22. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Тәуке хан


-Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру



бет5/6
Дата22.12.2023
өлшемі31,93 Kb.
#142624
1   2   3   4   5   6
-Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.[1].Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.[2].
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
-100 жыл бұрын, яғни 5 желтоқсанда Орынборда ІІ жалпықазақ съезі өз жұмысын бастаған болатын. Тәуелсіздікті мұрат еткен осы алқалы жиынның нәтижесінде қазақ қайраткерлері Алаш автономиясы атаған ұлттық мемлекет дүниеге келді. Бұл мемлекетіміздің тарихындағы ұлы серпіліске із салған аса маңызды қадам болды. Алғашқы ұлттық үкіметтің ғұмыры қысқа болғанымен, Алаш қозғалысы мыңдаған адамның санасына ой салды, егемендіктің елес емес екенін аңғартты, ең ақыры болашақ һәм бүгінгі тәуелсіздіктің негізін қалады.
Айта кету керек, бірінші жалпықазақ съезі 1917 жылғы 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өткен болатын. Сол кездегі ұлттың сөзін сөйлеген «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы съезд мәселесін көтеріп, күн тәртібінде «Қазақ саяси партиясын жасауды» ұсынды. Нәтижесінде Орынбордағы тұңғыш жалпықазақ съезінде қазақ саяси партиясын кұру туралы мәселе қаралып, мынадай шешім қабылданды: «Қазақ халқының өз алдында саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шураи исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық, федеративтік парламенттік республикаға кұрылмақ ...». Міне, осылайша қазақ партиясының ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді.
Ал 1917 жылы 5-13 желтоқсанында Орынбордағы екінші жалпықазақ съезі өтіп, онда Алаш автономиясы жарияланды. «Алаш» атын ұрандаған қайраткерлер ұйымдастырған Орынбор съезінде ең басты мәселе - қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қаралғаны белгілі. Съез алмағайып заманда батыл қадамдарға дем берді, «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешімді қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейхан сайланды. Түпкі мақсат - ұлттық автономиялық мемлекет құруға бағытталды.
- Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы – 1905 жылдан бастап 1920 жылдың көктеміне дейін ұласқан және Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыған ұлт-азаттық саяси және мәдени қозғалыс. Оның ауқымына осы кезеңдегі оқиғалар енеді. 1905 жылы «Қарқаралы құзырхаты» және басқа да саяси-қоғамдық шаралардан басталған қозғалыс Қазақ өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитеті тарапынан 1920 жылғы 5 наурызда таратылғанына дейін Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып шын мәніндегі ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. «Алаш партиясы», «Алаш автономиясы», «Алашорданың Халық Кеңесі» осы қозғалыстың аясында туған саяси құбылыстар.
Алаш партиясы
Алаш партиясын құру мәселесі алғаш рет ресми түрде 1917 жылғы 21-26 шілдеде өткізілген І жалпықазақ сиезінде көтерілді. Оның күн тәртібінде: «Қазақ саяси партиясы» деп көрсетілді [1, 363]. Сондай-ақ, сиез қаулысында: «...партияның негізі демократическая федеративная парламентарная республикаға құрылмақ» делінген. Яғни бұдан аңғаратынымыз, партияның бағыты республика құруға негізделетіндігі. Сондай-ақ, қаулыда партияның жобасын жасау да айтылған. Алаш партиясының І жалпықазақ сиезінен кейін саяси аренаға шыққанын байқаймыз. Оған дәлел Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау тұсындағы Алаш партиясының белсенділігі. І жалпықазақ сиезіне дейін Құрылтайға депутаттар сайлау мәселесі көтеріле бастады. «Қазақ» газетінде 4 шілдеде Ә.Бөкейхан «Қазақ депутаттары» мақаласы жарық көрді. Мұнда автор Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау мәселесін көтеріп, қазақ сиезін ұйымдастыруға құрылған бюроның депутаттыққа кандидаттар іріктегенін және олардың аты-жөндерін де көрсетеді [2]. Бұл аталған I сиезге дейінгі жағдай. Ал сиезден кейін Құрылтайға депутаттар облыстардан ұсыныла бастады. Мысалы, тамызда Түркістан аймағы қазақ-қырғыздарының жалпы жиналысынан, Торғай облысы ІІ қазақ сиезінен, қыркүйекте Семей облыстық кеңесінен ұсынылды. «Қазақ» газетінің 5 қазандағы санында «Алаш партиясы» атты мақала жарияланып, бұғанға дейін қазақ саяси партиясы немесе ұлттық партия аталынып келген партия атауы жөнінде айтылды. «Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр. Жалпы қазақ сиезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз алдына саяси партия болуын қостайтындар сайлауда кандидат списогін «Алаш» партиясының списогі деп жүргізілер керек» делінген [3]. Міне, осы редакциялық мақаладан кейін Құрылтайға сайлау «Алаш» партиясының атынан жүргізіле бастады. Мысалы, «Қазақ» газетінің 19 қазандағы санында «Алаш партиясы атынан Құрылтай жиылысына аталған депутаттар тізімі» атты ақпарат жарияланды [4]. Онда Торғай, Семей, Ақмола, Орал облысынан ұсынылған депутаттар тізімі жарияланды. Газеттің 28 қазандағы санында тағы да осындай тізім жарияланып, онда Торғай, Ақмола, Семей, Орал, Жетісу, Бөкей Ордасынан ұсынылған депутаттар аталды. Сондай-ақ, партияға қатысты ең басты, маңызды оқиға – «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қазандағы санында жарық көрген «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы болды [5]. Оның авторлары – Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Ғұмарұлы, Е.Тұрмұхамедұлы, Ғ.Жүндібайұлы, Ғ.Бірімжанұлы.
24 .Көшпелілер тарихын кезеңдеу. Көшпеліліктің қалыптасуының алғышарттары: табиғи-географиялық және әлеуметтік-мәдени факторлар. Мал шаруашылығының рөлі мен маңызының артуы. Әлеуметтік құрылымы мен қоғамдық құрылысы.
- Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік - экономикалық даму жүйесі, шаруашылық - мәдени типі.
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б. з. д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелілер өмірі таза, қулық - сұмдықтан, отырықшы - қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрінді. Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200—400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Моңғолия, Жоңғария, Араб түбегі, Оңтүстік-батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейтті аймақтар, Африка континенті жатады. Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады. Жоңғар, Іле, Қырғыз Алатауындағы тау бөктерлерінде жылына 500 миллиметрден астам ылғал түседі. Бұл өңірлерде, әсіресе өзен-көлі сулары маңайында, ежелден егіншілік пайда болып, отырықшы мәдениет қалыптасқан. Құнарлы топырақты, жұмсақ климатты Сыр бойы, Шу, Талас аймақтарында қола дәуірінен бастап-ақ егіншілік дамып, орта ғасырларда біршама дамыған қала мәдениеті қалыптасқан. Дегенмен де осы егіншілік, отырықшы мәдениет қалыптасқан аймақтардың өз ішінде де мал шаруашылығы егіншілікпен қатар дамып, жалпы алғанда, бұл өңірлердің де шаруашылық-мәдени тұрпаты жартылай отырықшы, жартылай көшпелі болған. Әр заманда климаттық ауытқуларға, тарихи-саяси, этномәдени ахуалдарға байланысты бұл өңірлерде бірде отырықшы, жартылай отырықшы егіншілік шаруашылық пен тұрмыс қалыптасса, (мөлшермен VI—XIII ғғ. аралығы), ал енді бір замандарда (қола, ерте темір дәуірі, соңғы орта ғасырлардан XX ғ. басына дейін) жартылай көшпелі, кей аудандарында тіпті көшпелі шаруашылық мәдени тұрпаты қалыптасты. Палеоклиматология ғылымында әрбір континенттің өз ішінде ұзақ мерзімдік климаттық ауытқулармен қатар 100—200 жылдар бойы ауысып келіп отыратын климаттық-табиғи жағдайлар жиі кездеседі. Осындай табиғи-климаттық өзгерістер ұлан-байтақ жерімізді ежелден мекендеген халықтың (ал біз солардың тегін, мәдениетін жалғастырушы екенімізде шүбә болмауы керек) шаруашылық мәдени кескінінің, түрлерінің әр замандарда белгілі бір өзгерістерге ұшырап отыруына міндетті түрде әсер еткен. Көшпеліліктің эволюциясы. Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды.
-

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет