Автор туралы
Ақберен Елгезек, 1980 жылы, Алматы қаласында дүниеге келген.
Əл-Фараби атындағы ҚазМҰУ тарих факультетінің түлегі.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері.
“Көлеңкелер күбірі” атты өлеңдер жинағының авторы.
www.ult.kz сайтының бас редакторы
Жейтін таяқты өзіңнен жесін деп, мені шешеме қосақтап шығарып салды.
Сол күн – менің балалық шағымның тəтті дəурені таусылған күн еді.
(Ауыл хикаялары)
Бұл шығармамды бала кезімнен сүйіп оқыған
қазақтың қайталанбас хас жазушысы
Бердібек Соқпақбаевтың рухына бағыштаймын.
КІРІСПЕ ОРНЫНА
Қадірлі оқырман! Сіз оқығалы отырған мына шағын хиқаят менің қызықты
да мұңды балалық шағымнан сыр шертеді. Шығарма шырайы шындығында
демекші, осы хиқаятта баяндалған оқиғалар ойдан шығарылған дүниелер
емес, менің басымнан өткен тағдыр.
Хиқаятта аты аталған кейіпкерлер де кездейсоқ, қиялымда туған жандар
емес, бірі бақиға аттанған, бірі фəниде сау-саламат ғұмыр кешіп жатқан
адамдар. Мен осы шығарманы жазу барысында бір кейіпкерлерімді жақсы
жағынан көрсетіп, екіншісін əжуалап, жамандауды мақсат еткем жоқ.
Керісінше, басымнан кешкен оқиғаларды, бүлдіршін кезімнен жадымда
сақталған үзік-үзік естеліктерді əдебиетсүйер қауымға жеткізгім келді.
Хиқаятты оқуға жеңіл, көп жерінде оқырманды мұңайтқаннан гөрі
күлдіргенді жөн көріп жазуға тырыстым. Сондықтан, егер осы хиқаятта
аты аталған кейіпкерлердің туған-туыстарының, құда-жекжаттарының,
жора-жолдастарының, бала-шағаларының намысына тиіп кетсем, ол
оқырмандарымнан алдын-ала кешірім сұраймын.
Сонымен, бақидағы кейіпкерлеріме дұға бағыштап, тірілеріне ұзақ ғұмыр
тілей отырып, сізді, құрмет оқырман, менің балалық шағыма сапар шегуге
шақырамын.