Эмбриология


Макрофагтық жүйе туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет118/279
Дата15.11.2023
өлшемі74,12 Mb.
#123696
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   279
Байланысты:
Афанасьев

Макрофагтық жүйе туралы түсінік. 
Бұл жүйеге борпылдак талшыкты 
дәнекер тіннің макрофагтары (гистиоциттер), бауырдын синусоидты 
тамырларыныңжүлдызтәрізді жасушалары, канжасам мүшелерінің (кызыл 
жілік майының, көкбауырдың, лимфа түйінінің) еркін және орныккан 
макрофагтары, өкпе макрофагтары, кабыну экссудатының макрофагта­
ры (перитонеалдык макрофагтар), остеокласттар, бөгде заттардын алып 
жасушалары және жүйке тінінін глиалдык макрофагтары (микроглия) 
жаткызылады. Олардын барлығы да белсенді макрофагтар. Фагоциттел- 
ген материал жасушаның ішінде ферменттердің көмегімен ыдыратылады, 
осының нәтижесінде мүшеде пайда болтан, немесе сырттан түскен, ор- 
ганизмге зиянды агенттер жойылады. Жасушалардың үстіңгі беткейінде 
иммуноглобулиндердің рецепторлары бар және кызыл жілік майынын 
промонониттерінен және канның моноциттерінен пайда болады. Мұндай 
«маманданған» фагоциттерден айырмашылығы, факультативтік жұту 
кабілетіне фибробластылар, ретикулярлык жасушалар, эндотелиоциттер, 
нейтрофилді гранулоциттер т.б. ие. Бірак, бұл жасушалар макрофагтык 
жүйенің кұрамына кірмейді. Эволюция барысында жасуша ішілік ас 
корыту түрінде пайда болып, көп жасушаларда тұрақтандырылған фа­
гоцитоз, екінші жағынан маңызды корғаныштық механизм болып 
табылатындығы туралы ойға И. И. Мечников бірінші болып келді. Ол 
оларды бір жүйеге біріктіру кажеттілігін дәлелдеп, оны макрофагтык 
деп атауды ұсынды. Макрофагтык жүйе аса куатты корғаныш аппара­
ты болып табылады, ол организмнін корғаныштык реакцияларының 
жалпы түрлеріне де, жергілікті түрлеріне де қатысады. Тұтас организм- 
де макрофагтык жүйе жергілікті механизмдермен де, жүйкелік және 
эндокриндік жүйелермен де реттеледі. 1930—1940 жылдарда бұл корғаныш 
жүйесін ретикулоэндотелиалдык деп атаған. Акырғы жылдарда оны 
мононуклеарлык фагоциттер жүйесі деп атап жүр, бірак бүл оны толык 
сипаттамайды, өйткені жүйенің кұрамына кіретін жасушалардын ішінде 
көпядролы жасушалар да (остеокласттар) бар.


200
8-Тарау. Дәнекер тіндер
Толык (мес) жасушалар (мастоциттер, тіндік базофилдер, лаброциттер). Бұл
терминмен цитоплазмасында, базофилді гранулоциттердін түйіршіктерін 
еске түсіретін, маманданған ерекше түйіршіктері бар жасушалар атала- 
ды. Тіндік базофилдер канның үюын төмендетуге қатысады, гематотіндік 
тоскауылдын өткізгіштігін жоғарылатады, кабыну үдерісіне, иммуногенезге 
т.б. эсер етеді. Адамда тіндік базофилдер борпылдак дәнекер тіннің кабаты 
бар жерлердің бәрінде де табылады. Тіндік базофилдер, әсіресе, ас корыту 
жолдарынын мүшелерінін кабырғаларында, жатырда, сүт бездерінде, тиму- 
ста, бадамша бездерінде аса көп болады. Олар микроайналым арнасынын 
тамырларының — кылтамырлардын, артериолалардың, венулалардын және 
ұсак лимфа тамырларының бойында орналасады (8.5-сурет, 
а
).
Тіндік базофилдердің пішіні әр түрлі болады. Жасушалар дұрыс емес 
пішінді, сопакша болуы мүмкін. Кейде бұл жасушалардың кыска жалпак 
өсінділері болады, бұл олардың амеба сиякты кимыл-козғалыска кабілеттігімен 
анықталады. Адамда бұл жасушалардың ені 4 мкм-ден 14 мкм-ге дейін, ал 
ұзындығы 22 мкм-ге дейін толкиды. Жасушалардың ядролары баскалармен 
салыстырғанда үлкен емес, әдетте дөнгелек немесе сопакша пішінді, тығыз 
орналаскан хроматині болады. Цитоплазмасында көптеген түйіршіктері бар. 
Түйіршіктердің көлемі, кұрамы және мөлшері әркилы. Олардын диаметрі ша- 
мамен 0,3—1 мкм (8.5-сурет, 
б).
Түйіршіктердің аз бөлігі ортохроматиялы бо- 
ялатын азурофилді лизосомалар. Түйіршіктердің көбі метахромазиялығымен 
сипатталады, кұрамында гепарин, хондроитин күкірт кышкылының А және 
С түрлері, гиалурон кышкылы, гистамин, серотонин болады. Түйіршіктердін 
кұрылысы торлы, табакшалы, кристалл тәрізді және аралас болып келеді.
Тіндік базофилдердін органеллалары (митохондриялары, Гольджи кешені, 
эндоплазмалык торы) нашар дамыған. Цитоплазмасында әр түрлі фермент- 
тер: протеазалар, липазалар, кышкыл және сілтілі фосфатазалар, пероксида- 
за, цитохромоксидаза, АТФ-аза т.б. ажыратылған. Бірак, маркерлік фермент 
болып гистидиндекарбоксилаза есептеледі, оның көмегімен гистидиннен ги­
стамин синтезделеді.
Тіндік базофилдер өздерінің түйіршіктерін өндіруге және бөлуге кабілетті. 
Физиологиялык жағдайдың кез келген өзгерісіне және патогеннің әсеріне 
жауап ретінде тіндік базофилдердің дегрануляциясынын жүруі мүмкін. Мес 
жасушаларынан биогенді аминдердін ерігіш компоненттерінің секреция- 
сы жолымен де (гистаминнің секрециясы) шығуы жүре алады. Гистамин 
кан кылтамырларының шұғыл кеңеюіне әкеліп, олардың кабырғасынын 
өткізгіштігін жоғарылатады, бұл жергілікті ісінулермен белгіленеді. Ол соны- 
мен бірге, гипотензивті касиетке ие және манызды кабыну медиаторы болып 
табылады.
Гистамин, жасуша аралык заттың өткізгіштік касиетін және канның ұюын 
төмендететін, кабынуға карсы ыкпал көрсететін гепаринге карсы эсер таны- 
тады.
Тіндік базофилдердін саны организмнің физиологиялык жағдайына 
байланысты өзгеріп отырады: жүктілік кезінде жатырда, сүт бездерінде, ал 
асказанда, ішекте, бауырда аскорытудың жоғарғы шегінде көбейеді.


8.1. Меншікті дәнекер тін
201


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   279




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет