Әктас жене карбонаттар Әктас пен карбонаттардың табиғатта таралуы



бет3/13
Дата06.01.2022
өлшемі213,98 Kb.
#15508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қышқылдық жаңбыр

10.2.1.15 кальций және магний қосылыстарының қышқыл жаңбырлардың әсерінен еру процесін түсіну;

«Қышқылдық жаңбыр» терминін ең алғаш 1872 жылы ағылшын ғалымы Роберт Смит өзінің «Ауа және жаңбыр: химиялық климотологияның бастамасы» кітабында қолданды. Ол кездері басқа ғалымдар қышқылдық жаңбырлардың түзілу теориясын мойындамағанымен, қазіргі таңда ормандардың жойылуының бір себебіне, егіннің өнімділігінің нашарлауына, топырақ құнарлылығының төмендеуіне, мәдени ескерткіштердің бүлінуіне қышқылдық жаңбырдың әсері бар екеніне ешкім күмән келтірмейді.

Әдетте жаңбыр суы әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді. Мұның себебі жаңбыр суы ауадағы көмірқышқыл газын ерітіп, көмір қышқылыны түзеді:

Н2О(с) + СО2(г) Н2СО3(ер)

Қышқыл суда еріп, нәтижесінде жаңбыр суының рН мәні 5,6-5,7 аралығында жатады.

Қышқылдық жаңбыр – жаңбыр суының атмосферадағы күкірт (SO2 және SO3) және азот (NO2) оксидтерімен әрекеттесуінің нәтижесінде түзіледі. Жыл сайын атмосфераға шамамен 200 млн. т күкірт диоксиді, 700 млн. т көміртек монооксиді және 150 млн т. азот оксидтері шығарылады.

Күкірт – көмір (әсіресе коңыр көмірдің құрамында сульфидтер көп), мұнай, темір, мыс және басқада металл кендерінің құрамында сульфидтер, таза күкірт немесе қосылыс күйінде кездеседі. Кендерді өңдеу немесе көмірді жағу кезінде күкірт атмосфераға күкірт (IV) немесе күкірт (VІ) оксиді күйінде таралады. Бірақ қоршаған ортаға көп шығарылатын күкірттің қосылыстарына күкірт (IV) оксиді мен әртүрлі металдардың сульфатын жатқызуға болады.

Ал күкірт қосылыстарының атмосфераға таралуының табиғи көздеріне топырақтағы өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруі кезіндегі биогенді шығарылулар мен жанартаулар атқылауын жатқызуға болады. Дүниежүзінде жыл сайын жанартау атқылауының нәтижесінде атмосфераға 4-16 млн. т күкірт қосылыстары (SO2 түрінде) шығарылады. Атмосферадағы күкірт диоксиді жаңбыр суымен әрекеттесіп, күкіртті қышқыл түзеді:

SO2(г) + Н2О(с) Н2SO3(ер)

Күкіртті қышқыл суда еріп, қышқылдық жаңбыр түзеді.

Азот – көптеген металл кендері, көмір және мұнайдың құрамында кездеседі. Антропогендік факторлардың әсерінен азоттың 93% атмосфераға азот (ІІ) оксиді, NO күйінде шығарылады. Бұл газ ауадағы оттегімен әрекеттесіп, азот (ІV) оксидіне айналады:

2NO(г) + O2(г) 2NO2(г)

Жаңбыр суы ауадағы азот (ІV) оксидін ерітіп, азот қышқылы мен азотты қышқылды түзеді:

Н2О(с) + NО2(г) НNО3(ер) + НNО2(ер)

Түзілген қышқылдар жаңбыр суында еріп, қышқылдық жаңбыр түзеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет