Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет8/299
Дата29.09.2023
өлшемі8,96 Mb.
#111668
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   299
 
 
 
 
Сурет-2. Тәрбие парадигмасының түрлері 
 
Ш.А.Амонашвили тәрбие берудің ізгілікті парадигмасын ұсынса, ал ғалым 
Е.А.Ямбург парадигманы когнитивтік (интеллектуалды даму) және тұлғалық 
(эмоционалды және әлеуметтік даму) парадигмалары ретінде ажыратады. 
Парадигма 
– ғылымның негізгі өлшем бірлігі 
 
 
П
А 
Р 
А 
Д 
И 
Г 
М 
А 
Феноменологиялық 
 
 
Технократтық
 
 
Эзотерикалық
 
Дәстүрлі-
консервативтік
 
Рационалдық
 


12
Бұл 2 парадигма да тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін тануға 
бағытталады да, педагогикалық феноменді тарихи кезеңмен, мәдениетпен 
бірлікте қарастыра алмайды. 
Сонымен, парадигма – теориялық стандарттар, әдіснамалық қағидалар, 
құндылықтар жиынтығы ретінде ғылыми іс-әрекеттер нобайы. 
Жалпы гуманистiк тәрбие парадигмасының басты нысанасы – тұлғаның 
iшкi мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн дамытып, өздiгiнен бiлiмiн жетiлдiру
санасын, сезiмдiк-эмоциялық жағдайы мен интуициясын дамыту, сана мен 
сезiмдi және адамның әлеуметтiк тәжiрибесiн үйлестiру, қоғам мен адам 
арасындағы қарым-қатынасты iзгiлiкке бағыттау.
Ақпараттық және білімдік ашық кеңістік құрылымындағы тәрбие 
ХХІ ғасырда өркениетті елдерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік 
тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. 
Ақпараттық ғасырда интеллектуалды қызметтің дамуы компьютер және 
қазіргі коммуникация құралдарымен тығыз байланысты.
Ақпараттық қоғамда тәрбие міндеттерін жүзеге асырудың ең тиімді 
технологияларының бірі тәрбие кеңістігін құру жолдары болып табылады. 
Тәрбие кеңістігі тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыру процесіне тәрбиенің 
басқа барлық факторлары мен кеңістіктердің (пәндік, экологиялық, ақпараттық, 
білімдік, әлеуметтік және басқа да) ықпалы арқылы байқалатын көпөлшемді 
және көп қызмет атқаратын кеңістік болып табылады: 

қарым-қатынас тәрбие процесінің алғашқы сипаттамасы болып 
табылады; 

тәрбие кеңістігінің екінші сипаттамасы – бұл оның жүйелілігі;

тәрбие кеңістігінің үшінші сипаттамасы – олар арқылы сипатталуы 
мүмкін параметрлер: көпөлшемділік, тығыздық және ұзақтық.
Тәрбие кеңістігі бірнеше деңгейде болады:

1-ші деңгей – жеке тұлғалық;

2-ші деңгей – білім мекемесі;

3-ші деңгей – аймақтық тәрбие кеңістігі. 
3-суретте тәрбие кеңістігінің сипаттамасы, деңгейлері ашылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   299




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет