«Дүние жүзінің саяси экономикалық әлеуметтік географиясы»


Өзін-өзі тексеру сұрақтары



бет6/8
Дата24.11.2022
өлшемі224,21 Kb.
#52336
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Дүниежүзі отын – энергетика кешені
2 Дүниежүзінің мұнай және газ өнеркәсібі
3 Дүние жүзінің түсті металлургиясы
4 Дүниежүзі қара металлургиясы
5 Әлем елдерінің көліктік машина жасау өнеркәсібінің географиясы


Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
1.Горохов С.А. Общая экономическая, социальная и политическая география. Учебное пособие / С.А. Горохов, Н.Н. Роготень. — М.: Юнити, 2018. — 192 c.
2.Желтиков В.П. Экономическая география и регионалистика: Учебное пособие / В.П. Желтиков. — М.: Дашков и К, 2018. — 394 c
3. Кузьбожев Э. Н. Экономическая география и регионалистика (история, методы, состояние и перспективы размещения производительных сил). — М.: Юрайт, 2020. — 432 c.
4.Гладкий Ю.Н. Экономическая и социальная география России. В 2-х т. Т. 1. Экономическая и социальная география России: Учебник для студ. высш. учеб. заведений / Ю.Н. Гладкий. — М.: ИЦ Академия, 2016. — 368 cОкунев Л.Я. Высшая алгебра. 3-е изд., 2009.
5. http://www.fizika.ru
6. http://www.class-fizika.narod.ru/


Практикалық жұмыс №6


Тақырыбы: Дүние жүзінің ауылшаруашылық географиясы-материалдық өндірістің екінші жетекші саласы
Мазмұны: Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.


Тапсырма:
1 Агро өнеркәсіп кешені және оның салалары
2 Халық тұтынатын тауар өндіру және қызмет көрсету географиясы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет