«Ел тірегі елбасы»


Елбасы туралы қызықты деректер



бет3/4
Дата05.04.2023
өлшемі23,46 Kb.
#79764
1   2   3   4
Елбасы туралы қызықты деректер
Алимжанова Фатима:

1. Нұрсұлтан – ата-ананың тілеуімен туған бала. Анасы Әлжан Әбішке тұрмысқа шыққаннан кейін бес жылға дейін құрсақ көтермей, Алладан бала тілеумен болады. Шын тілекті Алла берсе керек, көп ұзамай, Әлжан ана түс көреді. Түсінде теңіз түбінен мылтық тауып алып, оны күйеуі Әбішті қуантайын деп асынып алғанын көреді. Ояна келе ет жақын ағайындарына жорытқанда, олар «Түсің жақсы екен. Құдай сендерге ұл берер» дейді. Көп ұзамай дүниеге Нұрсұлтандай ұл келеді.


Алимжанова Зухра:


2. Елбасының әкесі Әбіштің бағбан болғанын білесіз бе? Әбіш – бір ағаш пен екіншісін будандастарып түрлі жеміс ала беретін бау-бақшаның нағыз білгірі болған. Әкесі туралы Нұрекеңнің өзі: «Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп тұрған таңғажайып жемістерді немесе бір жағында кәдімгі апорт алмасы, екінші жағында уылжыған алмұрт пісіп тұрған ағашты тамашалайтын. Әкем өсірген ондай жемістерді кейін еш жерде көрген емеспін. Өзінің сүйікті сортты алмасы – апортты ол келесі көктемге дейін бұзбай сақтайтын», – деп жазады өз естелігінде.

Абдугаппарова Фотима:


3. Әлжан – дұғасы қабыл болған ана. Ислам дінінде ата-ананың балаға жасаған дұғасы Алла тарапынан сөзсіз қабыл болатын дұғалар қатарына жатады. Тұңғышының тілеуін тілеген ана Нұрсұлтанның кішкентай кезінде «Жарығыма ғұмыр бер!» деп тілеп отырса, кейін Теміртауға кеткенінде: «Ей, Алла! Сұлтаныма амандық, саулық бере гөр! Жұлдызын жарық қыла гөр! Өзіңе тапсырдым, Алла» деп дұға етпей ұйықтамайды екен.

Абдураимова Дилноза:


5. Мәдинада үш ай жаумаған жаңбыр, біздің Елбасымыз барған уақытта жауған. Арабтар мұны ерекше жағдайға балап, оған өзгеше құрмет көрсетіп, алтын тысты Құран сыйға тартқан. Тіпті есіміндегі «Нұр», «Сұлтан» сөздерінің араб тілінен алынғанына назар аударып, риза болысқан.

Суннатуллаева Ғиес:


6. Елбасымыз музыканы бала кезінен жақсы көрген. Кішкентай кезінен мандолин, баянда ойнай білген, домбыра тартқан. Әнді де жақсы айтады, қоңыр дауысы бар.

Маммадвалиева Мохинур:


7. Елбасы – шебер шаңғышы. Бала кезінен шаңғыны жақсы көрген Нұрсұлтан Үшқоңырдың биігінен, небір қиын жолсыз жерлермен сырғанағанда алдына жан салмаған екен
Керемет, елбасымыз туралы қаншама қызықты деректермен таныстық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет