Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс. Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. А.т құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, гаджеттер,байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Кіріспе Техниканың дамуы біз үшін жаңа ғасыр беттерін ашуда. Қай салада болмасын бүгінгі техника мүмкіндігі алға қадам басуда. Оның бүгінгі білімнің сапалы болуына тигізер әсері біршама. Атап айтсақ, қарапайым қолданыста жүрген калькулятордан бастап, ноутбуктерге дейінгі қажеттілік. Заман дамыған сайын қолданысқа енген жаңа құрылғылар тілімізге түрлі терминдер қатарын енгізді. Ғалымдардың айтуы бойынша, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.
Гаджет.
Га́джет (ағыл. gadget — құрал, кұрылғы, жабдық, керек-жарақ) — кішігірім құрылғы, адам өмірін жаңаруға,жақсартуға және жеңілдетуге арналған құрал.Гаджеттер әртүрлі сфера дамыған жабдық, мысалы: спорт — фитнес-трекерлері, смарт-браслеттер, спорттык девайстер, ақылды киімдер, медицинада: электронды пластырлер, трикодерлер; ойын-сауықта: смартфондар, планшеттер, музыка тындайтын плеерлер, ойынға арналган приставкалар, 3D очкилер, т.б. Бүгінгі күннің жаһандану заманында гаджеттерді барлық салада пайдаланамыз.
Гаджеттің түрлері.
Болашақ гаджеттері
2015 жылы
Қолданылып жүрген гаджеттер:
Фотоаппарат- сабақтарға презентация құрау үшін;
Видеокамера- химия,физикадан жаңа тақырыптарға және тәжірибелерді бейне арқылы жүзеге асыру;
Мультимедиялық проектор- өзіндік жұмыстарға арналған, жаңа материалдарды толықтыру, білімді тексеру үшін;
Электронды кітаптар – керекті материалды алуға, оқуға арналған;
Сканер- компьютерге жалғайтын интерфейс. Бейнені оригиналдан ғана сканерлейді
Принтер-мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы
Компьютер-есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала
белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға
екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Балаларға арналған ең керекті гаджеттер Қазіргі XXI ғ дамыған заманда әрбір баланың үйінде электронды кұрылғылар бар. Әрбір гаджеттің зияны болғанымен пайдасы жағында ұмытпау керекпіз. Мысалы оқушыларға арналған «PocketBook» электронды кітап гаджеті. Ең басты ерекшелігі оқушы өзге тілде оқуға болатын сөздіктері бар, көзге кері әсері жоқ құрылғы. Интерактивті глобус Intelliglobe Replogle. Қаламы бар,дауысты глобус. Басылған нүкте бойынша тандаған мемлекет жайлы барлық мәліметтерді білуге арналған гаджет.Мұхит,теңіз,өзен,климат,тілі,уақытын т.б. Ақпаратты айтып береді.
Балаларға арналған ең керекті гаджеттер Қазіргі XXI ғ дамыған заманда әрбір баланың үйінде электронды кұрылғылар бар. Әрбір гаджеттің зияны болғанымен пайдасы жағында ұмытпау керекпіз. Мысалы оқушыларға арналған «PocketBook» электронды кітап гаджеті. Ең басты ерекшелігі оқушы өзге тілде оқуға болатын сөздіктері бар, көзге кері әсері жоқ құрылғы. Интерактивті глобус Intelliglobe Replogle. Қаламы бар,дауысты глобус. Басылған нүкте бойынша тандаған мемлекет жайлы барлық мәліметтерді білуге арналған гаджет.Мұхит,теңіз,өзен,климат,тілі,уақытын т.б. Ақпаратты айтып береді.