Дәнекер (тірек-трофикалық немесе ішкі орта) ұлпалары Дәнекер (ішкі орта) ұлпалары



бет15/20
Дата06.01.2022
өлшемі274,5 Kb.
#14498
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Жүйке ұлпасы

Жүйке ұлпасы – жүйке жүйесі мүшелерінің негізін құрайтын, жоғары дәрежеде жетіліп маманданған ұлпа. Ол орталық жүйке жүйесінде жұлын мен мидің сұрр және ақ заттарын, шеткі жүйке жүйесінде жүйке түбіршіктерін, жүйке түйіндерін, жүйкелерді, жүйке тораптарын, жүйке ұштарын құрайды. Жүйке ұлпасы қоршаған сыртқы және организмнің ішкі орталарынан келетін тітіркеністерді қабылдап, олардың әсерлерінен қозады да, жүйке толқындарын одан әрі өткізіп, орындаушы мүшелерге жеткізеді де, тітіркендіргіштерге қарсы дененің жауап реакциясының іс жүзіне асуын қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде жүйке ұлпасы организм мүшелері мен мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттеуге қатысып, олардың жұмыстарын үйлестіре отырып, организмді біртұтас етіп біріктіріп, оны қоршаған ортамен байланыстыру қызметін атқарады. Жүйке ұлпасы жүйке торшалары – нейроциттерден (нейрондардан) және жүйкелік глиядан (нейроглиядан) тұрады.



Нейроциттер жүйке жүйесі мүшелеріндегі орналасу орындарына және атқаратын қызметтеріне байналысты пішіні мен мөлшерінің көп түрлілігімен ерекшеленеді. Нейтроциттердің организмдегі орналасу орындары мен атқаратын қызметтеріне және жануарлардың түрлеріне байланысты торшалар өсінділерінің ұзындығы бірнеше микрометрден (мкм) 1,5-2 м дейін болуы мүмкін. Атқаратын қызметіне сәйкес нейтроцит өсінделері: дендриттер және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет