. маңызы зор құжаттар қабылдады.
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол туралы пікірталастар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымдарын біз белгілі экологтар Ю.Одум, Н.П.Наумов, Г.А.Ноиков, Н.Ф.Реймерс, В.А.Радке^ичтің жіктеуі негізінде береміз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет