Атмосферадағы озон мәселесінің адам іс-әрекетімен байланысты екі аспектісі бар;
Озонныңжоғарғы қабаттағы бұзылуы ( «озон экраны»).
Жеріге жақын кеңістіктегі концентрациясының көбеюі.
Озон экранының шекарасындағы озон (О3) екі атом оттегіне ультракүлгін сәулелердің әсерінен оттегі атомы қосылуы арқылы түзіледі. Озон молекуласы О3; тұрақсыз болғандықтан ыдырау нәтижесінде қайтадан 02 түзіліп отырады.
Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабаттарында озонның азаюы 3% құрайды. Егер озонның азаюы 1% болса, онда тері ісігі ауруы 5-7% көтеріледі. Ең көп озонның жойылуы Антарктидада тіркелген. Бұл жерден соңғы 30 жылда озон қабатының 40-50% азайған.
Озон концентрациясының азаюын тіркейтен кеңістік шегін «озон тесігі» деп атаймыз.
«Озон тесігінің» пайда болу себептері осы күнге дейін анық емес. Ең бірінші рет олар XX ғасырда 80-жылдардың басында байқалған.
Озон бұзатын негізгі антропогендік факторге фреондар(хладондар)жатады деп есептейді.
Пропилент - фреондар өте тұрақты газдар, олар атмосферада 100 жыл өмір сүріп, озон қабатына жетіп күшті хлорды бөледі. Әрбір хлор атомы 100 мың озон атомын бұзады.
Монреальдық отырыста 1980ж.-2000ж. көптеген мемлекеттерде фреондарды өндіруді 50% қысқарту және пропилленттерді басқалармен алмастыру.
Бірқатар елдерде(АҚШ, Ұлыбритания, Франция) фреондар (ХФС) (ГХФС) гидрохлорфторкөміртекпен, (ГФС) алмастырылып жатыр, олардын өмір сүруі 2-25 жылға қысқа, О3 ыдырату потенциялы ХФС-ға қараганда 10 есе аз. Озон қабатының тұрақтылығын жоғарылатудың басқа жолдары іздестірілуде. Озон қабағына этан мен пропан беру атомдық хлорды әлсіздендіріп хлорсутекке айналдырады. Тағы да озонның түзілуімен жинақталуына электромагниттік сәулелендіру, лазер сәулелері, электр зарядтары ықпал етеді. Олар оттектің фотодиссоциясын жақсартады және озонның жинақталуымен түзілуіне ықпал етеді
5. «Қышқылдық жаңбырлар» Күкірт оксиді - қышқыл жаңбырдың пайда болуына ықпал ететін негізгі ластаушы. Күкірт антидриді су буларымен қосылып, күкірт қышқылы ертіндісіне айналады. Қышқылдық жаңбырдың түзілуіне .SO2 үлесімі 70% құрайды. Ал 20-30% қышқылдық жаңбырдың басқа шығаруларымен байланысты,әсіресе, оның ішіндс С02.
Алғашқы қышқылдық жаңбырлар 1907-1908жж. Англияда тіркелген. Жаңбыр қышқылдық жаңбыр деп рН 5,5 -тен аз болғанда есептеледі. Қазіргі уақытта жаңбырдың рН 2,2-2,3 жеткен. Мұндай мәндер лимон шырыны немесе тұрмыстық уксустың қышқылдығына жақын. Әсіресе, қышқылдық жаңбырлар Скандинавия елдері үшін, Англия, ФРГ, Белгия, Дания, Польша, Канада, АҚШ солтүстік аудандарына тән.
Қалаларда 70-90% атмосферадағы ластану, соның ішінде, қашқылдық жаңбырлардың түзілуіне автотранспорт себепті. Қышқылдық жаңбырлардың жағымсыз әсерлері әрқилы. Олар топыраққа, су экожүйелеріне, өсімдіктерге, архитектуралы ескерткіштерге, басқа құрылыс обьектілерге әсер етеді.
Қала және ауылдардың ауа ортасын жақсартуда архитектуралық және жоспарлық іс-шаралардың үлкен маңызы бар. Жоспарлау құрылымы ункроклиматты жақсартуға және ауа бассейінін қорғауға ықпал жасау керек. Қоршаған ортаның негізгі ластану көздерін ескеру қажет.
Жасыл ағаштар зиянды қоспаларды, радиоактивтік бөлшектерді заласыздандыратын биофильтр болып табылады.
Жалпы атмосфералық ауаны ластанудан қорғау тек аймақтык немесе тұрғылықты масштабта ғана емес, глобальдық сипатта болуы керек.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Қазіргі ғаламдық экологиялық мәселелер қандай?
2.Атмосфера құрамын сипаттаңыз.
3.Озон қабатының жұқару себептері қандай?
4.Фреоидар қандай зиян әкеледі?
5.Қышқылдық жаңбырлар түсу салдары қандай?
6.«Жылу эффсктісі» манін түсіндіріңіз.
7.Смогтар типтерін атаңыз және олардың адам денсаулығына әкелетін зиянын көрсетіңіз.
8.Қандай заттар канцерогендер деп аталады?