Экология лекциялары дәріс №1 Тақырып


Балқаш көлінің экологиялық мәселелері



бет28/32
Дата01.03.2023
өлшемі134,39 Kb.
#70951
түріЛекция
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
ЭКОЛОГИЯ - Лекции - 1-8

4.Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакөл көлдер жүйесімен, батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының көлемі - 112 км , ең үлкен тереңдігі - 26м. Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені, шығыс бөлігіне - шағын өзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды.
Балқаш - жартылай тұщы көл, Балқаштың батыс және шығыс бөліктері бар. Батыс болігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу нәтижесінде Бартоғай су қоймасы жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6км / жылына артқан. Соңғы онжылдықта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден астам төменден, су бетінің ауданы 4,7 мың км кеміген.
Келдің тұщы бөлігіндегі судыц мииералдылығы артып келеді (1,2-ден 1,9 г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-дсн 2,3 г/л дейіи). Судың мииералдылығы, өндіріс орындары мен коммуналдық шаруашылықтың шайынды сулары, суармалы жерлердің қайтымды-дренаж суларының келіп түсуінің артуы нәтижесінде сумен қамтамасыз ету, адамдардың демалу жағдайлары нашарлан, аурулар саны артып отыр.
Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.

  1. Судың ластану мәселесі.

Ластануға судың барлық категориялары: мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеде ұшырайды. Судың, әсіресе, ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтыи маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының төмен болуы себебінен шамамен 5 млн. адам өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 1 млрд.-қа дейін жетеді.
Барлық сулардың құрамында еріген заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, натрий, хлор, калий жатады. Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық затгардың жалпы мөлшерімен немесе құрғақ қалдықпен (г/л) анықталады. Теңіз суында шамамен 35 г/л тұз бөлады. Суларда оргаиикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзалар да болады.
Сулардың ластануы ең біріншіден су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Ластаушы заттарға топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және тағы баска заттар жатады (азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың косылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдық, мұнай және мұнай өнімдері). Ластаушы заттардың басым бөлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркөсіп орындарының қалдықтарымен, су транспорттарымен ластану үлесі де жоғары.
Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілетін өзгертеді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау құрылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалауда атқаратынжағалаулық экожүйелерді жояды. Бұзылған экожүйелердің қалпына келуіне өте көп уақыт керек.
Егіншілікпен айналысатын аудандарда ауыл шаруашылығы судың негізгі ластаушысы болып табылады. Су топырақтың бұзылу өнімдерімен, тыңайтқыштармен, улы химикаттармен, мал шаруашылық кешендерінен шайылған сулармен ластанады. Мал шаруашылық кешендері кейбір аймақтарда негізгі мәселе болып табылады. 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндай кешендердің негізгі ластауы органикалық заттармен және азоттың әр түрлі қосылыстарымен, биологиялық агенттермен байланысты.
Жер үсті немесе жер асты суларына химиялық заттардың, микроорганизмдердің не басқа заттардың түсуі судың ластану көзі деп атапады.
Шайынды сулар - адамның тұрмыстық не өндірістік қызметінде қолданылғаннан кейін шығарылатын сулар және елді мекендер территорияларынан, өнеркәсіптік объектілерден және ауылшаруашылық өрістерден атмосфералық жауын-шашын нәтижесінде ағылатын сулар.
. Бейсенова Ә.С. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Оқу құралы. Алматы, 2004.
2.Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Оқу құралы. Алматы, 1995.
3.Оспанова Г., Бозшатаева. Экология. Оқу құралы. Алматы, 2000.
4.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы,«Ғылым», 1997, қаз.ауд. Көшкімбаев Қ.С.
5. Мәмбетқазиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.
6. Мөмбетказиев Е., Сыбанбеков Қ. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Алматы, «Қайнар», 1990.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет