Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет66/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   109
АЛТЫНШЫ САТЫ АДАМЫ КІМ?
(Сахналық қойылым)
Қатысушылар: 4 сынып оқушылары.
(3-4 парта қойылған. Үзіліс кезінде 5-6 бала даурығып сабақ 
талқылап жатыр. У-шу дыбыс)
– Қандай қызық сабақ болды!
– Қазір сонда Алтыншы Саты болайын деп жатыр дейді.
– Алтыншы Саты қашан болады екен?
– Қараңдар, қараңдар! Қызықты қараңдар!
– Не болды?
– Біздің сыныптағы бірінші жеңетін Асан бар ғой!
– Иә.
– Сол Төртінші Сатының адамы екен ғой, ха-ха-ха!
Асан:
– Ал, сен өзің нешінші сатының адамысың?
– Мен сабақты беске оқимын. Демек, мен – Бесінші Сатының 
адамымын.
Асан:
– Қарай көр өзін! Сен мақтаншақ, қызғаншақсың. Сондықтан 
сен – Бесінші Сатының емес, Үшінші Сатының адамысың.
– Әй, жарар, жарар. Шатаспаңдар! Ал, Алтыншы Сатының 
адамы қайда?
– Шынында да, Алтыншы Саты болайын деп жатыр, оның 
адамы қайда?
– Біздің ішімізде бар ма екен?
– Мұғалім айтпап па еді: «Ақ Сарбаз кітабында жазылған: 
Алтыншы Сатының адамдарының қасиет көздері 30-жастан 
асқан соң ғана ашыла бастайды» деп.
– Сонда Алтыншы Саты адамының қасиеті ашылғанда 
қолынан керемет құбылыстар жасау келеді дейді ғой!
– Тыңдашы. Егер қазір сенің қасиетің аяқ астынан ашылып 
кетсе не істер едің?


215
– Мектепке келмей-ақ, ментал дүниесімен сабақ алып
ойнап жүре берер едім.
– Ал, мен серуенге шыққанда аспандағы бұлтты қуып 
жіберер едім.
– Ал, мен денешынықтыру сабағында аспанды жарқыратып 
қояр едім де, еңбек сабағында жаңбыр жауғызар едім.
– Ал, мен біздің сыныпты барлық жарыстарда озып шығатын 
қылар едім.
– Оны қалай жасайсың?
– Өзіміздің балдарға күш берем де қарсы команданың 
қимылын тежеп тастаймын.
– Мұғалім екі қояйын деп жатқанда қойдырмай тастауға 
бола ма?
– Ал, мұғалімнің қасиеті ашылып кетсе, сенің оқымағаныңды 
айтпай-ақ біліп қояды ғой.
(Осы кезде бәрі жабылып бір шетте бұйығып үнсіз отырған 
жұқалтаң, ұяң баланы жұлқылайды)
– Ал, сен не істейсің?
Бала:
– Немене?
– Қасиетің ашылып кетсе не істейсің?
– Жазда жаңбырды көп жауғызамын. Қысты қарсыз аязсыз, 
жылы қыламын.
– Есің дұрыс па? Қыста қар жоқ болса қызық болмайды ғой. 
Қалай аққала жасаймыз? Қалай атысып ойнаймыз?
– Қыс жылы болса, қалай сырғанақ тебеміз?
– Біз ойнай алмасақ та отын сатып алуға ақшасы жоқ 
кісілердің үйлері суыққа қатпайды ғой.
– Жарайды, жақсы. Ал, жазда жаңбырды неге көп 
жауғызасың?
– Су соратын моторы жоқ болып, бақша сала алмай жүрген 
кісілер бәрі бақша салып, бақшаларын тегін жаңбырмен 
суарып шығарса елде аштық болмайды ғой.
– Дұрыс айтады. Мынаның ойы керемет-ей!
– Осының бәрін қалай ойладың?
– Сен үндемей жүріп, елге жақсылық ойлайтын болып 
тұрсың ғой.
Сценарийлер


216
Ақ Сарбаз Әлемі
– Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Апай, айтты ғой: «Алтыншы 
сатының адамы өзінің қара басын емес, елдің қамын ойлап, 
бәріне жақсылық тілеп жүреді» – деп.
– Сонда мынау Алтыншы Саты адамы болғаны ма? Ха-ха-ха
– Тиіспеңдер оған! Әуелі өздеріңді түзеп алыңдар. «Алтыншы 
Саты адамы болу үшін кармасы таза болуы керек» Кім барлық 
қарызын өтесе, соның қасиет көздері тез ашылады. Ал, сендер 
сабақтан қашып-пысып жаман карма жасап жүрсіңдер. Қане 
сабақтарыңды оқыңдар!
(Барлығы орын-орындарына тарап, кітаптарын алды)
Шымылдық.
21.03.2000ж


217


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет