Әлем флорасы мен фаунасы пәнінің мақсаты мен міндеттері



бет6/15
Дата06.06.2023
өлшемі83,87 Kb.
#99250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Флора фауна

Биіктік белдеулігі , тік белдемдік – таубиіктігіне байланысты табиғат құбылыстарының белгілі заңдылықпен өзгеруі. Биіктік артқан сайын күн радиациясы күшейеді, бірақ ауа температурасы (1 км биіктікте 5 – 6°С-қа) мен қысымы (11 – 15 м биіктікте 1 мм-ге) төмендеп, құрамы өзгереді; белгілі бір биіктікке (жауын-шашынның ең көп түсетін белдеуі) дейін ылғалдылық көбейе береді де, одан жоғары қайтадан азая бастайды. Климаттық белдеуге байланысты таудағы топырақ, өсімдік, жануарлар, жиналатын судың мөлшері, тіпті жер бедері, яғни бүкіл ландшафт өзгереді. Таудың ең төменгі белдеуінің ландшафтысы сол тау жатқан ендік бағыттағы белдемге сәйкес болады. Мысалы, Орта Азиядағы таудың етегінде шөлді ландшафт, одан жоғарыда шөбі шүйгін дала, одан әрі орманды белдеу, бұлардан жоғары альпі шалғыны, ең жоғарыда көп жылдық қар мен мұздықтыңнивальдық белдеуі жатады. Көптеген жергілікті жағдайларға, тау беткейлерінің экспозициясына және желдердің соғуына байланысты Биіктік белдеулігі әр түрлі биіктікке сәйкес келеді. Биіктік белдеулігі Қазақстан тауларының барлығында дерлік тараған және ол солтүстіктен (Алтайдан) оңтүстікке қарай (Тянь-Шань тауларына дейін) әр түрлі Биіктік белдеулігі құрып отырады. Егер таулық орман белдеуі Алтайда 700 – 900 м биіктікте болса, Жетісу(Жоңғар) Алатауында 900 – 1100 м, Іле Алатауында 1200 м биіктіктен басталады. Қазақстанда Іле өзені аңғарынан (400 м) басталып, Талғар шыңына дейін созылып жатқан Іле Алатауының Биіктік белдеулігінде Жер бетіндегі табиғат белдеулері түгел кездеседі. 200 км-ге созылған табиғаттың ғажап Биіктік белдеулігі үлгісі Р.И. Аболиннің 1930ж. шыққан «Балқаш өңірінің шөл даласынан Хантәңірі қарлы шыңына дейін» атты еңбегінде баяндалған.
14.Организмдірдің көптүрлілігі проблемасы.

  1. Құрлықтың табиғат зоналары.


  1. Құрлықтың фауналық аудандастырылуы.

17.Мұхиттарды биогеографиялық аудандастыру.
Мұхиттарды биогеографиялық аудандастыруда облыс, облыс тармағы, провинция бірліктері қолданады. Мұхиттарды негізінен 6 - биогеографиялық облысқа бөледі. 1. Арктикалық 2. Бореалды–Атлантикалық 3. Бореопацификалық 4. Тропика–Атлантикалық 5. Тропикоиндопацификалық 6. Антарктикалық. 

1. Арктикалық облыс, тұрақты температурасы 0ºС шамасында. Шпицберген аралы, Беринг теңізі, Евразия мен Солтүстік Америка кіреді. Жазда мұз ерісімен алдымен фитопланктондар, одан соң зоопланктондар көбейеді. Мұнда киттәрізділер, шағалалар көп. Сүтқоректілерден – теңіз мысығы, морждар, ақ аюлар кездеседі. Балықтардан сайка және новага. Омыртқасыздардан - жамбас құрттар, тең аяқтылар тіршілік етеді. Өсімдіктерден – қоңыр балдырлар, көк-жасыл балдырлар, қызыл балдырлар кездеседі.
2-3. Бореалды–Атлантикалық , Бореопацификалық. Мәңгі мұз жамылғысы жауып жатады. Су температурасы жоғары. Жануарлар дүниесі де баршылық. Әсіресе кәсіптік балықтар көп. Мұнда тіссіз киттер, дельфиндер, тюлендер, құстардан шағалалар. Балықтардан бекіре тұқымдастар, лососьтар. Әсіресе балықтардың – кета, нерка уылдырық шашар кезінде Шығыс Кипр өзендеріне шығады, ал Американдық түрлер уылдырық шашуға Солтүстік Американың Тынық мұхитқа құятын өзендеріне шығады. Құстардан эндемиктер бар. Сүтқоректілерден құлақты тюлен, теңіз мысығы, сивуч, сұр киттер (қазір құрып кеткен). XVIII ғ. ұзындығы 8-10 м., салмағы 3,5 т. жететін Стеллер су сиыры жойылып кеткен. Оны кезінде В. Беринг ашқан болатын. Бореалды – Атлантика облысының фаунасы кедейлеу. Бұл жерде эндемиктерден – ақ тұмсықты дельфин, ұзын тұмсықты тюлень ғана кездеседі .
4-5. Тропика–Атлантикалық және Тропикоиндопацификалық облыстарының ұқсастықтары бар. Бұларға тән – коралл рифтері. Сол сияқты – фараминифералар, қанат-аяқты моллюскалар, буылтық құрттар, сальпілер өте көп. Балдырлардан – саргассум тұқымдастары. Жануарлардан – полиптер, медузалар, моллюскалар, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Балық түрлері сан алуан әсіресе түрлі түстілер көп. Сондай-ақ теңіз тасбақасы (жағаға жұмыртқа салады). Құстардан – фаэтондар, сүтқоректілерден – ақ бауыр тюлендер, кашалоттар кең тараған. 
Тропика–Үнді–Тынық мұхиттың фаунасы да ерекше. Мұнда карлик кашалот, улы теңіз жыланы кездеседі. Олар балаларын тірі туатындар, кейде теңіз жағасына шығады. Балықтан семсер балық (рыба-меч) тән. 
6. Антарктиалық облыс. Судың температурасы өте төмен. Мәңгі мұз жатады. Әсіресе айсбергтер көп. Сондықтан суыққа төзімді хайуанаттар көп кездеседі. Құстардан топталып пингвиндер тіршілік етеді. 
Мұнда тікенді балықтың өкілдері көп. Сүтқоректілерден – сивуч, теңіз мысығы, құлақты тюлендер. Нағыз тюлендерден – теңіз пілі, теңіз қабланы кездеседі. Әсіресе тіссіз киттердің түрі көп. Бірақ қазір көбін қырып-жойып санын азайтып отыр. Бұл жерде ең үлкен көк кит (33 метр) бар. Құстардан патша альбатросы кездеседі. (Оңтүстік шекарасы - 60ºо.е. жетеді). 
Бұл облыста киттің 12 түрі, теңіз мысықтары, килькалар, сардиндер, акулалар кездеседі. Бұл облысқа Субантарктика, Африка подоблысы кіреді. Ол оңтүстік Африка жағалауын қамтиды. Мұнда пингвиндер, теңіз мысықтары бар. Сол сияқты Оңтүстік Америка жағалауын қамтиды. Мұнда теңіз мысығы, пингвиндер көп. 
18. Құрлықтың флоралық аудандастырылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет