Елімізді тұғыры мықты, дамыған мемлекетке айналдыру


«...бар ғылымның өзі қиялдан,ойлаудан



Pdf көрінісі
бет45/66
Дата05.12.2023
өлшемі3,31 Mb.
#134523
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66
«...бар ғылымның өзі қиялдан,ойлаудан 
туған. Адам осы жаралыстың бір бөлігі, 
бұл жаралыс табиғаттан бөлек емес».
Шәкәрім
«Ойдағы қателік сөздегі қателікті 
тудырады,сөздегі қателік істегі 
қателікті тудырады».
Д .И.Писарев


142
БАҚ және 
критикалық 
ойлау
6


143
Бұл бөлімде біз өмірімізде алар орны ерекше 
Бұқаралық ақпарат құралдарын қарастырамыз. Ұсынылған 
ақпараттың қайсысына ойланып қарау қажеттігін, қандай 
ақпаратқа сенуге болатынын және қандай ақпарат күмән 
тудыратыны жайлы сөз қозғамақшымыз. Бұл бөлім сізге 
күнделікті өміріңізде кездесіп жататын ақпараттарды 
бағалауда критикалық ойлау дағдысын қалыптастыруға 
жәрдемдеседі. 
6.1. «БАҚ» дегеніміз не?
Біз бүгінде жан-жағымыздан сансыз ақпараттар ағылып 
жатқан, ақпараттық ғасырда өмір сүреміз. Ақпаратты радио, 
телеарна, интернет, газет-журнал, кітапша, тақтайшалар 
және т.б. арқылы аламыз. Күнделікті қаламызда, елімізде, 
әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болу үшін 
теледидар қараймыз, мақалалар оқимыз. Егерде көңілімізді 
сергіткіміз келсе, сүйікті сериалымызды немесе ұнаған 
бағдарламамызды көреміз. Теледидар бағдарламаларын 
көрген кезде, сабақ арасындағы «үзіліс» сияқты 
жарнамалық роликтер қосарланып шығып отырады. 
(Алайда, үзілістер көп жағдайда оқушыларды қуанышқа 
кенелтсе, ал, жарнама көбінесе ашуыңды туғызады.) 
Сіз өміріңізде қаласаңыз да, қаламасаңыз да кездесіп 
жататын әртүрлі ақпараттарға қатысты мысалдар өте көп.
Осыншама көп ақпараттар ағыны кезінде ненің ақиқат, 
ненің ақиқатқа жақын екендігін ажыратып жатудың 
орнына, барлығын қаз-қалпында қабылдай салу жеңілірек 
болатындығына келісесіз ғой?! 
Сіздің күнделікті естіп, оқып жүрген ақпаратыңыздың 
көбісі Сізге 
Бұқаралық ақпарат құралдары
немесе БАҚ-масс-
медиа деп атап кеткен құрал арқылы жетеді. Неге «бұқара-


144
лық»? 
Ө
йткені, БАҚ ауқымды 
көрермендер мен тыңдаушы-
ларға, бұқаралық қабылдауға 
бағытталған. Бұл мақсатқа 
жету үшін бұқаралық ақпарат 
құралдары адамдарды ақпа-
раттандырады, 
көңілдерін 
сергітеді, сендіреді. Олар бұл 
істерін телеарна, радио, ин-
тернет, кітапша, тақтайшалар арқылы жүзеге асырады. 
БАҚ-қа тікелей эфир, жаңалықтар, сериалдар, ток-шоу, 
бейне баяндар, фильмдер, жарнамалар және т.б. жатады.
Алайда, БАҚ ұғымы мұнымен шектелмейді. БАҚ термині 
ақпаратты тарату ісімен тікелей айналасушы адамдарға 
да қатысты қолданады. Міне, осылай журналистер, жаңа-
лықтар мен бағдарламалар жүргізушілері, телеоператор-
лар осы осы БАҚ-қа жатады.
Осыған орай, БАҚ өте ауқымды тақырып болып 
табылады. Бұл бөлімде біз БАҚ-тың ең көп таралған түрі: 
жаңалықтар мен жарнамаларға көңіл аударамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет