Ежелгі дүние тарихы жетістіктері мен қасіреттері тікелей адамзаттың одан арғы дамуын анықтаған көне өркениеттердің тарихы болып табылады


Македонияның Грецияны жаулап алуы



бет70/92
Дата08.09.2022
өлшемі442,2 Kb.
#38696
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92
Македонияның Грецияны жаулап алуы


Парсыларға қарсы жорыққа дайындық

Ежелгі Македония Грецияның солтүстігінде орналасқан, эллиндік әлемнің артта қалған бөлігі еді. Пелопоннесс соғысының басында Македония Парсы бағыныштылығынан азат болып, соғыс барысында патшалық біртіндеп күшейіп, Эгей теңізінің солтүстіктегі жағалауларын жаулап ала бастады. Македон мемлекеттілігінің аяқталуы ІІ Филипп кезінде б.д.д. 359-336 жылдары іске асты. ІІ Филипп өз державасының қуатын шарықтатты. Македон әскерінің құрылымына реформа жасап, тұрақты, соғысуға қабілетті әскер қалыптастырды, көрші Фракияны алтын және күміс шығатын территорияларымен жаулап алды. Бұл ақша реформасын жасауға мүмкіндік берді. Балканда жаулап алушылық саясатын бастады. ІІ Филипп бір жағынан талантты дипломат болды. Филипптің белсенді сыртқы саясаты, македон әскерінің артықшылығы, фалангасының күштілігі б.д.д. 357-340 жылдары маңызды нәтиже берді. Орталық және солтүстік Грецияның біршама территориясы Филиппке бағынды.


Кейбір грек саясаткерлері ІІ Филипп тұлғасынан гректерді біріктіретін, қырқысын тоқтататын, оларды Шығысқа жорыққа бастап баратын адамның бейнесін көрді. Осындай көзқарастағы грек құлиеленушілерінің идеологиялық жетекшісі – риторика мектебінің басшысы, афиналық публицист Исократ еді. Гректердің келесі тобы ІІ Филипптің антидемократиялық әрекеттерін айыптады, грек полистерінің басты жауы деп есептеді. Бұл топтың саяси жетекшісі Афинадағы демократиялық топтың көсемі, оратор және мемлекеттік қайраткер Демосфен болды. Оның ойынша өздерінің ішкі қиыншылығын тек гректер ғана шеше алады және Афина басшылығымен Македон патшалығының экспансиясына қарсы тұруға болады деп есептеді.
Екі топтың ортақ шешімі – әлсіреген Ахеменидтік державаны жаулап алу Элладаның жағдайын тұрақтандырып, жаңа жерлер мен байлық алып келер еді, - деген пікір болды. Осындай саяси күрес барысында Демосфен басқарған топ жеңіске жетті. Грек полистерінің басым бөлігі өз еркіндігі мен автономиясының құнымен Элладаның бірігуін іске асырғысы келген жоқ. Сондықтан Демосфен мен Афина елшілігінің күшімен македондықтарға қарсы Афина мен Фиваның одағы қалыптастырылды. Фива – маңыздылығы жағынан Грециядағы екінші полис болатын.
Бұл шешім ІІ Филиппті таңдандырған жоқ. Б.д.д. 338 жылы мықты үйретілген әскері мен салтатты әскерінің басымдылығын пайдаланып Херонея қаласының түбінде афиналықтар мен фивалықтардың біріккен әскерін талқандады. Грек полистерінің бостандығының тағдыры осылай шешілді. ІІ Филипп Греция азаматтарының арасындағы демократиялық басымдылықтарды бағалай отырып, өз жеңісін бүкіл Элладаға қажетті игілікті іс ретінде көрсетті. Соғыстан кейін Македон патшасы Коринфтің жетекшілігімен жалпы Эллиндік конгресс шақырылды. Оған спартандықтардан басқа барлық гректер қатысты.
Коринф Конгресінің шешімімен Грецияда жалпы бейбітшілік орнату жоспарланды, грек полистерінің еркіндігі, автономиясы жарияланды. Осымен қатар панэллиндік Коринф Одағы құрылатыны жарияланды да, осы одақтың атынан Персияға қарсы соғыс ашылды. Коринф Лигасының әскербасшысы ІІ Филипп болып жарияланды, формальді түрде Македония бұл одаққа кірген жоқ. Конгресс барысындағы «тәртіп», «демократия» Македон әскерінің күшімен қалыптастырылды. Тек Спарта Коринф Конгресінің шешімін заңсыз деп тапты, Панэллиндк Лиганың Македондық жетекшісі Филиппті мойындамады.
Осы уақытта Греция мен Ахеменидтердің парсы державасы арасындағы қайшылық өрістей түсті. Б.д.д. 336 жылы бұл қайшылық өзінің шарықтау шегіне жетті, ІІ Филипп Кіші Азияға парсы үстемдігінен грек қалаларын азат ету үшін әскер жіберді. Парсы патшасы ІІІ Дарийге қарсы ұйымдастырылған қимылдар ІІ Филипптің өлімімен тоқтап қалды. Осыдан кейін македон патшасының тағына оның 20 жасар ұлы Александр отырды.
Қалыптасқан жағдайды пайдаланып, Грециядағы македонияға қарсы күштер Фивамен біріге келе, көтеріліске шықты. Өзгелердің таңданысына орай, жас Александар өз уақытында, шешуші түрде, дәл қимылдады. Македон әскерінің күшімен ол көтерлісшілерді аяусыз жазалады. Фива талқандалды, тірі қалғандарын балаларымен бірге құлдыққа сатып жіберді. Александр Персияға жорықты екі жылға шегндірді. Македон әскерінің күшінен қорыққан гректер Александрды Коринф Лигасының стратег-автократы етіп тағайындады. Әкесіне берліген біріккен грек және македон әскеріне қолбасшылық Александрге көшті.
Парсылар өз әскері мен материалдық игілігі жағынан македондықтар мен гректерден басым еді. Дегенмен, біріккен Коринф Лигасының әскерінің күші де парсылардан кем емес еді. Ең күшті флотты иеленген Афиналықтардың сенімсіздігі, Эллада полистерінің арасындағы македондықтарға қарсы көңіл-күй, Коринф Лигасына бірігудің күшпен жүзеге асуы Александрды тек македон әскеріне сүйенуге мәжбүрледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет