Ақберен Елгезек Болмаған балалық шақ



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата07.01.2022
өлшемі325,43 Kb.
#20074
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Екінші бөлім

Атамекенге оралу

Қалаңның үйі Үржардың ең шетінде орналасқан Аэродромная көшесінде

болатын. Көшенің Аэродромная деп аталуы, оның Үржардың əуежайына

жақын орналасқандығына байланысты. Біз сол əуежайдың үлкен алаңында

ойнауды жақсы көруші едік. Жан – жағынан мал кірмеу үшін, терең қылып

ор қазып тастаған. Сол орда біз ұрланып шылым шегіп, отқа картоп пісіріп,

уақытымызды мəз-мейрам өткізетінбіз. Ордың үйілген топырағының

үстінде міндетті түрде бір қарауылымыз сырттан келіп қалуы ықтимал

қауіпті бақылауда ұстайтын. Олар картоп піскесін немесе ішке сормай,

түтінін сыртқа үрлеп шегетін темекіміз біткен кезде ауысып тұрушы еді.

Сондай бір қызықты күндердің бірінде, біз əдеттегідей көңіл көтеріп

отырғанбыз. Қарауылымыз: «Бəшөннің қатыны Шынар келе жатыр» - деп

айқай салды. Үрпиісе – үрпиісе қалып, сыртқа шықтық. Қара көйлегінің

етегі желбіреп, бір қолында шыбығы бар біздің отырған жақты бағытқа

алып, шынымен де Шынар келе жатыр. Шынар Қалаңның келіні. Еркек

қатын. Тұла-бойы енесі Мəстен сияқты қара. Мінезін адам ұғып болмайды.

Қарадүрсін, дөрекі. Мен бұл кісіден оқта-текте таяқ жеп тұратынмын.

Менің бақытыма орай Шынар бірақ біздің үйде тұрмайтын. Дегенмен,

келген сайын, бір ілік іздеп мені шымшып, түйіп қалудың ретін қалт

жібермейтін. Қысқасы, Шынар келе жатыр.

«Əй, қу жетімек, сені іздемеген жерім жоқ, неғып отырсың мынау өңкей

хулиганның арасында?» - деп Шынар маған бірден дүрсе қоя берді. Содан

кейін, қолымнан ұстаған күйі, үйге дедеңдетіп ертіп кетті. Жол бойы

бірдемелерді айтып келе жатыр, көбісі есімде жоқ. Сөйтсем, мені тауып

əкелуге шешем жұмсапты.

- Айналайын-ау, қайда жүрсің, іздемеген жеріміз жоқ қой сені? – деді

шешем, мені көре сала.

- Əуежайда жер сағыз тердік...

- Ия, саған, көк түтіннің арасында отыр, наша шегіп отыр-ау деймін, – деп

мені тапқанына мақтанып тұрған Шынар сөзге араласты.

- Қой, абысын, Құдай атқыр, нашасы несі?! Менің балам наша түгілі,

темекіні де тартпайды, бостан-босқа, жала жаппа! – деп шешем мені




қорғаштап жатыр. Шешемнің сөзіне Шынар дүрдек ерінінің астынғысын

сылп еткізді де, көлеңкеде тұрған төсекті сықырлата, үстіне бар

салмағымен құлай кетті.

Шешем мені үйге алып кірді. Залдағы ескі-құсқы шəлі орамалға оралған,

иісі мүңкіген бір киімдер алып шығып жатыр. Үйіншек-түйіншектен маған

кигізетін ештеңе таппаған шешем, «уф, жаным-айлап» жерге отыра қалды.

Сосын маған ұзақ қарап отырды да: «Сені іздеп, Шұбартаудан əкеңнің

туыстары кепті» - деп үстіме жай түсіргендей хабарды айтты. Мен аң-

таңмын. Əкемнің туыстары? Ол кімдер? Менде несі бар? Бұл бір секундта

басымда жүгіріп өткен сұрақтар. Шешем орнынан тұрып, мені бауырына

басты.

- Үлкен ағаңның үйіне түсіпті таңертең. Сені күтіп отыр. Қазір дүкенге



барып, саған дұрыс киім аламыз да, Бақыттың үйіне барамыз, – деді

шешем. Дауысы біртүрлі тарғылданып шықты.

- Олар кімдер, мама?

- Сенің папаңның ағасы мен қарындасы келіпті. Сен оларға менің

жағдайым жаман емес, сабағымды жақсы оқып жүрмін деп айт, жарайма,

құлыным?!

- Жарайды, мама.

Біз универмагқа барып, маған су жаңа шалбар мен алдында жолбарыстың

суреті бар футболка алдық. Шікірейіп киініп алған мен осының бəрін

достарыма көрсеткім-ақ келіп тұр. Бірақ, қазір емес. Қазір мені күтіп

отырған туысқандарға бару керек. Сосын да үлгірем ғой!

Бақыттың үйіне кіре бере айқай естілді. Біреу елдің жер-жебіріне жетіп,

ұрсып отыр екен. Мына қуатты дауыстың иесі - əкемнің ағасы Орынғали

екен. Үйге кірер-кірмесімді білмей, айқайға басып отырған адамнан

кəдімгідей шошып, үрейлене қарап босағада сөстиіп қалдым. Анау маған

тіпті қарағысы да жоқ. Үстелді тоқпақтап елдің бəрін ысқыртып, боқтап

отыр.

Əкемнің ағасы дегеніміз, міне, осы Орынғали. Егде тартып қалған кісі екен.



Денесі төртпақтау келген, мойыны жуан, құлағы қалқиған, шашы селдіреп

үлгірген, шайпау біреу. Мінезі шəлкес екенін жымқырылған жіңішке

еріндері де айтып тұр. Желке тұсы төрт бөлікке бөлінген, ортасынан жалт-

жұлт етіп мөлдіреген тер көрінеді. Қолдары ауыр екен. Ұрған сайын

үстелдің аяқтары тұрған жерінен айнып кетіп жатыр. Көздері бақырайған,

мұрыны тəмпіш. Дауысы сұмдық қатты шығатын көкдолының нақ өзі.

- Əй, қу Бақыт, əлгі бала қайда?

- Міне, алдыңызда тұр ғой, Ореке!




- Қайсы, мынау тыриған сары шымшық па?

- Иə, Ореке, Ақбереніңіз осы ғой.

- Ойбай, ойбай, қай бетімді шымшиын, ойбай?! Мынау өлуге шақ қалыпты

ғой, ойбай! Өлексе ғой, мынауың!

- Ореке-ау енді, бала болғасын ойнай....

- Кет, сандалмай, қу Бақыт! Баламды өлтіруге айналыпсыңдар, сендердің

екі аяқтарыңды ма, бəлем, бір етікке тығып, түрмеде шірітіп өлтірем, өңкей

безбүйрек оңбағандар!

- Ореке, қойыңыз, енді!

- Қоймаймын дегесін, қоймаймын! Ал, қайтесің? - деп, басын үстелге екі

ұрды. Мен шегіншектей бердім.

Кенет Орекеміз «өй, əйнəлəйын, келе ғой» - деп мені өзіне жұлқи тартты.

Мен «баж» ете қалып, шешеме ұмтылдым. Орекеңнің мені жіберетін түрі

жоқ. Қолымды мытып, өлтіріп барады. Жүрегім дүрсілдеп, тырбаңдап

жатырмын. Оған Орекең қоймады. Құшағына басып, сілекейін жағып, сүйе

бастады. Онысы ұрғанмен бірдей сияқты екен. Менің бетіме еріндерін

əдейі батырып сүйіп жатқандай. «Ерінде де күш болады екен-ау!» - деп мен

де уақытты босқа жібермей ойлап жатырмын. Мені сүю кезегі əкемнің

қарындасы Жайнаға жетті. Ол кісі Орекеңдей, дөрекілік көрсетпей, емірене

сүйді. Жайнадан кейін, мені Орекеңнің баласы құшақтады. Айдарханның

жасы жиырма алтыға келген сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт екен. Үстіне сол

кездегі мода киім – «адидас» көстюмін киіп алыпты. Басында Қалаңның

інілерінің басындағы бейсболкадан да əдемі кепка. Қолында сағат.

Орекеңнің баласымен тез тіл табысып кеттім. Себебі, Айдархан сол кештен

бастап, «бізбен бірге жүр» деп мені үгіттей бастаған. Уəделері керемет

енді. Мен шынымды айтсам, ана шалдан қатты сескеніп қалғам. Өйткені

Орекең маған Қалаңнан да жындылау көрінді. Мынаның үйіне кетсем, тіпті

оңбаймын ғой деп ішімнен өзімше топшылаймын кеп. Сондықтан да

Айдарханның үгіттеуіне көнбей жүрмін.

Айдархан мені Алматымен алды. Алматыны көру деген мен үшін ешқашан

орындалмайтын арман еді ғой, шіркін! Теледидардан ғана көреміз. Сол

кездегі астана Алматыда тұратын адамдар күн жүйесінен бөлек орналасқан

планеталарда тұратын тіршілік иелері секілді елестейтін. Оның үстіне

менің кіндік қаным тамған шаһар. Туған жердің өзіне тарту қасиеті болады.

Ол да өз кезегінде Айдарханға көмектесіп жатыр. Сонымен, мен шешеме

Орынғалидің қолына кетем деп қиғылық салдым. Орынғалидің де келген

шаруасы – мені алып кетіп, өсіріп, ел қатарына қосу екен. Қанша

айтқанмен əкем екеуі ағайынды. Есін енді жинаған Орекең, інісінің үрім-

бұтағын түгендеуді мұрат тұтыпты. Есін енді жинаған деп отыруым,



Орынғали өмір-бақи жетім асыраумен келеді. Жұбайынан ерте айырылған

ол, тағдырдың талайына көніп, қалған ғұмырын бала-шағасын асырауға

арнаған хас еркек. Мұнысын хош көрген Тəңірім оған дəулетті де аямай

бере салған. Дəулет пен бақты Құдай тегін бермейді. Күн-түн демей, еңбек

еткен Орынғалидан мал да, ақша да үзілмеген екен. Бір ауданның білдей

заготовителі. Шұбартау ауданының сыйлы азаматтарының бірі. Ала жаздай

тері, сүйек пен жүн жинап, қойшыларды аралап жүріп, шаруасын

дөңгелетіп алған екен. Қазір зейнетке шыққан бір əулеттің көшбасшысы.

Балаларының бірсыпырасын əкем тірі кезінде оқуға түсірген көрінеді.

Солардың бірқатары Алматыда тұрады. Біздің үйде.

Сонымен не керек, мен Шұбартауға, ата-бабам мекен еткен жерге кететін

болдым. Шешем жылап-сықтап жүріп, киім-кешегімді жинап, батасын

беріп, шығарып салды.

Міне, біз сап-сары пазик автобусымен сап-сары мидай даламен Шұбартауға

тартып келеміз. Орекеңді мен бірден ата деп атайтын болдым. Жол бойы

шешемнің қолында өткен өмірімді тергеумен болды. Мен Қалаң туралы тіс

жарғам жоқ. Оны бірақ көпті көрген Орекең Үржардағы тыңшыларынан

біліп алған екен, кейін айтып беруге тура келді. Жолда атам болашақ

арманымды да сұрап қояды.

- Акошжан, өскенде кім боласың?

- Қойшы болам, ата!

- Көтек, не дейд? Қойшы болғаны несі?

- Қойшылар бай болады ғой, ата, сойса еті бар, сатса ақшасы бар!

- Мəссаған, мынау адам болмайтын бала болайын деп тұр ғой! Ұқсамасаң

тумағыр, мынау əкесіне тартпаған екен, – деп атам ауыр-ауыр күрсініп

қояды.


Əкем туралы бірауыз сөз. Марқұм əкем жастайынан алғыр, білімге құштар

болып өсіп, алғашқы жоғарғы білімді Семейдегі Мұхтар Əуезов атындағы

педагогикалық училищені бітіріпті. Қазақ тілі мен əдебиетінің маманы.

Шешеммен сол оқу орынында қатар оқып, жанұя құрады. Сүйенері жалғыз

Орынғали. Əкемнің азан шақырып қойған есімі Орынбек. Атама

ұқсастырып шешелері қойыпты. Кейінен, мінезіне байланысты жора-

жолдастары оны Елгезек атап кеткен екен. Бұл əңгімені мен алғаш

Орекеңнен естідім. Ауылда жүріп, əкем аудандық «Шұбартау шұғыласы»

газетінде редактор қызметін атқарыпты. Əскерден келгесін, Алматыдаға

кетіп, КазГУге оқуға түседі. Мен түсе алмай арманда кеткен журфакқа.

Тамыз айы. Біз Шұбартаудың Көктал деген ауылындамыз. Мен он екі

жастағы қағылез баламын. Бетімнен ешкім қақпайды. Туыс-

туғандарымның бəрі мені көруге үйге келіп, мəре-сəре боп жүр. Мен



жұлдызбын. Не жеймін, не киемін демеймін. Ішкенім алдымда, ішпегенім

артымда. Мұндай май шелпекті көрмеген мен бақыттан басым айналып,

шауып жүрмін.

Оқырманның уақытын алмау үшін, Алматыға барған сапарымды айтуды

жөн көрмедім. Əркімнің өз Алматысы бар. Сондықтан, Алматыдан алған

алғашқы əсерлерім біреуді қызықтыра қоймас деп ойладым.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет