Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология»


Дәріс №2. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшелігі



бет2/31
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Дәріс №2. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология ерекшелігі


Жоспары

  1. Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік технология түсінігі, мәні.

  2. Әлеуметтік жұмыс компоненттеріндегі әлеуметтік технологиялар

Әлеуметтік технология – бұл танымдық қызмет нәтижелерін қалай және қандай ретпен спецификалық операция жүргізу қажеттігін зерттейтін ғылыми білім кеңістігі.


Тар мағынада «әлеуметтік технологияның» 2 түсініктемесі бар:
Біріншіден, әлеуметтік технология - бұл қандай да бір нәтиже алуға қажеттіліктің пайда болуы негізінде нақты бір әлеуметтік объектіге мақсатты бағытталған процесс. Осыдан әлеуметтік технологияларды бір сапқа тізілген нақты прагматика деп атауға болады. Яғни әлеуметтік технологиялардың мынадай сатылары бар: 1) мақсат; 2) құрал; 3) нәтиже. Мақсат, құралдың координация және субординациясы, модельдеу және жобалау, критерий және баға жүйесі, мағыналы ұсыныстар және сценарийлер, әлеуметтік ұйымдастыру.
Екіншіден, әлеуметтік технологиялар бұл - әлеуметтік объектіге мақсатты бағытталған процессті зерттейтін теория, яғни осындай әсер етуге қажетті тиімді әдістер мен тәсілдерді өңдеп жасайды. Бұларды жасау барысында әлеуметтік объект мағынасына мән бермейді. Әлеуметтік объектілер қатарына әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік әсер ету, әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым жатуы мүмкін.
Әлеуметтік объект әлеуметтік жүйенің бөлігі, және басқа әлеуметтік объектілермен тығыз байланысты болғандықтан, әлеуметтік объектінің кез-келген өзгерісі басқа әлеуметтік объектілердің өзгерісіне әкеліп соқтырады. Сондықтан әлеуметтік технология барлық мүмкін болатын өзгерістерді ескеріп отыруы керек.
Жоғарыдағы айтып кеткендерге орай әлеуметтік технологиялар базалық және бөліктік деп бөлінеді.
Базалық технологиялар әлеуметтік объектіні стратегиялық (ұзақ мерзімге) жобалау. Базалық технологиялардың мәні: 1) жеке және қоғамдық, индивидуалды гармонизация; 2) табиғаты жағынан гуманизм нышаны бар мақсатты әлеуметтік технологияларды қолдану; 3) әлеуметтік субьектінің шығармашылық жіне белсенділік мүмкіншіліктерінің дамуы.
Бөліктік формасы бұл әлеуметтік объектіге тактикалы-оперативті (қысқа мерзімді) әсер ету. Бұған әлеуметтік конструкция жасау, қарым – қатынас пен операцияны реттеу, әр түрлі деңгейде әлеуметтік өзара қарым-қатынасты оптимизациялау.
Бүгінгі күні әлеуметтік технология мәніне екі негізгі көзқарас қалыптасқан.
Біріншісі, Дж.Томастың көзқарасы. Оның ойынша әлеуметтік технологиялардың мәні әлеуметтік тәжірибенің әр түрлі бағытына әлеуметтік инновациялар енгізгенде көрінеді екен. Оның ойынша инновациялық әлеуметтік технологияларға әлеуметтік зерттеулер, зерттеу бағдарламаларын өңдеу, модельдерді жасау, әлеуметтік эксперимент, жаңа әдістемелерді құру. Инновацияға оны шынайы жасайтын арнайы құралдар енеді. Әлеуметтік технологияларды жүзеге асыру – бұл: 1) әлеуметтік шындық пен әлеуметтік объектіге қорытынды жасау; 2) объектінің өзгерісіне қарай әлеуметтік технологияларды өңдеу; 3) әлеуметтік технологияларды тарату (еңгізу); 4)объекті ге технологиялық әсер етуден болған өзгерісті зерттеу; 5) әлеуметтік технологиялардың әсер ету барысынан шыққан нәтижені бағалау.
Әлеуметтік технологияларды қолдану қандай да болмасын тәжірибені іске қоспас бұрын осы іс-әрекеттің алдын-ала моделі, макеті, жобасы және т.б. жүзеге асыруға мүмкін болатын нұсқасы құрылады. Әлеуметтік технология мүмкін болатын тәжірибелік іс-әрекеттерді реттеп жүйелейді. Әлеуметтік технологияның мәні – не істеу керектігінде емес, қандай ретпен жүзеге асыруына көңіл бөледі. Әлеуметтік технология бұдан басқа тәжірибелік іс-әрекетті жобалап және болжап қана қоймай, оның салдарын да болжап жобалай алуы қажет. Сонымен, Дж.Томастың көзқарасы бойынша, әлеуметтік технология әлеуметтік әр түрлі тәжірибелерге әлеуметтік инновацияларды еңгізу инструменті ретінде қажет.
Екінші көзқарасты Н.С.Данакин ұсынған. Оның ойынша, әлеуметтік технологиялардың болуы әлеуметтік нақтылықпен байлансты. Себебі әлеуметтік технологиялар әлеуметтік процесстердің жылжуына себебші болады. Яғни, егер әлеуметтік технологияларды операциялардың бір ізділігі ретінде қарастыратын болсақ, онда ол әлеуметтік процесс болып шығады. Осы көзқарас бойынша әлеуметтік технологиялардың мәні объективті және субъективті жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік процестің дамуын оптималды жобалау.
Қандай да болмасын мәселені шешу үшін әлеуметтік технологияға жоба құру қажеттігі туады, оның өзі бірнеше процестен тұрады:

  1. процесстің қалыптасуы;

  2. оны мақсатқа бағыттау;

  3. оны оптимизациялау;

  4. оның тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  5. өзін-өзі реттеу механизмін жасау;

  6. даму үшін оңтайлы жағдаймен қамтамасыз ету.

Әлеуметтік - бұл қоғамдық құбылыс болғандықтан, әлеуметтік технологияларды түрлі кеңістік нышандары бойынша бөледі:

  1. қоғамды құқықтық қамтамасыз ету;

  2. саяси әкімшілік-билікті реттеу;

  3. қоғамның экономикалық қызмет етуі;

  4. компьютерлік байланыс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын ақапаратпен қамтамасыз ету;

  5. рухани-мәдени даму.

Жоғарыдағы классификация негізінде әлеуметтік жұмыстың технологиясы қоғамның барлық кеңістіктерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Тар мағынада әлеуметтік жұмыс – бұл мемлекет тарапынан кепілдеме беріліп аз қамтылған әлеуметтік көмекті қажет ететін халықтың әр түрлі категорияларына әлеуметтік көмек пен қолдауды кешенді жүзеге асыру бағыты.
Қазіргі кезде елімізде әлеуметтік жұмыс жүйесінің институционализациясы жүріп жатыр. Перспективасында әлеуметтік қызметкердің қызмет кеңістігіне тек әлеуметтік көмекті қажет ететіндер ғана емес, сонымен қатар түгел әлеуметтік кеңістік жатады. Осыған орай әлеуметтік жұмысқа 3 кампонент енеді:

  1. әлеуметтікжұмыс оқу пән ретінде;

  2. әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;

  3. әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет түрі ретінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет