Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет3/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
1.3 сурет. Алгоритмдік тілдің құрамы




1.4 сурет. Атқарылатын программаны жасау кезеңдері
Күрделі есепті шығару үшін операторлар тізбегін жазу керек. Кейде операторлар жүйелі жақшамен қоршалған құрама операторға немесе блокқа біріктіріледі. Мұндайда олар бір оператор тәрізді орындалады.
Біртұтас алгоритм бойынша біріктірілген сипаттамалар мен операторлар жиыны программа құрайды. Оны орындау үшін оны процессорға түсінікті тіл – машиналық кодқа айнал­дыру керек. Бұл процесс бірнеше кезеңдерден тұрады. C++ тілі үшін қажетті кезеңдер мен іс-әрекеттер 3.4- суретте көрсетілген.
Алдымен программа препроцессорге беріледі де, ол оның мәтініндегі дирек­ти­ва­ларды орын­дайды (мысалы, мәтінге тақырыптық файлдарды – прог­рамма элемент­терінде пайдала­нылатын сипаттамалар жазылған мәтіндік файлдарды қосады).
Солармен толықтырылған программа мәтіні компилятордың кіріс нүктесіне беріледі, ол прог­рамманың қарапайым элементтерін – лексемдерді айқын­дай­ды, сонан кейін тілдің грам­матикасын негізге ала отырып, сол лексемдерден құралған өрнектер мен операторларды анықтайды. Осы­ларды талдау барысын­да компилятор синтаксистік қателерді тауып, олар жөнделген соң, объек­тілік модульді құрайды.
Құрастырғыш немесе байланыс редакторы объектілік модульге басқа объектілік модульдерді қоса отырып, оның ішінде кез келген программада қол­данылатын кітапханалық функциялар (мысалы, экранға мәлімет шығару үшін) бар,программаның атқарылатын модулін қалыптас­тырады. Егер программа бірнеше бастапқы файлдардан тұратын болса, олар жеке-жеке компи­ляциядан өткізіліп (аударылып), құрастыру кезеңінде біріктіріледі. Атқарылатын модуль­дің тіркемесі .ехе болып шығады да, ол кәдімгі програм­малардай бірден орындалады.
C++ тілі С тілінің жалғасы, олардың алфавиттері де, негізгі операторлары мен ұғымдары бірдей, енді С тілінің бісы­пыра ерек­шеліктері мен күрделі элементтерін игере отырып, объектіге бағытталған программалау үрдістерін үйрене бастаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет