Шаруашылық



Дата07.06.2023
өлшемі1,79 Mb.
#99387
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы

Шаруашылық туралы түсінік. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп

Сабақтың мақсаттары:

  • Шаруашылық салаларын жіктеу (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп);
  • Географиялық дерек көздермен жұмыс істеу (карта, сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар).

Бағалау критерийлері

«Жетті» деп бағаланады, егерде:

  • «Шаруашылық» ұғымын түсінсе
  • Ауыл шаруашылықтың экстенсивті -интенсивті түрлерін білсе, дамыған орындарды көрсете алса
  • Өнеркәсіпті сипаттай алып, салаларына мысалдар келтірсе

Миға шабуыл:

  • Шаруашылық дегеніміз не?
  • Қандай шаруашылық түрлері бар?
  • қандай факторлар шаруашылықтың дамуына әсер етеді?
  • Дүниежүзіндегі елдерде шаруашылық бірдей дамыған ба?
  • Шаруашылықтың дамуы неге байланысты?

сөздік

  • Промышленность – өнеркәсіп
  • Производство – өндіріс
  • Хозяйство – шаруашылық
  • сельское хозяйство – ауыл шаруашылығы
  • традиционная экономика – дәстүрлі экономика
  • рыночная экономика – нарықтық экономика
  • производственная и непроизводственная промышленность – өндіруші және өндіруші емес өнеркәсіп
  • Обрабатывающая промышленность – өңдеуші өнеркәсіп

Шаруашылық дегеніміз не?


Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара қарым-қатынастардан тұрады.

Шаруашылық дегеніміз

Мемлекет өз халқын қажетті тіршілік ету көздерімен қамтамасыз ету.


Шаруашылық түрлері
өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы

Экономика дегенміз?


Экономика (грек. oikonomia – шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада: өндіріс, тұтастай халық шаруашылығы, жалпы өндірістің әр саласы, қаражат- ақша айналысы, т.б. байланысты айтылады.
Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды.

Экономика – белгілі қоғамның даму сатысындағы өндірістік қарым қатынастарының, өндіріс әдістерінің жиынтығы.

  • Экономика – белгілі қоғамның даму сатысындағы өндірістік қарым қатынастарының, өндіріс әдістерінің жиынтығы.

Өндіріс әдістері қандай болуы мүмкін? Өз пікірлеріңізді аргументтеп, мысалдар келтіріп дәлелдеңіздер?
Дәстүрлі экономика (шаруашылық)
Нарықтық экономика (шаруашылық)

Қорытынды шығарыңыздар


Өнеркәсіп түрлері


өнеркәсіп
Өндіруші өнеркәсіп
өңдеуші өнеркәсіп
өнеркәсіп
А тобы- ауыр өнеркәсіп
В тобы- жеңіл өнеркәсіп

Өнеркәсіп

  • Өнеркәсіп – шикізатты өндіретін немесе оларды өндейтін халық шаруашылығының аса маңызды саласы. Өнеркәсіптің 2 түрі бар:
  • 1) өндіруші өнеркәсіп - жер қойнауынан пайдалы қазбаларды, кендерді өндіріп, ұқсату, немесе орман мен балық шаруашылығы;
  • 2) өңдеуші өнеркәсіп - зауыт-фабрикаларда кендерді байытып, дайын өнім шығарумен сипатталады.
  • Мысалдар келтіріңіздер.

Өнеркәсіп 2-ге бөлінеді

  • А тобы - ауыр өнеркәсіп: қара және түсті метал өндіру, кен өндіру,станоктар, өнеркәсіптік тракторлар,
  • В тобы- жеңіл өнеркәсіп: тігін өнеркәсібі, нан және тоқаш өнімдері, балық өнімдері, жиһаз өндіру жатады

Ауыл шаруашылығы -
Жер жырту, мәдени өсімдіктер мен малды өсірумен шұғылданатын экономиканың саласы-

Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнім көлемін көбейту.

  • Ауыл шаруашылығын экстенсивті жолмен дамыту – жаңа жерлерді игеру арқылы егіс көлемін үлкейту, мал басын көбейту, жаңа шаруашылықтар құру, ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің санын көбейту нәтижесінде ауыл шаруашылық өнім көлемін көбейту.

Интенсивті ауыл шаруашылығы ұғымына анықтама құрастырыңыздар
Ауыл шаруашылығын дамыту:
1.экстенсивті жолмен
2.интенсивті жолмен

Ауыл шаруашылығы түрлері


Ауыл шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы
егін шаруашылығы, жүзім шаруашылығы, орман шаруашылығы, шалғындық-жайылым, бау-бақша, гүл өсіру және жеміс (бақ) өсіру
Мал шаруашылығы
сиырқойешкіжылқы және түйе, құс, бал арасы, марал, бұғы шаруашылықтары
Балық аулау, аңшылық, омарта шаруашылығы

ресурстар

  • http://school.xvatit.com/index.p
  • http://sharua.kz/kz/pages/show/121
  • https://www.youtube.com/watch?v=WCKF2aiZS5U Выставка достижений израильских фермеров
  • https://www.youtube.com/watch?v Дойка коров в Израиле.mp4


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет