7-дәріс Тақырыбы: Сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері. Мақсаты


-дәріс Тақырыбы: Қазақ лексикографиясы



бет6/16
Дата28.04.2023
өлшемі222,5 Kb.
#88249
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
12-дәріс
Тақырыбы: Қазақ лексикографиясы.
Мақсаты: Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу. Лексикографияға қатысты ұғымдар мен түсініктермен таныстыру.
Дәріс жоспары:

  1. Қазақ тіліне қатысты түркологиялық сөздіктер

  2. М.Қашқари сөздігі - ХІ, құман (қыпшақ) тілінің сөздігі- ХІYғ.,

  3. В.Радлов сөздігі – ХІХ ғ..

  4. Тілдік сөздіктердің түрлері және олардың сипаттамасы.

1.Тілдегі сөздер мен фразеологизмдерді жинап-теріп, олардың сөздігін жасаумен және оның теориясымен шұғылданатын тіл білімінің саласын – лексикография дейміз. Яғни сөздік жасаудың әдістемесі мен техникасын үйрететін ғылым деген сөз. Лексикография теориясы сан алуан сөздік жасаудың мол тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде, лексикологиялық зерттеулер мен солардың жетістіктеріне сүйене отырып жасалады. Демек, лексикография мен лексикология бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын егіз ғылым салалары.
Сөз мағыналарының түр-түрін жіктеп бөліп, оларға дәл түсінік беру, сөздердің қолдану жүйесін айқындап, стильдік белгі қою, фразалық тіркестерді жай тіркестерден ажыратып көрсету т.б. – сөздік жасау ісіндегі жауапты мәселелер болып табылады.
Махмуд Қашқари - XI ғасырда өмір сүрген лингивист – ғалым, зерттеуші. Автордың "Диуани лұғат ат-түрік" /Түркі тілдерінің сөздігі/ атты еңбегінде ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар - түрлі өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер т.б. көркем сөз үлгілерін енгізген. Махмуд Қашқаридің ғылыми еңбегі "Түркі сөздерінің жинағы" 1074 жылы жазылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" -қазіргі түркі халықтардың асыл мұрасы болып табылады. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа еңген сөздер, мақалдар, өлен жолдары т.б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру, сөйлем кұру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарының өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді. "Түркі тілдерінің сөздігі" - тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек, сондықтан бұл сөздік шын мәнінде энциклопедиялық туынды. А.Н. Кононов: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары туралы, тұрмыс жағдайлары туралы... этнонимдері мен тононимдері, ру-тайпалары туралы, туыстық және жекжаттық принциптері. түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам, сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлары және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географаялық және терминология мен номенклатура, калалар туралы, аурулар мен дәрілердің аттары, анатомиялық терминология туралы, металдар және минералдар, әскери және әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандарының есімдері туралы, діни терминология, балалардың ойындары және тағы басқалары туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады» -дейді. Үш кітапақа жинақталған сегіз бөлімнен тұратын "Түркі тілдерінің сөздігі" мазмұнына қарай қамтылған материялдарды акедемик А.Н. Кононов бес салаға бөліп қараған: 1. Белгілі бір тайпаға қатыстылығы көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); 2. Түркі тайпаларының мекен-коныстары жайындағы мәліметтер; 3. Түркі тілдерін топтастыру; 4. Түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы ереже, қағидалар; 5. Түркілердің тарихы, географиясы. этнографиясы, поэзиясы мен фольклоры жайындағы мәліметтер; 6. Сөздікте түркілердің ең көне картасы жасалып, берілген. Сөздікте жеті мың бес жүздей сөз бар, олар сөздікте аттары аталатын түркілердің жиырмаға жуық тайпаларының тілдік қатынасында қолданылатын сөздер. Көп сөздердің мағынасы түсіңдіріледі, анықталады. Соған сай ол түркі тілдерін таза, өзге тілмен араласпаған және шұбарланған деп екіге бөледі. Ал дыбыстық, морфологиялық белгілеріне қарай түркі тілдерін тағы да екі топқа жіктейді. 1. Шығыс тілдері: шігіл, тұхси, яғма, хакан-түрік; 2. Батыс тілдері: иемек, қыпшақ, оғыз, печенек, бұлғар, сувар. Сөздікте араб, ұйғыр алфавиттері туралы қысқаша мәлімет берілген. Күллі түркі тілдерінде қолданылатын әріптердің санын он сегіз деп, оларды сөздігінде келтіреді. Бұлардан бөлек және жеті әріп барын жазады. Жинақтағы сөздер әріп сандарына қарай жіктеліп берілген. Түркі тілдерінде жеті әріптен тұратын сөз жоқ екендігін ескертеді.
Қазақ лексикографиясы қазақ тіл білімінің өзге салалары тәрізді негізінен соңғы елу-алпыс жыл ішінде туып қалыптасты. Ұлт мәдениетінің дамып, ғылым мен техниканың өркендеуі, әдеби тілдің қалыптасуы сөздіктердің әр түрін шығаруға жағдай жасады.
Қазақ халқының сөз байлығы ең алғаш жинап-теріп жеке сөздік етіп шығару тәжірибесі өткен ғасырдың екінші жарытысынан бері ғана басталды. Орыстың атақты ғалымдары академик В.В.Радловтың «Түркі тілдерінің сөздігін жасаудағы тәжірибе» (1888-1911) атты төрт томдық сөздігі мен профессор Н.И.Ильминскийдің «Қазақ тілін зерттеудегі материалдар» (1861) деген арнаулы еңбегі ана теліміздегі сөздерді жинақтап, сөздік етіп шығарудың үлгілерін көрсетті. Революциядан бұрын барлығы отызға жуық екі тілдік (орысша-қазақша немесе қазақша-орысша) аударма шағын сөздіктер жарық көрді. Бұлардың азды-көпті тәжірибелері революциядан кейінгі сөздіктердің бел алып дамуына белгілі дәрежеде себін тигізді. Қазақ лексикографиясының шын мәнінде ғылыми тұрғыдан тексеріліп, етек алып жан-жақты дамуы кеңестік дәуірде екі тілді аударма сөздіктерден басталды.
1945 жылға дейін бастауыш және орта мектептерге арналған екі тілдік шағын нормативті сөздіктер жасаумен ғана шектеліп келген болсақ, 1946 жылы екі том «Орысша-қазақша сөздік», ал 1954 жылы бір томдық үлкен «Орысша-қазақша сөздік» (50000 сөз қамтиды, редакциясын басқарған проф. Н.Т.Сауранбаев, бұл сөздік 1978, 1981 жылдары екі том болып қайта басылды, редакциясын басқарған Ғ.Мұсабаев, Н.Сауранбаев), 1954 жылы Х.Махмудов пен Ғ.Мұсабековтың шағын «Қазақша-орысша сөздігі» басылып шықты. Аталған сөздіктер орыс және қазақ тілдерін үйрену үшін, олардағы сөз байлығы мен сөз шеберлігін меңгеріп алу үшін баға жетпес үлкен құрал болып табылады. Әсіресе қазақ тілінің сөздік құрамын дамыту үшін құнды материал, бай қазына болғандығы сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет