Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері


Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуде М.Монтессори ұсынған әдістің маңыздылығы



бет11/12
Дата05.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#90252
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.5. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуде М.Монтессори ұсынған әдістің маңыздылығы

Монтессоридің педагогикалық жүйесін талдау және көп жылдық шетелдік тәжірибелердің көрсеткеніндей, өзінің көптеген педагогикалық шарттарын Монтессори педагогикасын арнайы педагогиканың принциптері мен технологияларымен нақты сәйкестендірген.


М.Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі принциптері:
- антрополигиялық принцип
- еркін жағдайда баланың даму принципі
- зейінді шоғырландыру принципі
- білім беру мен тәрбиедегі педагогтың орнының маңыздылығы
принципі

  • әлеуметтік тәрбие және интеграция принципі

Интеграция (біріктіру) арнаулы педагогиканың моделі, ауытқуы бар бала арнаулы топта тәрбиеленеді және міндетті түрде түзету көмегін алып, дұрыс балалар тобында да бола береді. Интеграция түрлері құрастырылған мекемелеріндегі:

  • құрастырылған бірігу түрлегрі. Пихофизикалық және тіл дамыту деңгейіндегі кейбір балалар көпшілік топта тәрбиеленеді және жүйелі түрде дефектолог-мұғалім мен педагог-психологтың түзету көмегін алып тұрады.

  • Жекелеген бірігу. Кейбір балалар сау балалармен бірдей бағдарламаны қабылдай алмағандықтан, күннің екінші жартысын ғана қалыпты дамудағы балалармен өткізеді.

  • Уақытша бірігу. Арнаулы топтың балалары тілдеріне де психологиялық дамуына да байланысты емес, айына 1-2 рет сау балалармен тәрбиелік мәні бар шаралар өткізуге қатысады.

  • Толық бірігу. Ауытқуы бар балаларға өте пайдалы, олар өзіне-өзі еркін қызмет етеді, қалыпты балалармен жақсы қарым-қатынас жасайды. Бірақ бұлар міндетті түрде түзету көмегін алу керек. Түзету көмегін олар уақытылы мекемеде, мектепке дейінгі арнайы мекемелерде, мектеп-интернатта немесе поликлиникада алуы керек.

Осындай әртүрлі бірігулердің арқасында ауытқуы бар балалар әлеуметтенеді, ал сау балалар әлем біртұтас адамдар жиынтығынан тұратынын сезініп өседі.
Интеграция біріктіру мәселесі, әсіресе Монтессоридің класс немесе топтар жағдайында сәтті жүзеге асырылады. Шынында да, «жекелендірілген білімдік маршрут» жағдайында:

  • әр баланың білім бағдарламасын игеруіне мүмкіндік беріледі;

  • қалыпты дамудағы және даму мүмкіндігі шектелген балаларды біріктіріп, осыдан оқыту үшін әр балаға қолайлы жағдайлар жасалынады;

  • балалар арасындағы достық қарым-қатынастар мен әлеуметтік дағдыларын қалыптастырады;

  • мұғалімнің көмегін өте қажет ететін балаға жеке жұмыстар жүргізіледі;

  • әр баланы оқу-материалын қайталап меңгеруге қанша уақыт керек болса да сонша мүмкіндік беріледі.

Арнайы педагогикада Монтессори педагогикасының мазмұнды бөлігі өте маңызды болып табылады. Мұнда баланың сенсомоторлық дамуына, сөйлеуі мен ойлауының дамуына, өз зейінін шоғырландырып жұмыс жасауына, өзінің іс-әрекеті мен мінезін реттей алуына үлкен көңіл бөлінген.


Өзіне-өзі қызмет ететін, тәуелсіз, әлеуметтік белсенді және әлеуметтік бейімделген, өзіндік мәдениет дағдыларын меңгеріп, оларды өзін қоршаған ортамен әрекеттестік және өзіндік даму мақсаттарында қолданатын адамды тәрбиелеу арнайы педагогика мен Монтессори педагогикасы нәтижесіне жетудегі жалпы мақсаттарының бірегейлігін көрсетеді.
Германиядағы (Мюнхен қаласы) балаларды біріктіріп оқыту тәжірибелері көрсеткендей бала-бақша топтарының бірінде әртүрлі даму ауытқулары бар алты балаға дейін болған. Балалар бір-біріне көмектесіп, осы көмектері арқылы олардың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасқан. Мысалы, ақыл-ойы бұзылған бала тірек-қимыл аппараты бұзылған баланың арбасын итеріп жүрсе, керең бала нашар көретін баланың кеңістікте, қоршаған ортада өзін-өзі бағдарлауына көмек көрсетеді. Бірдей жас мөлшеріне сәйкес дәстүрлі топтардың болмауынан әлеуметтік білім алу процесстері балалар ұжымының «тәжірибелі» және «тәжірибесіз» мүшелерінің арасында мұнда бірінші кезекке шығады.
Мюнхендегі (Германия) және Дубнедегі (Ресей) қалыпты балалар, өмір әрекетінде мүмкіндігі шектеулі балалар және дарынды балаларды біріктіріп оқытып тәрбиелеу тәжірибелері көрсеткендей, мұндай достастық шараларының дамуында ауытқуы бар балалар үшін ғана емес, сондай-ақ қалыпты және дарынды балалар үшін де сәтті және құнды екендігін көрсетті.
Монтессори педагогикасы шарттарымен тәрбиленген дамуында ауытқуы бар балалар емтихан процестерінде, бақылау жұмыстарында, өмірдегі түрлі қиын жағдайларда қарапайым мектепте тәрбиеленген құрдастармен салыстырғанды қобалжу мен өз-өзіне сенбеушілік көрсеткіштері едәір төмен болғаны анықталып отыр. Олар сондай-ақ өз зейінін шоғырландыру бойынша қалыпты балалардың нәтижелерінен елеусіз ғана айырмашылықтары болғаны байқалған. Монтессори мектептерінің түлектері, даму ауытқуы бар балаларды да қоса алғанда өздерін төмен бағалау мніздеріне мүлдем тән еместігін көрсеткен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет