«Электротехника» пәнінен ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет18/28
Дата15.06.2023
өлшемі0,78 Mb.
#101743
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Аспаптың аты

Өлшенетін шама

Шартты белгісі

амперметр

ток күші

A

вольтметр

кернеу

V

омметр

электр кедергісі



ватметр

электр қуаты

W

частотометр

ток жиілігі

Hz

Өлшенетін токтың түріне қарай приборлар айнымалы ток приборлары, тұрақты ток приборлары және тұрақты ток пен айнымалы токты бірдей өлшей алатын приборлар деп бөлінеді.



Өлшенетін жүргізілген шегіне қарай

айнымалы

~

тұрақты

-

айнымалы-тұрақты

~
-

үш фазалы

~
~
~

Приборларды А, Б және В үш негізгі группаға арнап шығарады. Түрліше пайдалану группасындағы шартты белгілер кестеде келтірілген.





Топтар

Қоршаған ауаның t , C°

А

0-ден +35-ке дейін

Б

-30-дан +40-қа дейін

В1

-40-тан +50-ге дейін

В2

-50-ден +60-қа дейін

Әрбір электр өлшеуіш прибордың шкаласында шартты белгілер мен прибордың конструкциясы және пайдалануы жөніндегі қажетті мәліметтер көрсетіледі.



Өлшегенде аспаптың орналасуы

Шартты белгісі

Тік қалыпты


Көлденең


30°-тық бұрышпен




Барлық системалардағы электр өлшеуіш приборларға мындай техникалық талаптар қойылды:


- дәл көрсетуі және сенімді жұмыс істеуімен қоса құны арзан болуға тиіс;
- барынша аз қуат жұмсалуы керек; - өлшенетін тізбектің электрлік параметрлеріне елеулі өзгеріс кіргізбейтін қасиеті болуға тиіс; - шкаланың жұмысшы бөлігінің шегінде бөліктерінің бір келкі болып келуі; - барынша үлкен шектен тыс жүкке шыдайтын қасиеті; - сапасын жоймай жұмыс мерзімінің ұзақ болуы; - ток өтетін бөліктердің корпустан сенімді изоляциялануы; - көрсетуі іс жүзінде сыртқы факторлардың әсеріне тәуелсіз болуы керек; - прибордың стрелкасы шкаланың тиісті бөлігіне тез орналасуға тиіс.

Бекіту сұрақтары:



  1. Өлшеу деген не?

  2. Электрлік өлшеу аспаптарының жүйесінің түрлері?

  3. Өлшеу шегін қалай ұлғайтамыз?

  4. Электр энергиясының шығынын қандай аспаптармен өлшейді?

  5. Бергіштер не үшін қажет?

  6. Жұмыс шығынын қалай анықтаймыз?

  7. Электрлік емес шамаларды өлшеу аспаптары?

12 сабақ. Ток күшін өлшеу.
Амперметрдің өлшеу шегін ұлғайту


Құзіреттілік:
Ақпараттық: Электрлік аспап түрі нақты қай шаманы өлшеуге арналғанын білу, ондағы көрсетілетін өлшеудің әдісін игеру.
Коммуникативтік: Амперметрдің шегін ұлғайту үшін қосымша кедергіні жалғау.
Мәселені шешу: Қауіпсіздік ережесін сақтап, қондырғыларды ұқыпты ұстауға және есеп шығару икем дағдыларын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Қолданылатын технология: Ақпараттық коммуникативтік технология.
Қолданылатын құрал жабдықтар: Электрлік өлшеуіш аспаптар мультимедиа проектор, слайдтар жинағы.
Қолданылған әдебиеттер: Ахметов А.К. «Электротехника» А.: Фолиант 2010 ж. Нәдіров Е.Е., Балабатыров С.Б., Ғали К.О. «Электротехника және электроника негіздері» Алматы 2012 ж


Әдістемелік нұсқау
Электр тізбектеріндегі ток күштерін өлшеу үшін әр түрлі системалы амперметрлер, миллиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады. Осы амперметрлердің өлшеу шегін ұлғайтуды меңгереді.


Дәріс
Электр тізбектеріндегі ток күштерін өлшеу үшін әр түрлі системалы амперметрлер, миллиамперметрлер және микроамперметрлер қолданылады. Оларды тізбекке тізбектеп жалғайтындықтан, прибор арқылы тізбек арқылы өтетін барлық ток өтеді.
Түрлі электрлік өлшеулер жүргізгенде өлшеуіш приборлардың оны жалғаған тізбектегі электрлік режимді мейлінше аз өзгерткені өте маңызды.
Соған байланысты амперметрдің кедергісі, тізбектің кедергісімен салыстырғанда елеусіз болуға тиіс. Электр тізбегіне кернеу U=10 в электр энергиясының көзі жалғанған болсын. Тұтынушының кедергісі Мұндай тізбектегі ток Ом заңы бойынша:
.
Осы токты өлшеуге қолданғалы отырған миллиамперметрдің кедергісі болсын. Сонда приборды тізбекке қосқанда ондағы ток мынадай болып шыңады

Сөйтіп, тізбекке кедергісі үлкен приборды жалғасақ, онда оның электрлік режимі бұзылады да, өлшенген ток кушінің қатесі 0,3 а болады.
Бұл мысалдан тізбектегі ток кушін мумкін болғанша кедергісі мейлінше аз болатын прибормен өлшеген дұрыс. Амперметрді ток көзінің полюстеріне жүксіз қосуға болмайды. Өйткені амперметрдің кедергісі аз обмоткаларынан үлкен ток өткенде, оның жанып кетуі мүмкін. Сондайақ амперметрді жүкке параллель жалғауға болмайды. Кейбір системаға жататын электр өлшеуіш приборлардың обмоткалары және жеке элементтері арқылы, оларды істен шығарып алмау үшін, қандай болғанмен елеулі үлкен ток өткізуге болмайды.
Атап айтқанда магнитоэлектрлік прибордың спирпль пружинасы мен жылжымалы катушкасын ескерген жөн.
Егер мұнай өлшеуіш прибормен елеулі ток күштерін өлшеуге қолдану қажет болып қалса, яғни амперметрдің өлшеу шегін ұлғайту керек болса, онда прибор шунтпен жабдықталады.
Шунт дегеніміз, өлшеуіш механизимге параллель жалғанатын мейлінше аз, бірақ дәл өлшенген кедергі ( ). Шунтты осылай жалғанғанда тізбек арқылы өткен токтың n бөлігінің тек бір бөлігі ғана прибордан өтеді де қалған (n ) есе кіші. Мұндағы n сан амперметрдің өлшеу шегін неше есе ұлғайту керек екенін көрсетеді. Сөйтіп, шунт прибордың өлшеу шегін кеңейту үшін қолданылады.
Амперметр ток күшін өлшеуге мүмкіншілік беретін болсын, ал бізге осы прибормен ток күшін өлшеу қажет дейік. Демек, прибордың өлшеу шегін рет өсіруге тиіспіз. Амперметрге, оның өлшеу шегін ұлғайту үшін параллель жалғанатын шунттың кедергісін мына формула бойынша анықтай аламыз:

Егер амперметрдің кедергісі 0,15 ом болса, онда шунттың кедергісі

Шунтты приборға жалғанғаннан кейін прибор шкаласының әрбір бөлігі, онда көрсетілген шамадан n есе үлкен шамаға сәйкес келеді. Біздің жағдайда, егер шунтталған прибордың стрелкасы шкаланың 5 бөлігін көрсетсе, онда тізбектен өтетін токтың күші
I=5
Шунттың төрт қышқылы болу керек, сонда шунттың кедергісіне контактілердің ауыспалы кедергілері әсер етпейді. Шунттарды магниннен жасайды. Манганин кедергісінің температуралық коэффициенті іс жүзінде нольге тең.

Бекіту сұрақтары:



  1. Ток күші, кернеу, кедергі қандай аспаптармен өлшенеді?

  2. Шунт дегеніміз не?

  3. Шунтты қандай материалдан жасайды?

  4. Шунттың кедергісінің формуласы?

  5. Шунтты амперметрге қалай жалғаймыз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет