электрондық ОҚУ ҚҰралына қойылатын талаптар 1 Жалпы мағлұмат 5


ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР



бет3/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,56 Mb.
#98090
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР




1.1 Жалпы мағлұмат


Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім – оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н.Макарова «ЖАТ – қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.И.Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Қоғамды информатизациялау заманында – білімді ілгері дамыту, басты ағын болып табылады. Білімді ілгері дамытуда электрондық оқу құралының маңызы ерекше. Электрондық оқу құралы, кәзіргі таңда білім саласында маңызды - қашықтан білім алу жүйесінің дамуына да зор үлесін тигізуде.
Электрондық оқу құралы білім алу процессін жеңілдетеді, сонымен қатар сапасын және тиімділігін арттырады. Оқушының өзіндік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кәзіргі таңда білім алу саласында білім алушының өзіндік жұмысына көп назар аударылған, осы заман талабын электрондық оқу құралы көмегімен орындауда. Электрондық оқу құралының келесідей мүмкіндіктері білім алушының кеңінен қолдануына ықпал жасайды:

  • Таратылу жолы. Қағаз жүзіндегі таратылымдарға қарағанда анағұрлым тиімді. Электронды оқу құралының таратылымы: интернет, электронды пошта, ақпарат тасымалдауға арналған кез-келген құрал арқылы іске асады;

  • Тақырыптың мәтіндік сипатталуынан басқа, аудио, видио, графиктік сипаттамаларын көруге болады. ЮНЕСКО зерттеулері бойынша аудио қабылдау ақпараттың тек 12% қабылдауға мүмкіндік береді, визуалды қабылдау ақпараттың тек 25% қабылдауға мүмкіндік береді, ал аудиовизуалды қабылдау ақпараттың 65% қабылдауына мүмкіндік жасайды;

  • Өзіндік тәжирибелік жұмыстарды жасауға болады. Яғни программалау технологиялары көмегімен виртуалды зертханаларды жасау мүмкін;

  • Керекті мәліметтерді тез таба алады. Мәтінді іздеу функциясын автоматтандыру нәтижесінде;

  • Қажетті фрагменттерді қайта көруге және өңдеуге мүмкіндік бар;

  • Көлемі үлкен ақпарат тиімді сақталады, өңделеді, және сол ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді;

  • Өз білімін тексере алу мүмкіндігінің бар болуы.

Қоғамды информатизациялау бағыты ұстаздан келесі міндетті шарттарды орындауларына талап етеді:
- кәзіргі қоғамды ақпараттандыру заманына сәйкес, білім беру, тәрбие беру жолында қолданатын әдістемеліктердің замаңға сай сапасын арттыру;
- білім алушының қажетті мәліметтерді өңдеу, қабылдау, тәжірибелік- ізденіс процессінде өзіндік білім алуына мүмкіндік жасайтын әдістемелік оқұ жүйесін құрастыру.
- білім алушының білім деңгейін көрсететін тексеру әдістемеліктерді құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет