Айлық есептік көрсеткіш



бет7/8
Дата19.04.2022
өлшемі38,5 Kb.
#31462
1   2   3   4   5   6   7   8
Қаржылық жыл - күнтізбелік жылдың і қаңтарында басталып. Іі желтоқсанында аяқталатын тұрақты бюджеттікөесепке алу кезеңі.

Қаржылық құқық - мемлекеттің еліміздің ақша жүйесін қалыптастыру және оның ойдағыдай жұмыс істеуін қамтамасыз ету процесінде, сондай-ақ мемлекеттің ақша; қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құқықтық нормалар – мемлекеттің қаржылық қызметінің процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды тәртіп қағидаларын белгілейтін құқықтық нормалар.

Қаржылық тәртіп – мемлекеттің талап бұйырғанынан көрініс тапқан өз міндеттерін барлық қаржылық қызметке қатысушылардың қатаң және дәл сақтаулары.

Қарыз - жеке, заңды тұлғалар мен мемлекеттің қайтарма негізде және белгілі бір мерзімге ақшалай қаражат алуы. Қарыз пайызынсыз, жеңілдікті қарыз және коммерциялық шартқа негізделген қарыз, сондай-ақ ішкі және сыртқы қарыз түрлеріне бөлінеді. Қарыз мемлекеттің экономикалық саясатында кең пайдаланылады; мемлекеттің жеке және заңды тұлғалардан алған ішкі қарызы мемлекеттің ішкі борышын құрайды, мемлекет шетелден кредит алған жағдайда мемлекеттің сыртқы борышы құралады.

Қарызгер - Несиелік қарым-қатынас субъектілерінің бірі, несие алушы, ол уақытша қарызға алынған құнды қайтаруға кепілдік береді.

Қор индексі - Қор нарығында не болып жатқандығын түсіну үшін, түрлі акцияларға салымының кірісін орташалау қажет. Ал, оларың саны нарықта мыңнан асады. Сондықтан, жалпы бағалы қағаздар нарығының жай-күйін пайымдау үшін инвесторға «өлшеуіш құрал» керек. Дәл осы құрал ретінде индекстер қолданылады. Индексті құру тәсілі әртүрлі. Сондықтан, бір мезгілде бір ғана нарықтың бірнеше түрлі (тіпті көптеген) индекстері болуы мүмкін. Индекстер нарықтың серпінділігі мен жай - күйін сипаттайтын, ондағы өткен өзгерістерді бақылап отыратын және келешектегі оның бет алысын болжауға мүмкіндік беретін бағалы қағаздар нарығының индикаторы болып саналады. Листингтік компаниялар бағалы қағаздарының кірісі мен баға көрсеткіштері индекс есеп айырысының негізі болып табылады.

Қор нарығы - акциялар, облигациялар және т.б. бағалы қағаздарды сату- сатып алу жөніндегі ұйымдасқан және үнемі қызмет көрсететін нарық түрі

Қоржындық инвестициялар - Мемлекеттік бағалы қағаздарды, коммерциялық ұйымдардың облигациялары мен басқа да бағалы қағаздарын сатып алу, сондай-ақ заңды тұлғаның акцияларын сатып алу (қатысушының салымын енгізу), соның нәтижесінде осындай сатып алуды (салым енгізуді)

жүзеге асырушы тұлғаға аталған заңды тұлғаның дауыс беруші акцияларының



10 пайызынан кемі (қатысушылардың дауыстарының 10 пайызынан кемі) тиесілі болады.

Құжатсыз бағалы қағаз - Құжатсыз нысанда шығарылған бағалы қағаз (электрондық түрде).

Құпия мәлімет - Мемлекеттік құпия болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе тараптардың келісімі бойынша оған қол жеткізуге шек қойылған ақпарат.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды тұлға; құрылтайшысы Үкімет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Мемлекеттік кредит - кредит қатынастарының жүйесі, бұл қатынастарда мемлекет өз органдары арқылы қарызгер, ал жеке және заңды тұлғалар несиегерлер болып табылады. Мемлекеттік кредит арқылы қайтарымдылық негізінде мемлекеттің шығында-рын қаржыландыру үшін ақшалай қаражат шоғырландырылады.

Мемлекеттік қарыз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет