Экспериментті лингвистика : Ұлттық тіл, мемлекеттік немесе ресми тіл


Ұлттық-тілдік идеологияның типтері



бет2/2
Дата27.11.2022
өлшемі22,04 Kb.
#52953
түріДиплом
1   2
.Ұлттық-тілдік идеологияның типтері. Ұлттық-тілдік саясат белгілі бір теориялық және идеологиялық негіздемелерге сүйенеді. Мемлекет, қоғамдық кластар мен жіктер, партиялар мен әр түрлі қозғалыстар ұлттық мәселе бойынша белгілі бір тұжырымдамаға, яғни өз түсініктерінде халық, ұлт, ұлыс дегендер кімдер, халықпен (этноспен) тіл, дін, мәдениет, мемлекет қалай байланысқан; мәдениетте, саясатта, идеологияда этникалық және жалпыадамилық, ұлттық, дінге сенушілік қалай сипатталады, халақтардың өзара қарым-қатынасындағы әділдік пен алға ұмтылушылықтың (прогресс) мәні не дегендерге сүйенеді.Гуманитарлық сараптамалық тұрғыдан ұлттық мәселе бойынша әлемдік қауымдастық белгілі бір басымдылықтар, бағытбағдарларға негізделген шарттар жасаған. Бұл шарттар БҰҰ құжаттарында анық көрсетілген. Айталық, «Адам құқығының баршаға ортақ декларациясы (1948) мен «Адам құқығы туралы Халықаралық биллге (1966) сәйкес этнос пен мемлекет құқығына қарағанда адам құқығы жоғары басымдылыққа ие. Этнос құқығы этносты құрайтын адамдар құқығы арқылы жүзеге асады, ал мемлекет этникалық белгілеріне қарамастан барлық азаматтар құқығын қамтамасыз етуі керек.
Мемлекеттік тіл: мәні мен қызметі «Мемлекеттік тіл» ұғымы жаңадан пайда болған түсінік емес, ол – күллі әлемдегі елдерде ғасырлар бойында қолданылып келе жатқан бұрыннан бар ұғым. Мемлекеттік тіл – кез келген мемлекет үшін қажетті құбылыс. Демек, қандай да бір мемлекеттің өзіне қызмет ететін нгізгі тілі болуы заңды құбылыс.Егемендікке қол жеткен, дамудың жаңа жолына түскен қандай да бір үлкенді-кішілі мемлекет алдымен өзіндік ішкі сыртқы саясатын айқындап алатыны белгілі. Бұл мәселе осы екі саясатта үш үрлі көрініс береді.Біріншіден, мемлекеттің сыртқы саясатында шет елдермен қарым-қатынаста қолданылатын тіл ресми белгіленеді. Екіншіден, көптілділік жағдайында мемлекеттің ішкі саясат жүйесінде тұрақты тіл саясаты белгіленіп, онда тілдердің мәртебелері мен қолданылу аялары айқындалады. Үшіншіден, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясаттары сол мемлекет халқының ортақ негізгі тілінде түзіле отырып, жұртшылыққа баянды етіледі. Олай болса, мемлекеттік тіл алдымен «билік тілі» өйткені мемлекет – басқарудың институты мен тетігі (механизмі) десек, мемлекеттік тіл – басқарудың институттанған тілі, биліктің өмір сүру тілі. Сан алуан тілде сөйлейтін адамдардың өз ана тілін және өзге тілдерді меңгеру мүддесін қорғау міндетіне жауап беру үшін билік пен тіл тұтастыққа бірігеді. Біріншісі екіншісіне көмектеседі, екіншінің көмегімен біріншісі қосымша күшке ие болады. Мемлекеттік тілді білудің әлеуметтік қажеттілігі табиғи түрде жүзеге асқанда одан ұтатын тек мемлекет қана емес, сол мемлекеттің әрбір азаматы болмақ. Мемлекеттік тіл – көптілді, сондай-ақ біртілді қоғамның өзі айналып өте алмайтын аса қажетті құылыс. Ол жоғарыда айтып өткеніміздей, әрбір мемлекеттің саяси құрылымына, өзіндік ұстанған ішкі, сыртқы саяси бағыттарына байланысты әрқалай сипатталады. Мәселен, Франция, Испания, Шри-Ланка, Пакистан, Малайзия, Судан, Қытай сияқты елдерде мемлекеттік тіл – оны жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті түрде білуге тиісті тіл болса, Индонезия, Филиппинда мемлекеттік тіл көпұлтты елдің түрлі халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың тиімді құралы деп анықталады. Кейбір елдерде мемлекеттік тіл сол елдің лингвистикалық бірлігін білдіреді. Мысалы, Қытайда тіл тұтастығы – ел тұтастығы деп ұғынылады, путунхуа талабынан ауытқу ұлттық бірлікті бұзу болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттік тіл кейбір елдерде (Мысалы Пакистанда) қарсы шығуға болмайтын тіл, оған қарсы әрекет ету мемлекетке қарсы шығу деп бағаланады. Енді бір елдерде екінші бір тілді мемлекеттік деп тану ол елдің халқын екіге жаруға әрекет ету деп бағаланады. Сол сияқты бірқатар елдерде мемлекеттік тіл – мәртебесін талқыға салуға Конституция бойынша барлық деңгейде тыйым салынған тіл. (Қараңыз: Хасанұлы «Ана тілі – ата мұра»).Тағы бір елдерде мемлекеттік тіл ретінде сол мемлекеттегі этностардың біреуінің кейде бірнешеуінің тілдері қолданылуы да ұшырасады. Мысалы, Канаданың Квебек провинциясында мемлекеттік тіл болып тек бір ғана тіл француз тілі жарияланса, Канаданың өзінде мемлекеттік тіл ретінде ағылшын, француз тілдері қолданылады. Ал енді бір елдерде ресми түрде көпұлтты елдегі ешбір этностың тілі мемлекеттік тіл ретінде көрсетілмеуі де кездеседі. Мұндай жағдай Америка Құрама Штаттарында орын алған. Сондай-ақ кешегі Кеңестер Одағында да орыс тілі ешқандай заңдылық актілерінсіз-ақ мемлекеттік тіл, ұлтаралық қарымқатынас тілі ретінде қызмет еткені белгілі.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды негізге алар болсақ, «мемлекеттік тіл» ұғымының мәнін былайша түсіндіруге болады:
1.Қандай да тіл болмасын, егер ол мемлекеттік тіл болып (бір өзі) жарияланса, ол сол елдің негізгі тілі. Сондықтан да ол тіл әкімшілік басқару органдарының қызмет бабында қолданылуы шарт. Сондай-ақ ол ресми құжаттарда, өндіріс, халық ағарту, заң, құқық қорғау органдары сияқты сан алуан қоғамдық өмірдің маңызды салаларында алдымен пайдаланылады.
2.Мемлекеттік тіл – оның жариялаған ел азаматтарының барлығы міндетті түрде білуге тиісті тіл.
3.Мемлекеттік тіл – Ту мен Елтаңба сияқты мемлекеттің рәмізі (символы).
4.Мемлеттік тіл – көпұлтты елдің күллі халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың тиімді құралы.
5.Мемлекеттік тіл елдің лингвистикалық тұтастығын, бірлігін көрсетеді.
6.Мемлекеттік тіл – мемлекет қамқорлығына алынған тіл. Оған қарсы шығу, қарсы әрекет ету мемлекетке қарсы шығу деп бағаланады.
7.Мемлекеттік тіл екінші бір тілді мемлекеттік тіл деп танумен сыйыспайды және ол елдің халқын екіге жаруға әрекет ету болып табылады.
Мемлекеттік тілдің осы көпшілікке танымал анықтамаларын және түрлі елдердегі осындай көріністерін негізге алғанда алдымен мынадай мәселелердің басын ашып алу қажет:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет