ДӘРІС № 8 Тақырып: Қазақстанның табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері. Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін іс-шаралар
Жоспар:
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары
2. Қазақстанның экологиялық апат аймақтары
3. Әуе бассейнінің ластануы
4. Радиоактивті ластану
5. Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар
6. Экологиялық мониторинг
1. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелер және оны шешу жолдары Қазіргі кезде адам мем оны қоршаған орта арасындагы қарым- қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарының халық санының жедел өсуімсн өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғагқа жүргізілетін ықпалын күшейтеді. Әсіресе 20 ғасырдың ортасынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы иелеріне бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзінс тән құбылыстардан табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сікінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе ғылыми- техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен иидустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден бұл жылдары дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаныз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есс өсіпті (1.200 млн), яғни халықтың екі есе көбеюіне бұл тұста 150 жыл керек болған екен. Ал бұл содан соң 100 жылдықта екі есе көбейген. Ендігі кезекте екі есе өсу үшін небәрі 40-ақ жыл керек болды.
Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақыттың мерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келуін күтпей-ақ жеделдете «қанау» оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп оларда тұратын халық саны артты. 20 ғасырдың басында жалпы халықтың 10% ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50%-ке жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54%-ке жетті. Осынша көп адамның оның экологиялық жағдайларын (келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеру негізінде, бұл салада - қазір орын алып отырған қателікке жол берілмес еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
Қазақстанның жері қаншалықты ұлан-ғайыр болса, оның қойнауындағы табиғи байлықта соншалықты мол, әрі алуан-түрлі. Республиканың солтүстігінен басталынатын шексіз, шексіз дала Орталық Қазакстанға таяған сайын Сарыарқаның адыр қыраттарына ұласып, одан әрі оңтүстік пен оңтүстік шығысқа қарай Алтай, Сауыр, Тарбағатай тауларының сілемелеріне, Жоңғарлар Алатауы мен Тянь-Шаньға иек артады . Республика аумағын төрт аймаққа-орманды дала, дала, шөлейт және шөл деп бөлуге болады.
Біздің «Табиғат» экологиялық одағының құрылғанына 15 жыл болды. Бұл еліміздің ең алғашқы «Жасылдарының» бірі. Қазақстанда Балқаштан басқа Арал, Семей полигоны, Каспий сияқты экологиялық апат аймақтары бар. Тіпті ең әсем жерлеріміз Бурабай мен Көкшетаудың өзі де құрып бара жатыр. Бұл туралы мәселе көтеріліп жатыр. Семей, Павлодар аймақтарындағы керемет ормандар қурап барады. Ол ормандардың тарихы сонау мұз дәуірі кезінен басталады.
Каспийге аққан мұнайдың, балық аулаумен заңсыз айналысып жүрген адамдардың кесірінен бекіре балығы азайып жатыр.Тіпті балықтарды есейіп уылдырық шашуға жеткізбей өлтіріп жатыр. Мысалы, белуга (бекіре балықтың бір түрі) деген балық 18 жасында ғана уылдырық береді. Жалпы бекіре өте сапалы балық болып табылады.
Енді бір 20-30 жылдан кейін біздің жер асты байлықтарымыздың - мұнайымыздың да, көміріміз бен теміріміздің де шеті көрініп қалды. Бізде АЭС-тан басқа да энергия бере алатын балама қуат көздері жеткілікті. Олар- жел,күннің сәулесі және тағысын тағы. Осы энергия көздерін пайдалануға, дамытуға қаржы бөлінсе, оларды іске асыру қиындық тудырмайды. Бізде жел жиі соғып тұрады. Мысалы Жоңғар қақпасында жел бір толастамайды. Сол желдің бір-ақ пайызықуаты бүкіл Қазақстанды энергиямен қамтамасыз ете алады. Еліміздің басқа да өңірлерінде жел жетерлік. Қауіпсізэнергия көздерін игерудің өзі оңай жұмыс емес. Бәрібір ертең мұнай біткен кездс, осыларды пайдалануға тура келеді.
Айта берсек, біздіңеліміздегі экологиялық, проблемалары өте көп. Әрине, оның бәрін шешу керек. Қазіргі біздің алдымызда тұрған басты мақсатымыз Балқаш, Сорбұлақ секілді ірі мәселерді шешу болып табылады. Мұныңекеуі де кезек күттірмей шешілуге тиіс мәселе.
Қазақстанныц табиғат жағдайлары алуан түрлі. Қазақстан территориясы кен-бантақ жерді алып жатыр. Батыстан Шығысқа қарай - 2,925 км (Каспий теңізі мен Орал ойпаттарынан Алтайға дейін). Солтүстіктен Оңтүстікке қарай 1,600 км. Батыс Сібір жазығы мен Орал тауларының жоталарынан Тянь-Шань таулары мен Қызылқұм шөліне дсйін. Қазақстанның жалпы ауданы (2,7 млн, шаршы км) Франциядан 5 есе артық. Бірнеше ландшафтық белдеулер мен белдеу тармақтары бір-бірін алмастырады: орманды дала (6%), дала(28%), шөлейт (18%),шөлді(40%). Қалақстанның Оңтүстік жәнс Шығыс шекараларын биік таулар көмкеріп жатыр. Қазақстан халқы 16 млн-нан астам адамды құрайды Қазақстандағы қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Қазақстандағы қазіргі кездегі экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше экологиялық аймақтарын көрсетуге болады.
А аймағы - Каспий маңы, мұнай өндіру мен өңдеу салаларына маманданған облыстар кіреді. Бұлаймақтағы приоритетті мәселе - табиғи ортаның мұнаймен ластануы.
А аймағына Қазақстанның негізгі мұнай өндірушілері болып табылатын Атырау және Маңғыстау обылыстары жатады. Халқының саны 1,47 млн. адам, немесе халықтың 5% - ынан кем бөлігін құрайды. Ал ұлттық өнімнің шамамсн 16% - ын құрайды. Каспий маңы аймағында мұнай-газ өнеркөсібінің айтарлықтай дамуы жоспарланып отыр. Каспий теңізінің солтүстігіндс мұнай қоры - 3-3,5 млрд. тонна және газдың - 2-2,3 м Ағымдағы мұнай өндіру барлыққордың 1% құрайды. 1996 жылы елдің мұнай өндіру саласын қаржыландыру жүргізілді, жақын жылдары одан да артады.
Каспий теңізінде бекіре мекен етеді. Ол ең жоғары сапалы уылдырықтың 95 %-ын береді де, оның беретін табысы 10 млн. долларды құрайды. Шектен тыс аулаумен қатар, теңіз суының мұнаймсн ластануы оның санын кемітеді. Сондықтан, биоалуантүрлілікті сақтау мәселесіне көңіл аударылуы керек.
Қазақстанда мұнай өндіру 100 жылдан бері жүгізіліп келеді. Ескірген технологияларды қолдану орасан зор экономикалық шығындар мен қоршаған ортаның бұзылуына әкеліп соқтырды. Топырақтың деградациясы, судың мұнаймен ластануы адамның денсаулығына және экожүйелерге әсер етіп, шөлдену процестерінің жүруіне, биоалуантүрліліктің жойылуна әкеледі. Тыныс алу жолдарының қабыну аурулары мұнай өндіретін аудандардағы орташа саны облыспен салыстырғанда жоғары. Канцерогенді көмірсутектердің концентрациясын жоғары болуы бұл зонадағы қатерлі ісіктен болатын өнімнің басқа аймақтармен салыстырғанда 2-4 есе жоғары болуына әкелді. Жас балалардың өлімі мың адамға шаққанда 37 адамды құрайды. Бұл көрссткіш еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш .
Мұнай өндірілетін жылдары 5 млн. тоннаға жуық мұнай төгілген. Бұл грунт пен беттік судың ластануына, өсімдіктердің жойылуы мен адамнын ұшқыш органикалық қосылыстармен ластануына әкелді. Жыл сайын шамамен 740 млн. м серіктес газдар жатады. Бұл тек бағалы шикізаттың жойылуына ғана әкеліп соқтырмайды, сонымен қатар атмосфераның азот және күкірт тотықтарымен, парниктік жанбайтын көмірсутектермен ластануы мен осы маңдағы температураның жоғарылауына әкеледі.
В аймағына еліміздің шығыс облыстары жатады. Қазақстан Республикасының өнеркәсібі жоғары дамыған аймағы. Ірі түсті және қара металлургия, энергетикалық комплекс шоғырланған. Бұл аймақтағы мәселелерқоршаған ортада өндірістік қалдықтардың жиналуы, урбанизацияланған территориялардағы атмосфералық ауаның ластануы, ормандардың деграциясы, ерекше қорғауға алынған территориялардың жеткіліксіздігі.
В аймағына солтүстік-шығыс обылыстар - Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақмола жатады. Халқының жалпы саны 7 млн.-нан астам. Аймақтау - кен өндіру, көмір өнеркәсібі мен жылу энергиясын өндіретін орталық болып табылады. Аймақтың экономикасында ауыр өнеркәсіп, мұнай өңдеу, азық - түлік және жеңіл өнеркәсіп маңызды орын алады. Территорияның басым бөлігін (4 млн.га) ормандар алып жатыр, бұл бүкіл Қазақстанның орман ресустарының 50% -ын құрайды. Ресустардың көп бөлігі Шығыс Қазақстан обылысына кіреді.
Ертіс- Нұра - Есіл өзендерінің бассейндерінің су ресустары - негізгі сукөзі.
Республикамыздың астанасы Астана қаласы осы мәселер аймағында жатыр. Шығыс Қазақстан облысында Семей ядролық полигоны орналасқан.
Аймактың экономикасының дамуына ресурстардың күйі әсер етеді. Ертіс және Нұраның өзен бассейндері 4,1 млн. халықты сумен қамтамасыз етеді және ішкі өнеркәсіптік қажеттілік үшін 1700 Мвт энергия өндіреді. Бассейн аралық су беруді жоспарлау, Қара Ертістен суды Қытай халық республикасына беру мәселені шиеленістіруі мүмкін.
Тек бір Шығыс Қазакстан обылысында 1,5 млрд. тонна улы өнеркәсіп қалдықтары сақталған. Олар 32 мын га жерді алып жатыр. Бірнеше жыл бұрын Нұра өзенінін суын пайдалану, 25 жылдан бері сынаптың жиналуы себепті тоқтатылған. Су түбінде ластану мөлшері 200 мг/кг құраған.
Ертіс өзеніне жалпы ластану және Шығыс Қазақстан мен Павлодардағы.керосинің төгілуі қауіп төндіруде.
Өнеркәсіптік қызмет нәтижесінде ауа күкірт тотықтарымен, фенолдармен, формальдегидтермен, қатты бөлшектермен және қорғасынмен ластанған.
Семей ядролық полигонында 1989 жылға дейін 470 ядролық жарылыс жасалып, 300 мың га территорияда ралиоактивті жауын шашын түскен.
1997жылы бағалы қылқан жапырақты ормандардың үлкен территориясы өрттер әсерінен жойылды. Бұл биоалуантүрліліктің кемуіне әкеліп соқтырды.
Экологиялық мәселелердің халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен денсаулығына әсері орасанзор: жыл сайын улы қалдықтардан келетін шығын 300 млн. Доллар, ауаның ластануы 266 млн. доллар. Аймақта қатерлі ісіктермен ауыру денгейі ең жоғары.
С аймағына- оңтүстік аймақтар жатады. Тұрақты сумен қамтамасыз етуді қажет ететін ауыл шаруашылық бағытымен сипатталады. Оңтүстік аудандардағы негізгі экономикалық меселелер - су ресурстарының жетіспеуі, су көздерінің шайынды сулармен ластануы, жайылымдардың деградациясы, табиғи және мәдени ескерткіштердің бұзылуы. С аймағына Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда обылыстары жатады. Халық саны шамамен 5 млн. Негізгі қызметі - ауыл шаруашылығы. Ол суару үшін Арал және Алакөл - Балқаш бассейнінің өзендерінін суын пайдаланады. Аймақтың біраз бөлігі ауа райы күрт континенталды шел аймағында жатыр.
Ауыл шаруашылығыньщ ұлттық өнімдегі үлесі 12%. 1990 жылы малшаруашылығы ауыл шаруашылығы өнімнің 61 %-ын құраса, ал 1996 жылы бұлкөрсеткіш 38%-ға дейін кеміп кеткен. Суармалы жерлер 17 мли га жерді алыпжатыр. Бірақ оның көлемі тұздану мен өнімділігін жоғалту нәтижесінде үнемі кеміп келеді.
Аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су ресурстарын тиімсіз пайдаланумен, ластанумен байланысты. 1990 - 1996 жылдар аралығында 10 млн га-дан астам жайылымдық жерлер өнімділігін жоғалтып, 17 млн га егістік жерлер өндірістен шығарылады.
Кеңінен белгілі аймақтық экологиялық мәселе - Арал теңізі. Арал теңізінің кеуіп қалған түбінен сарапшылардың мәліметтері бойынша 50 - 70 мың тоннадан астам тұз кетерілуде. Ауыз судың сапасының нашарлығы балалар арасындағы инфекциялық аурулардың жоғары болуына әкеліп соқтыруда.
Су ресурстарын тиімсіз пайдалану, Қытайға судың көптеп берілуіне байланысты Балқаш көліне де Арал тағдыры тууы мүмкін. Қазір су ресурстарына деген қажетгілік 50% ғана орындалып отыр.
Аймақтың әлеуметтік және экономикалық дамуы экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Халықтың ішкі және сыртқы миграциясы байқалуда. Халықтың ауруға шалдығу деңгейі сонғы жылдарда 2- 3 есе артқан. Халықтың өсуі мыңға шаққанда 15,3 ке кеміген. Балалар өлімінің деңгейі мыңға шаққанда 30,4 құрайды. Негізгі себеп - суға байланысты аурулар. Экстремалды жағдайлар аймақтың әлеуметтік- экономикалық дамуына кедергі келтіреді.
Қазақстандағы қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттарды сараптай және қорытындылай келе ұлттық денгейде ең алдымен шешуші талап ететін маңызды экологиялық мәселелерге мыналар жатады:
1)су ресурстарының тапшылығы;
2)жайылымдар мен егіс танаптарының азуы;
3)урбанизацияланған территориялардың атмосфералық ауасының ластануы;
4)мұнай өндіретін аймақтардағы қоршаған ортаның ластануы;
5)қоршаған ортаның өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен ластануы;
6)ормандар мен ерекше қорғауға алынған территориялардың жетіспеуі;
7)су қорларының шайынды сулармен ластануы;
8)радиациялық ластануы.