Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып



бет26/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

:
ДӘРІС № 7
Тақырып:Қазақстанның өзекті экологиялық мөселелері жөне түрақты даму
Жоспар:
1. Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
2. Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
4. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
5. Судың ластану мәселесі.


1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер - республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста - Ертіс өзені, батыста - Орал өзені, оңтүстікте - Сырдария өзені ағады. Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар еріген кезде ғана тасиды.
Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан, Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері -жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр. Онын сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттармыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс (1995 ж. шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзыңдығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біркелкі таралмауында. Жер бетіндегі су қорына, әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажетгілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып қүяды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет