2. Жылқының сегіз қасиеті


Алты мың жылдық тарихы бар қымыз енді қазақтікі емес!



бет4/6
Дата22.01.2023
өлшемі7,63 Mb.
#62237
1   2   3   4   5   6
Алты мың жылдық тарихы бар қымыз енді қазақтікі емес!
Патенттеуге шебер шетелдіктер бізден тез қимылдапты. Нәтижесінде ата сусын-қымызымыз немістерге тиесілі боп шықты. Шұбат –еврейлерде, қазы-италиялықтарда. Мөрі басылған қағазға түк те қыла алмайсыз. Бүгінде елімізде 10 шақты кәсіпкер қымыз, шұбат шығарады, ал бір Германияда осындай 50 кәсіпорын бар. «Берсең-қолыңнан, бермесең-жолыңнан» деп, ата сусынды алдымыздан тартып әкетті деп, -БАҚ жарыса жазды. Бұл бекер сөз. Қымыздың, еттің өзін емес, өнімнің түрін жаңаша сипатта қолданысқа енгізіп, патенттеген. Мысалы, қымыздан жасалынған сабынды, сусабынды, косметикалық далаптарды патенттеген. Менің бір білгенім-патенттік бюрода қымызды патенттеу туралы цикл жоқ екен. Қазақстанды қымыздың отаны деп әспеттегенімізбен, ешқандай жұмыс жасалып жатпағаны байқалады. Мемлекеттің қымыз өндірісін қолдау жағы да жұтаң. Ғалымдардың қолын қаржы байлайды. Себебі, қымыздың сапасын анықтайтын стандарт жоқ. Ал оны жолға салу үшін миллиондаған бюджеттен қаржы керек. Осының бәрін көріп, зерттей келе, болашақта Қазақстанда қымыз өндіретін үлкен зауыт ашу керек деп білемін. Қазақ үшін ең қасиетті болып саналатын жануар-жылқы екендігі белгілі. Басты қасиеті: жүрек,қан,тамыр ауруларына: суық райлы адамдар үшін, бүйрек жұмысын жақсартуға, мүшелердің қалтылдағына, буын сүйектерді жібітуге қолданылады.
Басты ем болатын аурулары және қолданылуы:
Шаш қарайтуға жылқы еті жуылған суға шашымызды жуып тұрсақ,таз,теміреткінің салдарынан ағарған шашты қарайтады. Ұмытшақтыққа жылқы жүрегін қуырып жесе пайдалы болады.

Бүйректің жұмысын жақсарту үшін жылқы етін қақтап,пісіріп сүтпен бірге ішіп-жейді.

Қантамыр ауруларына,холестериннің артуынан болатын жүрек, қантамыры ауруларына: жылқы етін және майын біршама ұзақ уақыт лайықты мөлшерде тұтынса, холестеринді төмендетіп, қан қысымының жоғарылауын тежейді.

Қиюласпаған сүйектерді, орнына дұрыс түспеген буындарды түзетуге: қазақ оташылары жоғарыдағыдай кінәраттарды оңдау үшін көбінесе жылқы майын қолданады. Адам жығылып, болмаса жарақат алғанда жылқының шарбы майымен жібітіп, сүйектерді жинаған.

Бүйе шаққанда: Уытты қайтару үшін, атты қатты терлетіп, ер тоқымының ішпегіне сіңген терді суға жуыпшығарып алып,тыныстай алмай қатты қызып, күйіп-жанып жатқан адамға даярланған судан бір шыны ішкізеді. Тіпті жылқының иісінен жылан қорқып,жоламайды екен. Осылайша жалғастырып бірнеше шыны ішкізсе,дене қызуы қайтып,науқас тынышталады. Және аттың терісіне шүберекті шылап,жараға тартады. Халық ауызында «жылан жылқының тері иісінен қорқады» дейтін сөз бар. Жылан шағудан сақтану үшін жолаушы жүріп немесе мал, егін күзетінде жүріп, далада ұйықтайтын болса, ерді жастанып, тоқымды төсеніп,айыл-тұрманды қоршап қойса жылан жоламайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет