Дәрістер 1-2 лекция. С тілінде программалау негіздері. Программа құрылымы



бет4/49
Дата18.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#75374
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Тілдің алфавиті. С/С++ тілдеріндегі түйінді сөздер (ключевое слово – key­word) мен иденти­фика­торларды, өрнектерді құрастыру үшін қолданылатын символдар, яғни тіл алфавиті болып саналады. C++ тілі алфавитіне мыналар кіреді:

" { } , | []()+-/ % * . \‘ : ? < = > !
& # ~ ; ^

  • тіл элементтерін бір-бірінен бөліп тұратын көрінбейтін айыру символ­да­ры: босорын, табуляция символы, жаңа жолға көшу символы.

  • қазақ (орыс) алфавитінің бас және кіші әріптері сөз тіркестері мен түсінік­теме мәтін жазуда пайда­ла­нылады.

Мұнда бір символды өрнектеу үшін қолданы­латын бас әріп пен кіші әріп бірдей болып саналмайды, мыс., А және а айнымалылары екеуі екі түрлі болып есеп­теледі.
Алфавитсимволдарынантілдіңлексемдеріқұрастырылады, олар:идентифика­торлар;түйінді (қордағы) сөздер;операциялар таңбалары;константалар;тіл элемент­терін бір-бірінен бөліп тұратын көрінетін айыру символдары (жақшалар, нүкте, үтір, нүктелі үтір, қос нүкте).
Идентификатор – латын әрпінен басталып, әріптер мен цифр­лардан тұратын тізбек. Мысалы, a, beta, b_5, baga, т.с.с. Айныма­лыны сипаттау мынадай нұсқада орындалады:
charf;
longz, t;
int a, beta, baga;
float b5, k, n;
int y = 10;
Идентификаторлар латын алфавитінің бас және кіші әріптерінен және цифр­лардан құралады. Әріп ретінде астын сызу символын ( _ ) қолдануға рұқсат етілген. Бас әріп пен кіші әріп бірдей болғанымен әр түрлі идентификаторлар болып саналады, мысалы, abc, ABC, A128B, a128b төрт түрлі иденти­фи­ка­тор болып есептеледі. Идентификатордағы символдар арасында бос орын таңбасын қолдануға болмайды.
Идентификатор құрамына кіретін әрбір сөз бас әріптен басталып жазылады да, алдына типіне сәйкес бір символ (префикс) қойылады, мысалы, iMaxLength, fBaga, sTegi, lpfnSetFirstDialog. Екінші бір тәсіл – сөздер арасына астын сызу символын қою болып табылады, мысалы, max_length, number_of_baga.
Түйінді сөздер – мағынасы компиляторға белгілі, алдын ала анықталған идентифи­каторлар, олардың саны шектеулі. Программалаушы айнымалы, константа, өз функциялары аттарында тілдің түйінді сөздерін пайдаланбауы тиіс, олар тек өз мағына­сында ғана қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет