Әлем елдері Ұлы дағдарыстан қалай шықты? №2 сабағы


Германия 1929 жылғы дағдарыс ауыр және созылмалы болды. Ал 9 млн жұмыссыз, жалақы 2 есе азайды, ірі банктер жабылды. Жапония



бет2/4
Дата06.02.2023
өлшемі0,74 Mb.
#65608
түріСабақ
1   2   3   4
Германия 1929 жылғы дағдарыс ауыр және созылмалы болды. Ал 9 млн жұмыссыз, жалақы 2 есе азайды, ірі банктер жабылды.
Жапония 1923 жылғы 1 қыркүйектегі жер сілкінісі көп зиян келтірді. Дүниежүзілік дағдарыста жалақы 25 – 45 % азайды , тауарлардың экспорты 2 еседен артық қысқарды. Жібек маталар өңдірісі 4 есеге азайды. Жұмыссыздар саны 10 млн-ға жетті.

Зардаптары: 1. Өндіріс XX ғасырдың басы деңгейіне дейін төмендеп кетті,яғни 30 жыл кейін шегінді; 2. Нарықтық экономикамен дамыған индустриальді елдерде жұмыссыздар саны 30 млн. жеттi; 3. Фермерлермен ұсақ саудугерлердің,орта таптың өкілдерінің жағдайы төмендеді. Олардың көбі кедейшіліктің шегіне жетті; 4. Бала тууы кенеттен төмендеп кетті. 5. Коммунистік, оңшыл экстремистік (фашистік) партиялардың жақтаушылары көбейіп кетті.


Дағдарыстан шығу жолдары
Ұлыбританияда «Үнемдеу» жоспарына сәйкес 85 млн ф.с. қаржы алынды. Салықтың жаңа түрлерi енгiзiлдi. Макдональд премьердiң жалақысын 20%-ға қысқартты. Монополияға жеңілдіктер жасалды. Нәтижесінде Өндiрiс қайтадан жұмыс iстей бастады. Жұмыссыздардың саны 2086 мың адам-нан, 1937 жылы 1665 мың адамға азайды. Өнеркәсiп өнiмдерiн шығару 20%-ға өстi. Өнеркәсiптiң жаңа салалары қайтадан жұмыс iстей бастады.
Италия Муссолини үкіметі ірі монополистік бірлестіктердің құрылуына жағдай жасады. Ауыл шаруашылығында өнімді белгілеген баға бойынша мемлекеттік өткізу жүйесі белгіленді, ел экономикасы соғыс бағытына ауыстырыла бастады.
Германия дағдарыстан шығу мақсатында халықшаруашылығын жаппай милитаризациялауға көшті. Елде фашистік диктатура орнап, тоталитарлық экономикалық жүйе орнығып, экономика соғыс мақсатына сәйкестендіріліп қайта құрылды . Ауыл шаруашылығы қатаң реттеуге ұшырады. Басшылықта ірі кәсіпкерлер мен банк қызметкерлері болды. «Неміс еңбек майданы» экономиканы еңбек қорларымен қамтамасыз етті. Нәтижесінде жұмыссыздық азайды.
Жапония Германия сияқты экономикалық дағдарыстан 1929-1933 жылдары елді милитарландыру және әскери басқыншылық жолымен шықты. Халықты жаппай жұмылдыру туралы заң жұмысшыларды басыбайлық жағдайға жеткізді. Кәсіподақтар таратылып, жұмыс күні 14-16 сағатқа ұзартылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет