Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет5/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Константалар. Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу бары­сында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тіл ережесі бой­ынша бірнеше константалар типтері болады, мысалы, символдық, бүтін, нақты, тіркестік константалар.


3 лекция.C++ тіліндегі бүтін, нақты, символ­дық айнымалылар
Мәліметтер типі концепциясы. Әр түрлі типтегі мәліметтер компьютер жадын­да басқаша сақталып, олардың өңделуінде де айырма­шылықтар болады. Кез келген алгоритмдік тілде әрбір константа, айнымалы, өрнекті немесе функцияны есептеу нәтижесі белгілі бір типте болуы тиіс.
Мәліметтер типі мыналарды:

  • компьютер жадындағы мәліметтің ішкі бейнелену түрін (көлемін);

  • белгілі бір типтегі шамалардың қабылдай алатын мәндер жиынын;

  • осы типтегі шамаларға қолданылатын операциялар мен функцияларды анықтайды.

Осыларға байланысты программада пайдаланылатын нақты объектілерді бейнелеу үшін программалаушы әрбір шамалардың типін алдын ала таңдап алады.
C++ тілінің барлық типтері негізгі және құрама болып екіге бөлінеді. Мұнда бүтін, нақты, символдық және логигалық шамаларды бейнелеу үшін алты негізгі тип қолданылады (5.1 сурет). Программалаушы осы типтерді негізге ала отырып, құрама типтерді сипаттай алады. Құрама типтерге жиымдар (массивтер), тізбелер (перечисления), функциялар, құрылымдар (структуралар), сілтемелер (ссылки), нұсқауыштар (указатели), біріктірмелер (объединения) және кластар жатады.


3.1 сурет. C++ тілінің типтері құрамы
Негізгі мәліметтер типтері. Мәліметтердің негізгі (стандартты) типтерін көбінесе арифметикалық типтер деп атайды, өйткені олар арифметикалық операцияларда пайдаланылады. Негізгі типтерді сипаттауда келесі түйінді сөздер қолданылады:
int(бүтін);char(символдық);wchar_t (кеңейтілген символдық);bool (логикалық);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет