«Алаш» партиясы 1917-1920 жылдары өмір сүрді. 1917 жылдың 21 қараша күні «Қазақ» газетінде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және съез материалдары жарияланды. «Алаш» партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ зияларының ғылыми жұмыстарымен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ тілінде басылымдар шығару әрекетімен де, көркем әдебиетімен де айналысқанын көруге болады. 917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл сиезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті.
«Үш жүз» партиясы 1917-19 жылдары өмір сүрді. «Үш жүз»партиясы. Төңкеріс ақуалы жағдайында 1917ж. қарашада Қазақстанда тағы бір ұлттық саяси «Үш жүз» партиясы құрылды, Ол өзін Қазақ социалистік партиясы деп жариялады. Аталған партия кедей халықтың және ұлттық интеллигенцияның бөлігінің мүдделерін білдіре отырып, елдегі демократиялық өзгерістерге қолдау көрсетуге тырысты. Партия 1918ж. жаз мезгіліне дейін жұмыс істеді. Оның ұйымдастырушысы және идея ұсынушысы Көлбай Тоғысов болды. К.Тоғысов та басқалар сияқты өз халқын құтқаруда дұрыс жолды таба алмады. Ол үшін демократиялық республика идеал ретінде болды, алайда оған келу жолын, нағыз бостандыққа қалай қол жеткізу керек екенін К.Тоғысов түсінбегендіктен шешу мүмкін болмады. Сондықтан оны эсерлердің танымал ұрандары, сосын большевиктердің социализм идеясы қызықтырды. Ол демократия идеяларын, эсерлердің ұрандарын және дәстүрлі мұсылмандық бағыттарды біріктіруге тырысты.
Қайраткерлері
Алихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан Тынышпайұлы, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Халел және Жанша Досмұхамедовтер, Жақып Ақбаев және т.б
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші жалпықазақ съезі өтеді. Съездегі қаралған аса маңызды мәселелер: қазақ-қырғыз автономиясы; милиция құру; ұлт кеңесі; оқу мәселесі т.б..
Бұл съезде автономияны жариялау мерзімі туралы қызу тартыстар бірнеше күнге созылды. Осы съезде Алаштың аяулы азаматы Міржақып Дулатов баяндама жасады: қазақ даласында медресе мен мектептердің аздығын, қазақ тілінде оқулықтардың жетіспейтінін, сондықтан міндетті түрде ұлттық мектептерді құру керектігін тілге тиек етті. Осы мәселе бойынша құрамы 5 адамнан тұратын бастауыш және орта мектептерге арналған қазақ тілінде оқулық жазатын комиссия құрылды. Комиссия орталық ұлттық кеңеспен бірге болу керек. Комиссияға оқулықтан басқа да жұмыстар жүктелді. Атап айтсақ: ұлттық мектептерге арналған бағдарламалар; мұғалімдерге арналған нұсқаулар; бала тәрбиесі жөніндегі кітаптар; барлық қырғыз-қазақ мектептерінде халықтық білім беру іс-шараларының ережелерін жасау; қазақ тілінде жазу үлгілерін енгізу; қазақ тіліне пайдалы кітаптарды, брошюраларды аудару т.с.с. Комиссия 1918 жылдың басынан жұмысқа кірісу керек. Өздері құрастырған кітаптарын, бағдарламаларын баспаға жариялап отыру қажет. Комиссия құптамаған окулықтар басылымға шығарылмайды. Комиссия жұмысына қаражатты облыстық земстволар ұлттық қордан бөлуге тиіс делінген.
Міне, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына осындай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Білімді жастар, еліне салауатты да сауатты қызмет етеріне деген үміт болатын.
«Үш жүз» саяси ұйымындағы жетекшілік рольдерді бұрынғы қорғаушы адвокат, журналист және драматург Көлбай Төгісов, фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Əйтпенов атқарды. ОК-тінің алғашқы төрағасы М.Әйтпенов, орынбасары К.Төгісов, хатшысы Ы.Көбеков болды. Орталық органы «Үш жүз» гәзеті, оған Төгісов редакторлық етті. Өзінің әлеуметтік тегі жағынан ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Қазіргі уақытта көп тараған пікірге қарамастан, «Үш жүз» саяси ұйымы құрылған күнінен бастап социалисттік партия болған жоқ. 1917 жылы Мұқан Əйтпенов партия төрағасы болған кезде, партия өз гәзетінде русофобтық ойлар айтса, 1918 жылы Мұқан Əйтпенов қызметінен босатылып, орнына К.Төгісов тағайындалғаннан кеін Сталинмен тілдесудің нәтижесінде эсерлерді қолдап, олармен бірігуге ұмтылады.[1]Партияда әрдайым идеялық күрес жүрді. 1917 ж. қараша-желтоқсаны күрт тербеліс, шатасқан және қарама-қайшы шешімдер қабылдау кезеңі болды. Оның қызметі екі кезеңнен тұрады. Біріншісі-1917 жылғы қараша мен желтоқсан айын қамтитын ұйымдастыру кезеңі, Қазанның азаттық идеяларының ықпалы арқылы ұсақ-буржуазиялық революциялық-демократиялық ұйым ретінде пайда болды және қалыптасты. Осы кезеңде оның төрағасы М. Әйтпенов болды. Ол түркі-татар халықтарының мүдделерін қорғауды ұсынды. "Үш жүз" партиясы жарты жыл өмір сүрді. Ыдырау себептері: ұйымдастырушылықтың жоқтығы, партияның көптеген мүшелерінің идеялық тұрақсыздығы, тәртіптің нашарлығы, ішкі саяси күрес. Осылайша, партияның белгілі бір бөлігі Төгісовке қарсы партияның пайдасы үшін бай элементтерден салықтарды заңсыз жинауда көрініс тапқан, түрлі қызметтік теріс пайдаланушылықтарда айып тағылды.
Қорытынды
«Алаш» партиясының қазақ тарихында алар орны ерекше. Алаш зиялыларының негізгі көздеген мақсаттары сол кезеңдердегі қарапайым қазақ халқының жағдайын жақсарту, халықтың сауатын алу, егемендікке ұмтылу, көптеген халық жағдайын жақсартатын көкейтесті мәселелерді шешу болып табылады. Жалпы «Алаш» қайраткерлерінің негізгі мақсаты қазіргі таңда жүзеге асты деп ойламын. Солардың табандылығының әрі білімділітерінің арқасында біз қазіргі таңда осындай бейбіт өмір кешудеміз. Қай жағынан алып қарасақта, бұл партияның тарихи маңызы әрі құндылығы өте зор.
Қазақстанда 1917 жылы ұлттық саяси партиялардың құрылуы елде сол кезеңде ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейге көтерілгенінің белгісі еді. Бұл тұста Қазақстанда көппартиялық пен плюралистік саяси жүйенің негізі шын мәнінде қаланды. Бірақ саяси күрес күштеу сипатын алуы, саяси мәдениеттің болмауы, жергілікті ұлт мүдделері ескерілмейтін ақуал, ұлт-азаттық қозғалыстың біртекті болмауы, ұлттық автономияны қорғайтын тұрақты қарулы күштердің болмауы, большевиктер партиясының солақай қысымы, – осының барлығы демократиялық процестердің дамуын тежеді, нәтижесінде олардың жойылуына және елде қатаң командалық-әкімшіліктің қалыптасуына алып келді.