Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен техналогиялары пәні бойынша дәрістер Дәріс №1. Кіріспе. Әлеуметтік технология мәні, классификациясы «әлеуметтік технология»


Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі экологиялық теорияның «Өмір моделі»



бет7/31
Дата23.11.2022
өлшемі0,86 Mb.
#52085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Әлеуметтік жұмыс тәжірибесіндегі экологиялық теорияның «Өмір моделі»
Әлеуметтік жұмыстың теориялық жүйесінде әр түрлі ғылымдардың объектісіне айналатын, пәнаралық ерекшелігі бар мәселелерді бөліп көрсетуге болады. Т.Парсонс әлеуметтік жүйе мен организм арасында белгілі бір шекара қою керектігін ұсынған. Яғни психологиялық және әлеуметтік сала бір-бірінен дербес болу керек деген. Егер де әлеуметтік кеңістікте мәселе туындайтын болса, психологиялық жүйе адамды қорғап қалады деген. Егер де осы жүйе бұзылатын жағдай болса, тұлғаның дезадаптациясына әкеліп соқтырады. Мұндай әлеуметтік-психологиялық мәселелерге статустың өзгеруі, жеке-тұлғалық кеңістіктің қайта құрылуыжатады (қашқындар, мигранттар және эмигранттар).
Әлеуметтік қызметкер клиентпен психоәлеуметтік жұмыс жүргізу барысында, қоғамдағы әсер ететінәлеуметтік факторларды және шарттарды, екінші жағынан – жаңа өмір ортасына тиімдіі бейімделу механизмдерін, үшінші жағынан – клиенттерде дербес түрде бейімделу дағдыларын қалыптастыруға үйрету қажет. Осылайша әлеуметтік қызметкер осы модельді қолдана отырып клиентке мәселені шешуге көмектеседі және өмір сүру кеңістігіне де әсер етеді.
Дәріс №4. Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиясы: өзіндік байланысы


Жоспары

  1. «Технология», «әдіс» ұғымдары

  2. Әлеуметтік жұмыс әдісі мен технологиясының байланысы

Технология — (гр. «техне», көркемөнер, шеберлік, «лойке» – ақылдылық, ішкі заңдылық, ізділік дегенді білдіреді) бір нәрсеге әсер етуде қолданылатын әдістер жиынтығы. Технология бұл объектінің сапалы түрде қызмет етуіне қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі. Бұл түсінік өндіріс саласында қалыптасқан.


Өндіріс саласында технология деп - өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс аталады.
Кез келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер "технология" деген атауға ие болады. Әлеуметтік технология термині жаңа термин. Ең алғаш «әлеуметтік технология» ұғымын 1976ж. Н.Стефанова «Общественные науки и социальная технология» атты еңбегінде қолданған. Әлеуметтік технология – бұл қоғамдық қатынастарға жетудің нақты тәсілі, оның мәні операциялық қызметтің жүзеге асырылуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет