Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


Кесте 5.4.1. Ғылым мен псевдо-ғылымның 6 ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет42/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66
Кесте 5.4.1. Ғылым мен псевдо-ғылымның 6 ерекшеліктері
Ғылым
Псевдо-ғылым
1 Бақылау немесе тәжірибе 
арқылы мұқият тексерілетін 
тұжырымдама жасайды
Бақылау немесе тәжірибе 
арқылы мұқият тексеру мүмкін 
емес немесе өте қиын болатын 
тұжырымдама жасайды
2 Қалыптасқан ғылыми теория 
мен деректерге сәйкес келетін 
тұжырымдама жасайды
Қалыптасқан ғылыми теория 
мен деректерге сәйкес келмейтін 
тұжырымдама жасайды
3
Деректердің бұрмалануын құп 
көреді
Деректердің бұрмалануын құп 
көрмейді және елемейді
4 Нақты, түсінікті тілді 
қолданады
Нақты емес, түсініксіз тілді 
қолданады
5 Үнемі алмасады, дамиды
Дамымайды
6
Салмақты және шираған 
зерттеуге негізделеді
Зертеу өткізуге салмақты 
шешімдер қабылдамайды
5.5. Медицинадағы критикалық ойлау
Кітап, газет, журнал мен теледидар және интернетте 
ғылыми зерттеуге сүйенген әдіс пен дәрілік құралдың 
тиімділігі туралы тұжырымдамамен жиі кездескен 
боларсыз. Олар көбінесе: «Ғылыми зерттеу А дәрісі (немесе 
емдеу әдісі) расымен де симптомдарды жеңілдететіндігін/ 
Б алдын алатындығын көрсетіп отыр». Дегенмен, мұндай 
тұжырымдаманың көбі сенімді және олардың бір бөлігі теріс 
түсінікте болып, сізді адасушылыққа алып келуі мүмкін.
Медициналық тұжырымдарға ерекше сақ болу қажет. Себебі, 
оған көзсіз сену сіздің денсаулығыңызға зиян әкелуі мүмкін! 
Сіз келесі тұжырымдаманы қалай қабылдар едіңіз? 


131
Егерде ғалым болмасаңыз, ғылыми зерттеуге деген 
мына шақыруларды қалай бағалайсыз? 
«Журналдағы «Пайдалы тағам» мақаласы елу адамға 
жүргізілген ғылыми зерттеу бойынша, бір жыл ішіндегі 
пайдалы тағаммен тамақтану адамның асқазанындағы 
жараны жоғалтуы мүмкін екендігін көрсетіп отыр».
«Мың қазақстандыққа жүргізілген зерттеу, климаттық 
ерекшелікті ескергенде барлық қазақстандықтар өз 
дастархандарында қазы-қартаны қолданулары қажет 
екендіктерін көрсеткен».
Көп жағдайда жоғары білікті ғалым-дәрігерлердің 
ұсыныстары мен сенімді ақпарат көзіне сүйенуге 
болады. Бірақ, мұндай жол сілтер дүние болмаған 
жағдайда да критикалық ойлаушы медициналық зерттеу 
туралы тұщымды тұжырым жасай алады. Ол үшін сізге 
медициналық зерттеудің бірнеше сипаттамасы мен 
шектеуін түсіну қажет.
Бір реткі зерттеу
Медициналық зерттеу жүргізу мұқият жұмысты 
қажет етеді. Бірақ, әрдайым зерттеу барысында зерттеу 
нәтижесіне кері әсер ететін әртүрлі жағдайлар кездесіп 
жатады. Тіпті, ғылыми зерттеу танымал ғылыми журналда 
жарияланған болса бұл жоғары сапалы екендігіне кепілдік 
бола алмайды. Зерттеудің төмен нәтижеге ие болуына 
әсерін тигізетін келесі жағдайларды атап кетсек болады:
1. Күтілген нәтижеге қатысты ғалымдардың теріс пікірде 
болуы нәтижені бұрмалауы мүмкін.
2. Іріктеу өте кішкентай және алдын ала ойластырылмаған 
болуы мүмкін. 


132
3. Мәліметтерді статистикалық талдау кезінде қате кетуі 
мүмкін.
4. Мәліметтердің қолдан жасалынуы сирек кездеседі. 
(күтілген нәтижені алу мақсатында).
Осы және басқа да қателіктерді мүмкіндігінше азайту 
үшін және расымен алдын ала, нақты нәтижеге келу үшін, 
ғалымдар зерттеу мәліметтерін бірнеше рет басқа да 
іріктеулерде көрсетулері қажет. Егерде «Бәрекелдімен» 
болған мысалды еске алатын болсақ, Қазақтан Ұлттық 
ғылым академиясының ғалымдары Сізге басқа мектептер 
мен параллель сыныптарға тәжірибе жүргізіп көруге кеңес 
берген болатын.
Қарама-қайшы нәтижелер. 
Бәлкім, Сіз келесі ғылыми тұжырымдамамен 
кездескен боларсыз: «С дәруменін қолдану тұмау кезінде 
жәрдемдеседі», ал келесі жерде «С дәруменін қолдану 
тұмау кезінде жәрдемдеспейді». Сіз бұл тұжырымдардың 
қайсысына сенесіз? 
Егер Сіз ғалым болмасаңыз, бұл тұжырымдардың 
қайсысы дұрыс екендігін шешу сізге қиынға түседі. 
Әртүрлі зерттеулердің қарама-қайшы нәтижелері кезінде 
критикалық ойлай алатын адамға ол тұжырымдардың 
біріне ғана сенуге болмайды. Әлдеқайда көп адам қатысқан, 
неғұрлым мұқият жасалынған жаңа зерттеуді күтуі қажет.
Бекітілген деректерді жоққа шығаратын зерттеу. 
Сіз бір ғылыми журналдан «қант артық салмақтан 


133
арылуға көмектеседі деген» сенсациялық бір жаңалық 
оқыдыңыз деп елестетіңіз. Сіз оны қалай қабылдар 
едіңіз? Егерде сіз өзіңіздің бірнеше килограмм артық 
салмағыңызды тастай алмай жүрген болсаңыз, осыған 
дейін өзіңізді тиып келген: тәтті нан, шеколад, тоқаш, т.с.с. 
сатып алуға қуана-қуана жақын маңдағы дүкенге жүгірер 
ме едіңіз?
Әрине, жоқ. Критикалық ойлай алатын адам ретінде Сіз 
бұл сенсациялық зерттеу бір рет қана өткізілгендігін, әлі 
ешбір ғалым мұны қайталамағандығын түсінуіңіз қажет. 
Екіншіден қанттың пайдасы жайлы бұл жаңалық делелді 
деректермен бұрыннан қалыптасқан, көптеген жылдар 
бойы сан рет тексерілген тұжырымға қарсы. Әрине, қант 
артық салмақтан арылуға көмектесуі мүмкін, бірақ, бұл 
тұжырымға сену үшін, Сізге келесі мұқият жасалынған 
зерттеу нәтижесін күтуге тура келеді. Ал, егерде көптеген 
ғалымдар көптеген емделушілерді тарта отырып, мұқият 
зерттеу негізінде бұл гипотезаны дәлелдесе, мархабат, 
қалағаныңызды жеп арықтауды күте беруіңізге болады.
Жануарларға жасалынған зерттеу. 
Жануарларға жасалынған зерттеулер ғалымдарға 
адамдардың ауруларын ұғыну мен емдеу тәсілін жақсы 
түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер дәрінің, 
емнің, емдеу тәсілінің кейбір мүмкін болатын қосымша 
және жағымды әсері туралы мәліметтер беруі мүмкін. 
Бірақ, мұндай зерттеулерден де абай болған жөн. Өйткені,
жануарға пайдалы немесе зиянды болған дүние адам 
ағзасына дәл сондай әсер ететіндігіне ешқандай кепілдік 
бере алмайды. Бұл жануар мен адам ағзасындағы 
генетикалық, 
физиологиялық 
айырмашылықтарға 


134
байланысты. Яғни, қарапайым тілмен айтқанда, адам-
жануар емес. Медицина саласындағы атақты жазушы 
Виктор Конның сөзімен айтсақ: 
«Ғалымдардың басты міндеті жануарды дұрыс 
таңдауда болып келеді. Жануарлар адам ауруын зерттеу 
үшін үлгі болып табылады. 
Мысалы, сауыт арқалаушы жәндік – алапесті, мысық – 
саңыраулықты, шимпанзе - СПИДті, тышқан – қатерлі ісік 
пен қояншықты, егеуқұйрық-қартаю мен диабетті зерттеу 
үшін қолданылады. Алайда, бірде-бір жануар адамның кез-
келген ауруы үшін толық қанағаттанарлықтай үлгі бола 
алмайды.
Адамның өліп кетуі мүмкін болатын морфин 
мөлшері ит үшін тек қана тыныштанарлықтай болып 
табылады. Күшән ерітіндісі адамға қатерлі ісік алып келсе, 
жануарларға ондай әсері жоқ».
Виктор Кон сөзінің негізгі мағынасы неде екендігін 
ойланып көріңізші? Жануарларға жүргізілген зерттеулер 
нәтижесі адам ағзасында да дәл сондай болады дегенге 
көзсіз сенуге болмайтындығын айтып отыр. Критикалық 
ойлай алатын адам ретінде Сіз «ғылыми зерттеулер С 
дәруменін қабылдап жүрген адамдарда жүрек талмасы 
пайда болу қатері бар» деген сияқты тұжырымдар 
адамдарға емес, жануарларға жасалынған зерттеулерге 
негізделіп айтылуы мүмкін екендігін түсінуіңіз қажет. Ал, 
егерде зерттеу жануарларға жүргізілген болып шықса, 
Сізге мұндай тұжырымдарға шүба келтіріп қарауыңызға 
кеңес береміз. 
Медициналық дүмшелікті қалай тануға болады?


135
Критикалық ойлай алмайтын адам үшін медициналық 
дүмшелікке бой алдыру оңай болады. Медициналық 
дүмшелік – қаржылық табысты молайту мақсатында
сапасыз және дәлелденбеген тауар мен қызметті 
ұсыну болып табылады. Ұтымды қолданушы ретінде 
Сізге өз денсаулығыңыз бен қаржыңызды сақтау 
үшін медициналық дүмшелікті танып- білуіңіз қажет. 
Медициналық дүмшелікті танып – білуші мамандар 
сіздің өміріңізді жеңілдетіп отыр! Төменде медициналық 
дүмшеліктің жалпы сипаттамасы келтірілген:
1. Сәт сағатта, еш ауруды сезінбейтін емдеуді уәде етеді. 
2. Бұл тауарды өздері қолданбаса да, танымал әртіс, әнші, 
спортшылардың сөздері қолданылады.
3. Онша танымал емес, тірекуде жоқ клиника және 
оқу орындарында жұмыс жасайтын профессор, 
докторлардың сөздері келтіріледі.
4. Псевдо-ғылым жаргондары қолданылады. Мысалы, кез-


136
келген ауруды немесе қал-ахуалыңызды емдеуге уәде 
берудің орнына медициналық дүмшелер «иммундық 
жүйеңізді нығайту», «ағзаңызды табиғатпен үндестікке 
алып келуді» және с.с. нәрселерді уәде етеді.
5. Бір реткі селқос жасалынған зерттеуге негізделе 
отырып ұсынылатын тауарларлар сәйкесінше, атақты 
ғылыми журналдарда жарияланбайды.


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет